- Басты
- Баспана Хит: ақиқат пен аңыз
Баспана Хит: ақиқат пен аңыз

Отырысты ҚР Парламенті Сенатының құрамындағы 6 комитеттің бірі - Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Перепечина Ольга Валентиновна ашып берді. Дөңгелек үстелге қатысқан сенаторлардың барлығы да осы комитеттің өкілдері. Олар - Ерболат Мұқаев, Нұрлан Қылышбаев, Ғұмар Дүйсембаев, Әли Бектаев, Сергей Плотников және Бақтыбай Шелпеков.
Барлығының да «7-20-25» бағдарламасының іске асу барысына көңілдері толыңқырамай отырғаны бірден аңғарылды. Көкейде сұрақ көп болғандықтан осы салаға жауапты мекеме өкілдерінің баяндамалары тыңдалды. Кезек-кезегімен сөз алғандар тізімі төмендегідей.
ҚР Ұлттық Банкі – Банктерді қадағалау департаментінің директоры Сәлімбаев Дәурен Ниязбекұлы,
«Баспана» ипотекалық ұйымы АҚ Басқарма Төрағасы Алтынбеков Қайрат Төреқұлұлы,
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі – Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Қашақов Бақытжан Аманжолұлы,
Астана қаласының құрылыс және тұрғын үй саясаты басқармасының басшысы Ахметов Руслан Аманжолұлы,
Шымкент қаласының тұрғын үй инспекциясы басқармасының бастығы Марат Оразәлі,
«Ақтөбе облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ басқарма басшысы Иманәлин Нұрлан Жұмашұлы.
Бар бәле банктерде ме?
Шымкент қаласының әкімдігі үйсіз-күйсіз жүргендерді жарылқаймыз деп жыл басынан бері 20 адамға 1 миллион теңгенің сертификаттарын үлестірген екен.
Олардың ішінде бұрыннан бері үйдің кезегінде тұрған мұғалімдер мен дәрігерлер, басқа да аз қамтылған жандар бар. Алайда, әкімдік берген 1 миллион теңге «7-20-25» бағдарламасы арқылы берілетін баспананың алғашқы 20 % жарнасын төлеуге де жетпей қалған. Сөйтіп, 20 адамның 18 банк табысыңыз талапқа сай келмейді деп қайтарып жіберген. 2 бөлмелі баспананың 20 % алғашқы жарнасының өзі бүгінгі таңда еліміз бойынша 2 – 2,5 млн теңге. Екеулеп жұмыс істегеннің өзінде 140-150 мың теңге алатын отбасылар әкімдіктен 1 млн теңгенің сертификатын алған күннің өзінде, қалған 1-1,5 млн ақшаны қайдан тапсын?
Егер жанұяда 2-3 бала болса, банк ерлі-зайыптылардың еңбекақысын жан басына шағып, тағы да табысыңыз сай келмейді деп қайтарады екен. Олардың талабына сай болу үшін, 2 адам жұмыс істеп отбасында бір бала болған күнде табыс көлемі 195 мыңнан кем болмауы тиіс.
Бұдан шығатын қорытынды – «7-20-25» бағдарламасы нарықтағы пайыздық көрсеткіші ең төмен, ең қолайлы деп есептелгенімен, халыққа тиімсіз әрі қолжетімсіз болып отыр. Айдағаным бес ешкі ысқырығым жер жарады демекші, жарнамасы атойлап тұрғанымен, бұл бағдарлама тек табысы жақсы отбасыларға ғана ыңғайлы. Мұны дөңгелек үстелге қатысқан сенаторлар қынжыла айтты.
Банктер әр адамның несие тарихына көңіл бөледі. Ал бүгінгі күні кредитке жолап кеткендердің 80 пайызының несие тарихы көңіл көншітерлік емес болып шыққан. Және әр банктің талабы әртүрлі. Оларды бір ізге салу мәселесі ҚР Ұлттық банкіне тапсырылды.
Сонымен қатар, сенаторлар бюджет қызметкерерінің баспанаға деген қажеттілігін қанағаттандыру үшін өз алдына жеке бағдарлама қажет дейді.
Елбасы тапсырмасы қалай орындалады?
Президенттің «Нұр-Отан» партиясының 18 съезінде берген тапсырмасына сәйкес, атқарушы билік көпбалалы отбасыларды баспанамен қамтуы тиіс.
«Жастар жылы» аясында жас отбасыларға да көмек қолын созуы қажет.
Бір ғана Шымкентте 3585 көпбалалы отбасы бар. Алматыда бұл көрсеткіш үш есе аз. 1286 жанұя тіркеуде тұр. Демек, әр өңірде жағдай әр түрлі.
Оның үстіне, жеке құрылыс компаниялары салып жатқан пәтерлердің 80 пайызы үлескерлерге тиесілі. Яғни, бой көтеріп жатқан тұрғын үйлер 7-20-25 бағдарламасының сұранысын қамтамасыз ете алмайды.
«7-20-25» бағдарламасының дамуына кедергі келтіретін негізгі мәселе еліміздегі жаңа тұрғын үйлердің жетіспеушілігі. Бұл проблема әсіресе, ел аймақтарында сезіліп отыр. 2019 жылы қажет болатын пәтер 16 мыңға жуық. Ал несие беруге келетін болсақ, 2019 жылдың 12 наурызына дейін жалпы сомасы 117,7 млрд.теңгеге 10 321 өтініш түсті. Олардың ішінде банктер шамамен 70 млрд. теңге болатын 5 983 өтінішті мақұлдады. Қазіргі уақытта бағдарламаға еліміздің барлық аймақтарын қамтитын екінші деңгейлі 8 ірі банк қатысуда», - дейді «Баспана» ипотекалық ұйымы» АҚ басқармасының төрағасы.
Қайрат Алтынбеков «7-20-25» бағдарламасы бойынша берілген ипотекалық тұрғын үй қарыздарын талдау деректерін келтірді. Несиенің орташа сомасы 11,7 млн. теңгені, мерзімі 19,9 жылды құрайды. Қарыз алушылардың ең үлкен санаты - теңге несиесі бойынша ай сайын 60-80 мың төлейтін, жалпы соманың 22% болады. Қарыз алушылардың 21% 80-100 мың теңге төлейді. Осылайша, қарыз алушылардың шамамен 60% ай сайынғы төлемі 100 мың теңгеден аспайды-мыс.
Ұлттық банк өкілі екінші нарықта жылжымайтын мүлік сатып алуға несие алуға мүмкіндік беретін «Баспана Хит» ипотекалық бағдарламасының ерекшеліктері туралы да әңгімелеп берді. Алайда, өңірлерден оралған сенаторлар мен дөңгелек үстелге қатысқан Шымкент, Ақтөбе әкімдіктерінің өкілдері «Баспана Хит» бағдарламасының атына заты сай емес екендігін ашық айтты. Ұлттық банк өкілі болса, ақша бөлінген, бәрі ойдағыдай жұмыс істеп тұр дейді.
«2019 жылдың басында ипотекалық тұрғын үй несиелерінің көлемі 202 млрд. теңгеге (17,9%) ұлғайып, 1,3 трлн. теңгені құрады. 2018 жылы ипотекалық тұрғын үй қарызының көлемі бір жылда 168 млрд. теңгеге (47%) ұлғайып, 525 млрд. теңгені құрады. Жалпы алғанда, «Тұрғын үй құрылысы жинақ банкінің» қарызы 360 млрд теңге (69%), басқа банктердің несиелері 165 млрд.теңге (31%) болды. Ұлттық банктің деректері бойынша банктердің ипотекалық несие беру көлемі бір жыл ішінде (Тұрғын үй құрылысы жинақ банкісін есептемегенде) 2,5 есеге (98 млрд. теңгеге) ұлғайды», - дейді ҚР Ұлттық Банкі - Қаржы нарығының әдістемесі департаменті директоры.
Дәурен Сәлімбаев «7-20-25» бағдарламасының іске қосылуы және қосымша шаралар ипотека нарығының жағдайын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік бергенін, соның арқасында мыңдаған азаматтар өздеріне тұрғын үй сатып алғанын атап өтті.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Бақытжан Қашақов елімізде жүзеге асып жатқан тұрғын үй және ипотекалық бағдарламалардың ерекшеліктеріне тоқталды.
«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы 2018 жылдың қорытындысы бойынша 113 мың отбасының өмір сүру жағдайын жақсартуға мүмкіндік берді, бұл 2017 жылғы деңгейден 12,8% жоғары. Әкімдіктер осы бағдарлама бойынша бір адамға 100 мың теңге болатын тұрақты табыстары бар әлеуметтік сала мен бюджеттік ұйымдар қызметкерлеріне несиеге берілетін тұрғын үй салуда».
Бақытжан Қашақовтың айтуынша, «7-20-25» бағдарламасы жұмыс істейтін адамға тұрақты табысы 150 мың теңгеден асатын төлем қабілеті бар халықты қамтиды. Олар 25 миллион теңгеге дейінгі жаңа тұрғын үйді таңдай алады.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мұғалімдерге, дәрігерлерге, полиция қызметкерлері және аймақтардағы сұранысқа ие басқа да мамандарға тұрғын үй сертификаттарын беру тетігін енгізу мақсатында тұрғын үй қатынастары туралы заңнамаға түзетулер енгізілмек. Сертификаттарды беру бастапқы жарнаны жабу үшін 1 миллион теңгеге дейінгі бюджеттік несие түрінде әлеуметтік көмек немесе әлеуметтік қолдау көрсетіледі.
«7-20-25» бағдарламасын жүзеге асырудағы өз аймақтарындағы проблемалары туралы Ақтөбе облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының бастығы Нұрлан Иманалин, Шымкент қаласының тұрғын үй инспекциясы басқармасының бастығы Марат Оразалы хабардар етті.
Сенат депутаттары жас отбасыларға ипотекалық несие берудің қолжетімділігі мен екінші нарықтағы тұрғын үйді сатып алуға ипотекалық несие беру мүмкіндіктерін кеңейту керектігін жеткізді. Ол үшін жоғарыда айтылған барлық жауапты мемлекеттік мекемелер «7-20-25» бағдарламасының қағидаларын қайта қарап, «Баспана Хит» бағдарламасының аймақтарда іске асуының тиімділігін қамтамасыз етуі тиіс. Себебі, көптеген механизмдердің дұрыс ойластырылмағаны себебінен, Елбасы тапсырмасының сапалы орындалуы сұрақ тудыртып отыр. Ал бұл өз кезегінде әлеуметтік толқуларға әкеліп соғуы мүмкін.
Қаржы және бюджет комитеті өткен жылдың қазан айында осы мәселе бойынша мүдделі органдармен кездесу өткізген. Депутаттар Шығыс Қазақстан облысындағы көшпелі отырыс кезінде де «7-20-25» бағдарламасының жүзеге асу барысымен танысқан. Ольга Перепечинаның айтуынша, «7-20-25» бағдарламасына байланысты шешімін талап ететін маңызды мәселелер дереу реттеліп, ҚР Президенті Н.Назарбаевтың тапсырмалары өмір шындығына айнауы тиіс.
Данияр Оралов
Оқи отырыңыз:
"7-20-25" бағдарламасы бойынша баспана алудың 5 қадамы
«7-20-25» бағдарламасы: «Нұрлы жер» арқылы қолжетімді баспананы қалай сатып алуға болады?
-
ҚР ІІМ Бірінші жемқорлыққа қарсы медиа орталықпен бірігіп жұмыс істейді
Халықаралық жемқорлыққа қарсы күрес күні, ІІМ-де Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев «Бірінші жемқорлыққа қарсы медиа орталық» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Төлеген Байғұловпен кездесті. Кездесу барысында Өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
09 Желтоқсан 2019, 17:33
-
Әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларының бағасы 10,1 пайызға артты
2019 жылдың он айындағы қорытынды бойынша, әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларының бағасы 10,1 пайызға өскен. Бұл туралы "Азық-түлік тауарлары бағасын тежеу бойынша монополияға қарсы ден қою шаралары" туралы өткен баспасөз мәжілісінде ҚР Ұлттық экономика министрлігі Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің төрағасы Рустам Ахметов мәлім етті, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
29 Қараша 2019, 17:48
-
Елордада Н.Назарбаевтың бейбітшілік пен толеранттылық моделі талқыланды
Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің төрағалығымен «Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының» ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне және Халықаралық толеранттылық күніне орай «Н.Назарбаевтың бейбітшілік пен толеранттылық моделі» атты халықаралық конференция өтті.
29 Қараша 2019, 12:08
-
Қ.Тоқаев пен С.Жээнбеков шағын құрамда келіссөздер жүргізді
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сооронбай Жээнбеков шағын құрамда келіссөздер жүргізді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
27 Қараша 2019, 17:12
-
Тоқаев қырғыз президенті Сооронбай Жээнбековпен кездеседі
Осы аптада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанға мемлекеттік іс-сапармен барып, қырғыз президенті Сооронбай Жээнбековпен кездеседі. Бұл туралы баспасөз мәжілісінде Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
25 Қараша 2019, 18:03
-
Ташкент пен Түркістан ынтымақтастық меморандумға қол қойды
Екі жақты келісім Өзбекстанда 21 және 22 –ші қараша күндері өтіп жатқан Қазақстан медицинасы күндері аясында жасалынды.
21 Қараша 2019, 18:16
-
Д.Абаев: Мәдениет пен білім саласындағы телеарналарды мемлекет қолдауы тиіс
Мәдениет пен білім саласындағы телеарналарды мемлекет қолдауы тиіс. Бұл туралы елордадағы "Нұр Отан" партиясы алаңында ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев азаматтарды қабылдап, көкейде жүрген сұрақтарына жауап беру кезінде айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
08 Қараша 2019, 14:57
-
Н. Нығматулин: Қаржы халықтың ең маңызды мәселелерін шешуге жұмсалуға тиіс
Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулинннің төрағалығымен өтіп жатқан жалпы отырыста мемлекетіміздің әкімшілік-аумақтық құрылысы, мемлекеттік басқару жүйесін және бюджетаралық қатынастарды жетілдіру мәселелеріне қатысты заң жобасы бірінші оқылымда талқыланды.
06 Қараша 2019, 15:01
-
Қ.Тоқаев пен В.Путин Омбыда кездеседі
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин Омбыда кездеседі, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
05 Қараша 2019, 15:15
-
Ұлы Дала көшпенділерінің көрмесі Афинада өтті
Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі 2019 жылғы 11 қараша күні жергілікті уақыт бойынша сағат 17.00-де Грекия Мемлекетінің Афина қаласындағы Эпиграфиялық музейінде «Ұлы дала: тарих және мәдениет» көрмесін ашады. Көрме «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрме жобасы аясында 2019 жылғы 11 қарашадан 11 желтоқсанға дейін жалғасады.
04 Қараша 2019, 15:18
-
А.Сайтбеков: Халықпен жұмыс істеудің жаңа форматына көштік
Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында "Құқық қорғау жүйесін реформалауға қатысты бүгінгі полиция азаматтардың қауіпсіздігін толық қамтамасыз ету үшін қызмет көрсететін органға айналуы тиіс" екенін атап өтті. Жолдаудың осындай негізгі міндеттерін жүзеге асыру үшін көлік полицейлері бірқатар іс-шара өткізуді қолға алды. Соның бірі елордада өтіп жатқан "Мен полицей боламын!" форумы. Форумға қатысып, алғашқылардың бірі боп сөз алған ІІМ Кадр саясаты департаментінің бастығы, полиция полковнигі Сайтбеков Айдар халықпен жұмыс істеудің жаңа форматына көшкендігі жөнінде айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
29 Қазан 2019, 12:24
-
Қ.Тоқаев пен А.Лукашенко бірлескен мәлімдеме жасады
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Беларусь Президенті Александар Лукашенко екіжақты ынтымақтастықты сапалы деңгейге шығаару бойынша бірлескен мәлімдемеге қол қойды. Сонымен қатар, Мемлекет басшылары БАҚ алдында бірлескен мәлімдеме жасады. Толығырақ келесі материалдан оқи аласыздар.
25 Қазан 2019, 13:36
-
Қ.Тоқаев пен А.Лукашенко екі ел арасындағы экономикалық мәселелерді талқылады
Ақордада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Беларусь Президенті Александр Лукашенко кездесті. Президенттің резиденциясында Қазақстан Президенті Беларусь Президентін қарсы алған соң, шағын құрамда кездесу өткізді.
25 Қазан 2019, 11:11
-
Қ.Тоқаев Радек Вондрачекпен кездесті
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Чех Республикасы Депутаттар палатасының төрағасы Радек Вондрачекпен кездесті,деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
17 Қазан 2019, 17:02
-
Өмірзақ Шүкеев пен Ералы Тоғжанов өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
ҚР Кәсіподақтар федерациясының Төрағасы Ералы Тоғжанов Түркістан облысына іс-сапар жасады. Сапар барысында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шукеевпен кездесіп, өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
10 Қазан 2019, 17:55
ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді
Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту
Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді
Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады
Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады
Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс
15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі
Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі
Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі
ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды