• Басты
  • 2019 жылғы бюджет кірісі 7 трлн теңгені құрамақ – Р.Дәленов
12 Наурыз, 2019 14:21

2019 жылғы бюджет кірісі 7 трлн теңгені құрамақ – Р.Дәленов

Үкімет 2019 жылдың бюджетін нақтылады. Әлеуметтік қолдауды күшейтуге қосымша 224,3 млрд. теңге, аз қамтылған көп балалы отбасыларға үй салу үшін 100 млрд. теңге, «Ауыл-Ел бесігі» арнайы жобасын іске асыруға 30 млрд. теңге, «Жастар жылы» аясындағы іс-шараларға 24,6 млрд. теңге жоспарланған. Шығындар мен кірістердің барлығы мұнайдың әлемдік нарықтағы қазіргі бағасымен есептеліп отыр.

2019 жылғы бюджет кірісі 7 трлн теңгені құрамақ – Р.Дәленов | Strategy2050.kz

Биыл 2018 жылмен салыстырғанда мұнай өндіру 1,4 млн. тоннаға немесе 1,5% азаяды. Тиісінше, тау-кен өнеркәсібінің өсу қарқыны бәсеңдейді.

«Қызмет көрсету секторы бойынша неғұрлым жоғары өсім күтеміз. Сыртқы және ішкі факторларды ескере отырып,  2019 жылға арналған базалық параметрлер бұрын мақұлданған деңгейде сақталды: мұнай бағасы – барреліне 55 АҚШ доллары, теңге бағамы – 1 АҚШ доллары үшін 370 теңге, жылдық инфляцияның нысаналы дәлізі – 4-6%», - деді Руслан Дәленов.

2018 жылы жалпы ішкі өнім көлемі 58,8 трлн. теңгені құрады. Ағымдағы жылы ауылшаруашылығы, құрылыс, сауда-саттық салаларында жақсы көрсеткіштерге қол жеткізу жоспарланып отыр.

«Өнеркәсіп өсімі 1,6% құрайды. Бұл ретте өңдеу өнеркәсібі тау-кен өнеркәсібіне қарағанда көбірек өседі. Экспорт 54,4 млрд. АҚШ долларына дейін, яғни, 0,3 млрд. АҚШ өсті. Импорт көлемі 32,9 млрд. АҚШ доллары деңгейінде сақталды. Дамудың жоғарыда аталған факторларын ескере отырып, 2019 жылға жалпы ішкі өнімнің нақты өсімі 3,8% деңгейінде бағаланып отыр. 2019 жылға номиналды жалпы ішкі өнім 64,3 тлрн. теңге көлемінде болжануда, бұл бұрынғы бағалаудан 323,5 млрд. теңгеге артық. Жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім  9 409 АҚШ долларын құрайды», - деді Руслан Ерболатұлы.

Министр түзетілген макроэкономикалық болжам негізінде 2019 жылға арналған бюджет параметрлерінің болжамы нақтыланатынын айтты.

«Республикалық бюджеттің кірістері 2019 жылы 7,0 трлн теңге көлемінде бағаланады. Бұл бекітілген жоспардан 200,4 млрд. теңгеге жоғары. Негізгі өсім қосылған құн салығы бойынша, шикі мұнайға салынатын экспорттық кедендік баж бойынша, сондай-ақ, салықтық емес түсімдер бойынша күтілуде. Жаңа бастамаларды қаржыландыру үшін келесі өзгерістер ұсынылады: Ұлттық қордан кепілдендірілген трансфертті 250 млрд. теңгеге ұлғайтып, 2 700 млрд. теңгеге дейін жеткізу, тапшылықты 1,5%  жалпы ішкі өнімге қарағанда 2,1% дейін ұлғайту», - деді ҚР Ұлттық экономика министрі.

Осыны ескере отырып, Үкімет қарауына «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2019 - 2021 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Заңына өзгеріс енгізу туралы» Заң жобасы енгізіліп отыр. Сондай-ақ, тікелей инвестициялар қорын құру үшін Ұлттық қордан 370 млрд. теңге мөлшерінде нысаналы трансферт қарастырылған.

«Бұл ретте, түсімдер мен пайдалануды ескергенде Ұлттық қордың таза түсімдері артады. Республикалық бюджеттің шығыстары бекітілген көлемге қарағанда 1,2 трлн. теңгеге ұлғая отырып, 11,9 трлн. теңге көлемінде болжанады», - деді Руслан Дәленов.

Өз кезегінде Премьер-Министрдің бірінші орынбасары - Қаржы министрі Әлихан Смайылов республикалық бюджет параметрлеріне бірқатар өзгерістер енгізілгенін атап өтті.

«Түсімдер бойынша: кедендік әкімшілендіруді күшейту нәтижесінде 200 млрд. теңге сомасында қосымша кірістер жоспарланады. Ұлттық қордан берілетін кепілдендірілген трансферт 250 млрд. теңгеге ұлғайтылады, тікелей инвестициялар қорын құруға Ұлттық қордан  370 млрд. теңге сомасында нысаналы трансферт тартылады», - деді Премьер-Министрдің бірінші орынбасары.

Қаржы министрі атағандай, осының есебінен республикалық бюджет түсімдері 821 млрд. теңгеге артып 10 трлн. 569 млрд. теңгені құрамақ.

«Тапшылық 1 трлн. 327 млрд. теңге немесе ЖІӨ 2,1% деңгейінде болжанып отыр және 151 млрд. теңге сомасындағы өткен жылдың қалдықтарын қамтиды. 2019 жылы республикалық бюджет шығыстары 1,2 трлн. теңгеге ұлғаюмен 11 трлн. 895 млрд. теңгені құрайды. Нақтылау жобасында қаражатты 3 бағыт бойынша бөлу көзделеді», - деді Әлихан Асханұлы.

Жалпы сомасы 444,3 млрд.теңге «Нұр Отан» партиясының съезінде Мемлекет басшысы айтқан әлеуметтік бағыттағы шығындарға жұмсалады.

«Осы қаражат шеңберінде мыналар жоспарланып отыр: азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдауды күшейту - 224,3 млрд. теңге, аз қамтылған көп балалы отбасылар үшін жалға берілетін тұрғын үй салу және "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі"  арқылы жеңілдетілген несие беруді енгізу -100 млрд. теңге, өңірлік инфрақұрылымды дамыту 90 млрд. теңге, «Ауыл-Ел бесігі» арнайы жобасын іске асыруға 30 млрд. теңге қарастырылған», - деді Әлихан Смайылов.

Сондай-ақ, «Жастар жылы» шеңберіндегі іс-шараларға 24,6 млрд. теңге бөлінбек.

«Президенттің 2017 және 2018 жылдардағы Жолдауларында айтылған тапсырмаларын орындау  286 млрд. теңге қарастырылған. Осы қаражат шеңберінде Түркістан облысының және Астана қаласының кешенді даму жоспарларын іске асыру, Астана қаласында ғылыми-онкологиялық орталық салу, «Сарыарқа» газ құбырын салу, сондай-ақ, ел қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысты іс-шараларды іске асыру жоспарланып отыр», - деді ҚР Қаржы министрі.

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары, Елбасының барлық тапсырмалары қаржылай қамтамасыз етілетінін жеткізді.

Аягөз Құрмаш 

Ұқсас тақырыптар: 

«Нұрлы жол» бағдарламасы: Инфрақұрылымдық дамудың жаңа саясаты

Пәтер іздеп жүр едік немесе үкілеген үмітті Үкімет ақтай ала ма?

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды