• Басты
  • Қазақстан мен Иран: Қарым-қатынастың 27 жылдық дерекнамасы
13 Наурыз, 2019 10:22

Қазақстан мен Иран: Қарым-қатынастың 27 жылдық дерекнамасы

Тәуелсіз Қазақстан қысқа ғана тарихи мерзім ішінде әлемнің көптеген мемлекеттерімен достық қарым-қатынас орнатты. Олардың ішінде Иран ерекше орынға ие, себебі, Қазақстан халқының Иранмен өркениеттік, экономикалық және саяси байланыстарының тамыры өте тереңде жатыр. Қазақстан мен Иран арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы 29 қаңтарда орнады. Қарым-қатынастың 27 жылдығына орай Ұлттық музейде фотокөрме ашылды. Толығырақ Strategy2050.kz сараптамалық порталы әзірлеген материалдан оқи аласыздар.
Қазақстан мен Иран: Қарым-қатынастың  27 жылдық дерекнамасы | Strategy2050.kz

Қазақстан мен Иран өзара ынтымақтастық пен тату –тәтті көршілік қарым-қатынасты нығайтуға деген мүдделілігі мен саяси ерік-жігерін бірнеше мәрте растады. Ұлттық музей директоры міндетін атқарушы Алмас Нұрасхан көрме екі ел арасындағы байланысты нығайта түсетінін айтты.  

«Осы көрме Қазақстан мен Иран Ислам Республикасы қарым-қатынасының көрінісі. Біздің тәуелсіздігімізді ең алғашқы болып мойындаған Иран Ислам Республикасы болатын. 18-19 ғасырда қазақ халқы бірнеше тілді білген. Араб, парсы, түрік тілдері осы мемлекетте қолданылды. Көрме екі ел арасындағы қарым-қатынасты нығайта түседі», - деді Алмас Нұрасхан.

Өз кезегінде Иран Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Маджид Самадзаде Сабер көрме екі ел арасындағы қарым-қатынасты қайта жаңғырту  екенін атап өтті.

«Бүгінгі көрме екі ел арасындағы қарым-қатынасты қайта жаңғырту десек те болады. Өткен ғасырдың 90 жылдарында Совет үкіметіндегі елдер өзгерістерден кейін Иран мен Қазақстан арасындағы байланысты қайта қалпына келтіруге мүмкіндік туды. 1990 жылдың қараша айында Қазақстан тәуелсіздігін жарияламай тұрғанда, Иранның сол кездегі сыртқы істер министрі Алматыға сапар жасап, Қазақстан билік өкілдерімен кездесіп, Қазақстанның тәуелсіздігін қолдайтынын жеткізді. Содан соң 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан тәуелсіздігін жариялаған кезде Иран Ислам Республикасы бірінші болып мойындап, 1992 жылдың 29 қаңтарында Алматы қаласында елшілігін ашты. Бұл көрме – екі ел қарым-қатынасының 27 жылдағы дерекнамасы», - деді Иран Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Маджид Самадзаде Сабер.

Елшінің айтуынша, көрменің мақсаты Иран қоғамын   Қазақстан халқына таныту.

«Біздің елдер мен Мемлекет басшыларының арасында жақсы қарым-қатынас  орнатылған.  Екі елдің  ынтымақтастығы  ғасырларға  ұласады.  Біздің көптеген салт-дәстүрлеріміз қазақ халқына ұқсас. Мәселен, «Наурыз» сөзі парсы сөзінен аударылғанда «жаңа күн» деген мағынаны білдіреді», - деді  елші.

Көрмеге Қазақстан мен Иранның дипломатиялық қарым-қатынасы басталған күннен бастап  түсірілген   90 жуық сурет қойылған.

«Көрмеде екі мемлекет арасында жасалған маңызды кездесулер  мен меморандумдардың түзілуі сынды оқиғалар көрсетілген.  Екі ел арасында темір жол қатынасының ашылуы және Мемлекет басшыларының  екі елге   жасалған  ресми сапарлары  да көрініс тапты.  Сондай-ақ, Иранның   көрнекті орындарынан  да суреттер бар», - деді Маджид Самадзаде Сабер.

Сонымен қатар,  елші атап өткендей,  Иран мен Қазақстан арасындағы  қарым-қатынас сауда, экономика, мәдени  салаларды қамтыған.

«Мысалы, өткен жылы екі ел арасындағы сауда айналымы  510 млн долларды құрады. Екі елдің өнерпаздары арасында  да тығыз қарым-қатынас орнатылған, елдерде көрмелер жиі ұйымдастырылады.  Иранда Қазақстанның екі Бас консулдығы жұмыс істейді. Сол сияқты Астана мен Ақтау қаласында Иранның екі Бас консулдығы орналасқан. Мәдени, тау-кен, көлік саласындағы қарым-қатынасымыз да көңіл көншітерлік. Ал, мал шаруашылығы мен ауыл шаруашылығы саласындағы  байланысты жақсартып келеміз», - деді елші.

Сондай-ақ, елші мырза биылғы жылға  бірқатар ресми сапарлар бар екенін атап өтті.

«Екі мемлекеттің министрліктері арасында кездесулер мен консультациялар күтілуде. Үкіметаралық комиссиялардың отырысы көзделіп отыр. Әртүрлі көрмелер өткізу жоспарланған. Екі елдің халқы  бір-біріне оңай сапарлауы үшін  мемлекеттер  арасындағы визалық қарым-қатынасты жеңілдетуге тырысамыз», - деді ол.  

Айта кетейік, көрме 2019 жылдың  15 наурызына дейін жалғасады.

Аягөз Құрмаш 

Ұқсас тақырыптар: 

Көктем мерекесі: Жанға жылулық сыйлайтын көрме

Қазақстан мен БАӘ: Ынтымақтастық қандай салаларды қамтиды

Қазақстан мен Зимбабве сауда ынтымақтастығын кеңейтіп жатыр

Ислам ынтымақтастық ұйымы: Ұлы істе ұяттық жоқ

Қазақстан және БҰҰ: Ұлы Дала Елінің ұлағаты

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды