- Басты
- Жаңалықтар
- Ташкентте Қазақстан-Өзбекстан бизнес форумы өтті
Ташкентте Қазақстан-Өзбекстан бизнес форумы өтті
Іс-шараның жұмысына мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың және екі елдің іскер топтарының 200 астам өкілдері қатысты.
Өз сөзінде Е.Көшербаев Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды одан әрі дамыту үшін сауданы ұлғайту, инвестициялық ынтымақтастықты жандандыру және көлік-логистикалық ынтымақтастықты дамыту үш негізгі бағыт болып табылатынын атап өтті.
Сондай-ақ, отырыс шеңберінде Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері мен экспорттық әлеуеті туралы, екі бауырлас елдің сауда-экономикалық әріптестігін одан әрі дамытуға бағытталған бірлескен ынтымақтастық пен перспективалар туралы баяндалды.

Бизнес-форум аясында Қазақстан және Өзбекстан кәсіпкерлері арасында B2B форматында екі жақты кездесулер өткізілді, оның шеңберінде агроөнеркәсіптік кешен, жеңіл және азық-түлік өнеркәсібі, құрылыс, химия саласы, машина жасау және т.б. салалардағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Бизнес-форум Қазақстан Сыртқы істер министрі, «Атамекен» ҚР ҰКП және Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы мен Өзбекстанның сауда-өнеркәсіп палатасының ұйымдастыруымен өткізілді.
Естеріңізге сала кетсек, 2018 жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 2,488 млрд. АҚШ долларын құрады. Бұл көрсеткіш 2017 жылмен салыстырғанда 25,3% жоғары. Қазақстаннан экспорт 31,6% өсіп, 1,643 млн. долларын құраса, Өзбекстаннан импорт 14,8% өсіп, 845 млн. долларын құрады.
ҚР СІМ Баспасөз қызметі
Оқи отырыңыз:
Н.Назарбаев: Орталық Азияның халықаралық су-энергетикалық консорциумын құру маңызды
Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан президентін құттықтады
Қазақстан мен Өзбекстан: өзара тиімді әріптестіктің жаңа кезеңі
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді