• Басты
  • Көпбалалы отбасыларға қолдау көрсетеміз - ШҚО әкімінің орынбасары
14 Наурыз, 2019 15:52

Көпбалалы отбасыларға қолдау көрсетеміз - ШҚО әкімінің орынбасары

Шығыс Қазақстан облысында көпбалалы отбасынан шыққан балалар тегін мектеп формасын, жазғы лагерьге жолдама, мектепке дейінгі, техникалық және кәсіптік білім алады.

Көпбалалы отбасыларға қолдау көрсетеміз - ШҚО әкімінің орынбасары | Strategy2050.kz

Облыс әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпованың төрағалығымен, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссияның отырысында, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды қолдау жөніндегі шаралар туралы баяндалды. Кездесу облыстың барлық аудандары мен қалалары үшін селекторлық режимде өтті.

Жаңа оқу жылында, жалпы білім беру қорының қаражаты есебінен білім ордалары мектеп формасын сатып алады. Осылайша,  көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан 33 582 оқушыға тегін мектеп формасы беріледі. Осы мақсатта облыстық бюджеттен қосымша 500 млн. теңге бөлінеді.

Сонымен қатар, ата-аналардың өтініштерін ескере отырып, жергілікті бюджет қаржыландыратын мектеп формасының үлгісі таңдалды. Бұл күнделікті, қысқы және спорттық форма, күртелер мен аяқ киім. Аталған отбасылардың әр баласына ата-анасының таңдауымен тек бір ғана киім беріледі. 

Білім алуда ерекше қажеттіліктері бар және көпбалалы отбасынан шыққан балаларға мектепке дейінгі мекемелер тегін.  Бұған дейін жергілікті бюджет балабақшадағы білім беру қызметін ғана қаржыландырып отырған. Ал енді бүлдіршіндер тегін тамақтанады. Осы мақсатта қосымша 266,4 млн. теңге бөлінеді. Көпбалалы отбасылардан шыққын студенттер колледждерде тегін білім алады.

Білім басқармасы көпбалалы отбасынан, аз қамтылған, жетім және ата –анасының қамқорлығынсыз қалған 9-11 сынып оқушыларының санын анықтады. Олар еңбек нарығында сұранысқа мамандықтар бойынша ТжКБ жүйесінде тегін оқытылады.

-"2019-2020 оқу жылына студенттерді қабылдауға 7 930  орын беріледі. Ол үшін 5,4 млрд. теңге жұмсалады. Сондай-ақ, аудандардағы оқушыларға кәсіптік бағдарлау жұмысын жүргізіп, қажетті мамандықты таңдауға мүмкіндік беру керек", - дейді облыс әкімінің орынбасары Асем Нүсіпова.

Сонымен қатар, жиналыста жақында өтетін мәслихаттың кезекті сессиясында көпбалалы отбасыларға қолдау көрсету шараларымен қоса, колледждерді жабдықтауға байланысты үш жылдық бағдарлама да қолдау табады. Бұл үшін 7 млрд. теңге бөлу жоспарланып отыр.

 -"Биыл қалалар мен аудандардың бюджеттерінен 280 151 мың теңге қаражат бөлінді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 20 пайызға артық. Аталған отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі балалар жазғы демалыспен міндетті түрде қамтылады", - деді облыстық білім басқармасының басшысы Сайрангүл Жұмаділова.

Облыстағы көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушылар жазғы демалысқа барады. 2018-2019 оқу жылындағы 1-10 сынып оқушыларының саны 176 244 адамды құрайды. Биыл облыста 990 сауықтыру лагері жұмыс істейді.

Данияр Оралов 

 

Оқи отырыңыз:

Елбасы ШҚО-да бекіре тұқымдас балық өсіруге маманданған кәсіпорынға барды

Ирандық инвестор Шығыс Қазақстанда ет өңдеу зауытын салады

Алдыңғы қатарлы білім беру жүйесін құру маңызды – ШҚО белсенділері

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды