- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен Қатар ынтымақтастығы талқыланды
Қазақстан мен Қатар ынтымақтастығы талқыланды
Қос тараптың алғашқы кездесуінде елдер арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытудың маңызды мәселелері талқыланды. Н. Нығматулин Қатар Қазақстанның маңызды серіктесі екенін алға тарта келіп, әріптестікті одан әрі белсенді түрде тереңдету қажеттілігіне тоқталды. Екі ел арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнаған 26 жыл ішінде, Қазақстан мен Қатар көп бағытты әріптестікті нығайтуда жоғары табыстарға қол жеткізді.
Тараптардың айтуынша, ол екі мемлекет басшыларының өзара түсіністік пен достық ниетке негізделген тиімді жұмыстарының нәтижесі .
Мәжіліс Төрағасының пікірінше, Қазақстан мен Қатардың сауда-экономикалық әлеуеті өте зор. Осыған орай, Н. Нығматулин Қатар кәсіпкерлерін Қазақстандағы қаржы саласы, ауыл шаруашылығы, көлік-логистикалық, туристік инфақұрылымдарды дамыту бойынша инвестициялық жобаларға қатысуға шақырды.
Өз кезегінде Ахмед бен Әли Әл-Тамими мырза, Қатар Әмірі Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың әрбір бастамасына аса құрметпен қарайтындығын және екі ел арасындағы қатынасты дамытуға әрқашанда ынталы екенін жеткізді. Сондай-ақ, Қатар мемлекеті саяси, экономикалық басқа да бағыттарда қолдау көрсете отырып, қос мемлекетке тиімді жобалардың барлығына қатысуға дайын екендігін білдірді.
Одан әрі кездесу иелері халықаралық және парламентаралық ынтымақтастық жайын сөз етті. Палата Спикері екіжақты қарым-қатынасты нығайтуда парламентаралық ықпалдастықтың рөлі зор екенін айтып ынтымақтастық жөніндегі топтар мен бейінді комитеттер арқылы өзара сапарлар практикасын енгізу қажеттігін, ол заңнама саласында жан-жақты тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретініне тоқталды.
Кездесу барысында Мәжіліс Төрағасы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың еуразиялық идеясына 25 жыл толуына орай Астанада өтетін Еуразия елдері парламенттері төрағаларының төртінші кеңесіне де баса назар аударды
Оқи отырыңыз:
Ян Аарт Шольте: Дүниежүзі байлығының 50 % адамдардың 1 % өз бақылауында ұстап отыр
Елорданың басты ғимараттары (ФОТОШОЛУ)
Қатар бір павильонда өткен шақ пен болашақты біріктірді
Сыртқы істер министрі Қатармен ынтымақтастықтың едәуір әлеуетін атап өтті
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды