• Басты
  • Қазақстан экономикасы: 88,8 млрд доллар ақшамыз бар
12 Наурыз, 2019 16:02

Қазақстан экономикасы: 88,8 млрд доллар ақшамыз бар

Осы жылғы 2 айдың қорытындылары бойынша жалпы ішкі өнім серпіні жылдамдады. Инфляция нысаналы дәлізде сақталып отыр. Инвестициялар қайта өсе бастады. Ал халықаралық резервтер тұрақты деңгейде.Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мәлімдеді. Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы келесі материалдан оқи аласыздар.
Қазақстан экономикасы: 88,8 млрд доллар ақшамыз бар

Ұлттық экономика министрі атағандай, жалпы ішкі өнімнің өсуі 3,5% жылдамдады. Қаңтарда ол 2,9% құраған болатын. Мұндай серпін тауарлар өндірісінің өсуімен, сондай-ақ, қызмет көрсету секторының қарыштауымен байланысты. Олардың жалпы ішкі өнімнің өсіміне салымы, сәйкесінше, 0,91 және 2,19 % құрады.

«Инфляция деңгейі жоспарланған дәлізде сақталды. Жылдың басынан бері ол 0,8%, ал жылдық мәнде – 4,8%  құрады. Инвестициялар серпінінде өзгеріс болды. Егер ол өткен айда төмендесе, есепті кезеңде олардың өсуі 4,2% құрады. Өсу машиналар мен жабдықтарды сатып алумен, сондай-ақ, «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистралды газ құбыры компрессорлық станциясының құрылысымен байланысты. Ағымдағы жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша, елдің халықаралық резервтері 88,8 млрд. АҚШ долларын құрады. Оның алтын-валюта резервтері 30,6 млрд. АҚШ доллары  және Ұлттық қордың активтері 58,2 млрд. АҚШ доллары болды», - деді Р.Дәленов.

ӨНЕРКӘСІП

Министр  өнеркәсіп өндірісінің өсуі қаңтар-ақпанда 2,7% құрағанын айтты. Қаңтарда ол 1,9% болған.

«Кен өндіру өнеркәсібінің серпіні тұрақты, ал өңдеу өнеркәсібінде оң серпін байқала бастады. Кен өндіру өнеркәсібі бөлінісінде түсті металдар кені, табиғи газ және мұнай өндіру орнықты өсуді көрсетіп отыр. Жеңіл және химия өнеркәсіптері, пластмасса бұйымдарын жасау, сусын, мұнайды қайта өңдеу және машина жасау - өңдеу өнеркәсібінің көшбасшылары  болды», - деді Р.Дәленов.

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

«Ауыл шаруашылығы тұрақты өсу қарқынын көрсетіп отыр. Өндіріс көлемі 3,6%  ұлғайды. Өсім мал шаруашылығындағы өндірістің 3,8% өсуі есебінен қамтамасыз етілді. Бұл ретте, өсімдік шаруашылығы көлемі өткен жылдың деңгейінде сақталды», - деді ол.

ҚҰРЫЛЫС

Құрылыс секторының серпінінде кері бұрылыс болды. Құрылыс жұмыстарының көлемі 2,0% ұлғайды.

«Бұған автомобиль жолдарын, газ құбырын, тұрғын үйлер мен өнеркәсіп нысандарын салу, сумен қамтамасыз етуді қайта жаңарту, темір жол төсемін жөндеу бойынша жұмыстар көлемінің артуы әсер етті», - деді Р. Дәленов.

КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР САЛАСЫ

Жалпы қызмет көрсету саласы озық қарқынмен өсуде. Есепті кезеңде ол 3,9% өсті.

«Айтарлықтай өсім саудада 7,6% деңгейінде белгіленді. Бұл бөлшек саудадағы және көтерме саудадағы тауар айналымының ұлғаюына байланысты. Автокөлік құралдарының, автобөлшектердің, мұнай өнімдері мен жанар-жағар майдың, қара және түсті металдар кендерінің көтерме саудасы артты. Көлік саласында өсім 4,4% дейін жылдамдады. Бұл көбінесе жүк тасымалының артуына байланысты», - деді Р.Дәленов.

ӨҢІРЛЕР

Ағымдағы жылдың басынан бері өңірлер бөлінісінде әртүрлі бағыттағы серпін байқалады.Теріс серпінді Қарағанды, Қызылорда, Батыс Қазақстан және Манғыстау облыстары көрсетті.

«Бұл өңірлерде серпіннің әлсіреуі мұнай, газ конденсатын өндіру, жалпақ илем және қоспасыз болат өндіру бойынша болды. Сонымен қатар, өнеркәсіпте жоғары өсу Шығыс Қазақстан, Атырау, Қостанай облыстарында, Астана қаласында байқалады. Ауыл шаруашылығында барлық өңірлерде өсім байқалады. Айтарлықтай өсімді Ақмола облысы көрсетуде. Құрылыс бойынша Ақмола облысы, Астана қаласы, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қызылорда облыстары, Шымкент, Солтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстары артта қалып отыр», - деді Р.Дәленов.

Министр құрылыс бойынша көшбасшы Түркістан облысы екенін айтты.

«Негізгі капиталға инвестициялар тарту жұмыстары Шымкент пен Астана қалаларында едәуір әлсіреген. Шымкент қаласы мұнай өңдеу зауытын жаңғырту бойынша жұмыстарды аяқтады. Астана қаласында өткен жылғы машиналар мен жабдықтарды сатып алуға жоғары баға әсер етті. Инвестицияларды тарту бойынша Қызылорда облысы алда келеді», - деді  министр.

Сондай-ақ, инвестициялардың айтарлықтай өсуі Қарағанды, Түркістан және Қостанай облыстарында байқалады.

«Жалпы 2019 жылдың екінші айының қорытындысы бойынша экономиканың көптеген салаларында жақсару үрдісі байқалуда. Төмендеу болған жерде ақпан айында өсім бар. Сонымен қатар, кен өндіру және металлургия өнеркәсібі баяу қарқын көрсетуі мүмкін. Сәйкесінше, сапалы өсуді өңдеу салалары, құрылыс және инвестициялар, шағын және орта бизнес, қызмет көрсету секторлары қамтамасыз етуі тиіс», - деді ол.

Елбасының тапсырмасы бойынша бөлініп жатқан бюджет қаражаты экономикаға, халықтың табыстарына, сондай-ақ, инвестициялық белсенділікке қолдау көрсетеді. Осыған байланысты, орталық мемлекеттік органдар мен әкімдер қаражатты экономикаға тез әрі мақсатты жеткізуді қамтамасыз етуі қажет.

Аягөз Құрмаш 

Ұқсас тақырыптар: 

2019 жылға арналған базалық параметрлер бұрын мақұлданған деңгейде сақталды – Р.Дәленов

«Нұрлы жол» бағдарламасы: Инфрақұрылымдық дамудың жаңа саясаты

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды