- Басты
- Жаңалықтар
- Индустрия 4.0: Қазақстандық компаниялар әлемдік цифрландыру трендтерін енгізеді
Индустрия 4.0: Қазақстандық компаниялар әлемдік цифрландыру трендтерін енгізеді
Arcelor Mittal, Қазмырыш Холдинг, Chemtech сынды тағы да басқа Қазақстанның өнеркәсіп саласы көшбасшыларының трансформация жөніндегі департамент басшылары өнеркәсіпті сандыққа көшірумен байланысты әлемдік трендтерді ортаға салып, өндірістік үдерістерді ұйымдастыруға арналған цифрлық технологияларды ендіру тәжірибесімен бөлісті.
«Соңғы жылдары цифрлық трансформация дәуірі қарқынмен дамып келеді. Көптеген ұйымдар бүгінгі күні дәстүрлі бизнес үлгілерінің өзгеруін бастан өткеріп, цифрлық технологиялар көмегімен тұрақты бәсекелі артықшылықтарды құру жолына қадам басып жатыр. Қазақстан Республикасының 2050 жылға дейін ең дамыған 30 мемлекет қатарына қосылу мен «Цифрлық Қазақстан» стратегиясын басты басымдық тұтып отырғандығын ескеретін болсақ, ақпараттық жүйелер жұмыс қағидасының трансформациядан өтіп жатқандығы ерекше маңызға ие болып отыр. Microsoft-тың қолданыстағы платформаларының кең мүмкіндіктері, соңғы технологиялық бағыттарды қолдана отырып шешімдердің ұдайы дамуы арқасында қызметкерлердің мүмкіндіктерін кеңейту, клиенттерді тарту, операцияларды оңтайландыру және өнімдерді қайта өзгерту бағытындағы жұмысты қарқынды дамытуға болады», - деп атап өтті Майкрософт Қазақстанның серіктестер арнасын дамыту жөніндегі менеджері Наталья Матасова.

Сондай-ақ, Н.Матасова қазақстандық компаниялардың көптеген бөлігі қазіргі таңда танымал жүйе бұлт технологиясын қолданатынын айтты.
«Бұл жобалар көп қаржыны тиімді етіп, табысты жұмыс істеуге септігін тигізеді. Бұлтты технологиялардың бағасы қолжетімді. Олар қолданыста бейімделуге жақын,дәстүрлі тәсілдерге қарағанда әлдеқайда ыңғайлы. Бұрындары темір серверлер уақыт пен қаржы және адами ресурстардың көп күшін қажет ететін. Бұлт технологиясы ол –сервис. Ал, сервис үнемі дамуды, бейімделуді, жаңаруды қажет етеді. Осылайша, бір шешімнен екінші тәсілге көшкенше, бұлтты технология таптырмас жүйе болып отыр», - деді Н.Матасова.
Өз кезегінде «ArcelorMittal Temirtau» компаниясында цифрлық трансформация қалай жүзеге асырылып жатқаны туралы компанияның қаржылық директорының орынбасары Нестор Комарницкий айтып берді.
«Компанияда цифрлық шешімдер белсенді жүзеге асырылуда. Осы жылдан бастап шахталардың бірінде персоналды басқару жүйесі енгізіледі. Сондай-ақ, комбинатқа кіргізуді бақылау қазір адамның бет-жүзін тану бойынша жүзеге асырылып жатыр. Зерттеу жұмыстары да белсенді жүргізілуде. Ол бойынша бірқатар пилоттық жобаларды сынақтан өткізіп жатырмыз», - деді Нестор Комарницкий .
Сондай-ақ, Н. Комарницкий ArcelorMittal компаниясы адамдармен жұмыс істегендіктен қауіпсіздік шараларына ерекше көңіл бөлетінін жеткізді.

«Компанияның басты қағидаттарының бірі – қауіпсіздік техникасы. Arcelor Mittal ақпараттық технологияларды көп жылдардан бері қолданып келеді. Ол кезеңдеп енгізілуде. Компанияда жалпы саны 20 мыңнан астам қызметкер жұмыс істейді. 4 мыңнан астам автоматтандырылған жұмыс орны бар. Кей қызметтер компьютерленбеген, тікелей адамның жұмыс істегенін қажет етсе, кей қызмет қажет етпейді. Сондықтан, компания орташа есеппен 25-30 пайызға цифрланған деп айтуға болады. Кәсіпорын цифрландыру жолында және ол толықтай цифрланып болғанша, кем дегенде 20-25 жыл уақыт өтеді деп ойлаймын. Алдымен, цифрландыру бизнеске не беретінін түсініп, еңбек өнімділігін арттырып, қауіпсіздік техникасын жақсарту бойынша жұмыс жасау керегін түсіну керек», - деді ол.
Сонымен қатар, ол цифрландыру кезеңінде кадр тапшылығы да туындап жатқанын айтты.
«Қазір өңірлерден Астанаға кадрлардың көшуі белең алып жатқандықтан, аймақтарда жаңа технологияларды меңгерген кадр тапшылығы сезіледі», - деді ол.
Сондай-ақ, конференция кезінде өндіруші және қайта өңдеуші саланың басты сарапшылары «Индустрия 4.0» стратегиясының басты технология дамыту бағыттары жайлы ойларымен бөлісіп, жүзеге асырылған жобалары және трансформацияны ары қарай жүзеге асыру жоспарлары жайлы әңгімеледі.
Атап айтқанда, барынша кіріске қол жеткізу үшін өндірістік үдеріс тиімділігін көтерудің цифрлық тәсілдерімен, кәсіпорынды басқарудың цифрлік үдерістері көмегімен шығындарды қысқарту әдістерін қолдану тәжірибесімен бөлісіп, өндірістік қауіпсіздік жүйесін жақсартуға арналған цифрлық технологияларды қолдану жайлы сөз тарқатты. Сондай-ақ, Қазақстан экономикасының жетекші индустриялық секторында робот техникасын қолдану мысалында жасанды интеллект мүмкіндіктерімен таныстырды.
Айта кетейік, шараға қатысушылар және журналистер конференция серіктес-қатысушыларының индустриялық шешімдерінің шағын көрмесіне қатысып, нақты уақыт режімінде өнеркәсіптік технологиялардың демо-нұсқаларымен танысуға мүмкіндік алды.
Аягөз Құрмаш
Оқи отырыңыз:
Цифрлық Қазақстан: Адам ба, әлде, робот па?
«Астана Хаб» қазіргі инновациялық экожүйенің өзегіне айналуы тиіс – Н.Назарбаев
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Цифрландыру: Елімізде IT-индустриясы қалай дамып жатыр -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Білім беру саласын цифрландырудың маңызы -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
«Ақын» фильмінің әлемдік тұсаукесері Токиода өтеді -
Индустрияландыру картасы шеңберінде қандай жобалар жүзеге асып жатыр -
А.Балаева: «Astana Media Week» - әлемдік медиа мамандарын біріктіретін жоба -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді