• Басты
  • Жымпиты, Бұлдырты және Алғабас: сенаторлар ауылдарды аралап жүр
11 Наурыз, 2019 17:18

Жымпиты, Бұлдырты және Алғабас: сенаторлар ауылдарды аралап жүр

Парламент Сенатының депутаттары өңірлердегі жұмыс сапарын одан әрі жалғастырып жатыр. Халық қалаулылары аймақтардың әлеуметтік-экономикалық жағдайымен танысып қана қоймай, «Hұp Отан» партиясының XVIII съезінде Мемлекет басшысы жария еткен әлеуметтік бастамаларды талқылады.

Жымпиты, Бұлдырты және Алғабас: сенаторлар ауылдарды аралап жүр | Strategy2050.kz

Парламент Сенатының депутаты Сергей Плотниковтың Шығыс Қазақстан облысындағы жұмыс бабындағы сапары Шемонайха ауданында жалғасты.

Сенатор Первомай кентіндегі Ертіс химия-металлургия зауытының басшылығымен кездесіп, Қазіргі кезде сақтауға қойылған кәсіпорын жабдықтары жаңғырту мен жаңартуды қажет етеді.

Зауыт басшылығы сирек кездесетін ниобий, тантал, молибден, вольфрам, цирконий секілді металдар өндірісін жетілдіруді және терең өңдеуді жолға қоюды көздеп отыр.

Бұл сала еліміздің экономикасын дамытуға ауқымды үлес қосып, экспорттық әлеуетті арттыра түсетін болады. Сенатор кездесу барысында Парламент жоғарғы Палатасының заң шығару қызметі және кейінгі кездегі қабылданған заңдар туралы хабардар етті.

Сондай-ақ, алда тұрған міндеттер туралы айта келіп, әлеуметтік бастамалардың маңызы, көп балалы табысы аз отбасыларды қолдау, зейнетақы және жәрдемақыға қатысты жаңалықтар жайында әңгіме өрістеді. Тұрғын үймен қамтамасыз ету, әлеуметтік инфрақұрылымдарды жаңғырту мәселелері туралы айтылды.

Ал, Алматы облысында жұмыс бабындағы сапарда жүрген Парламент Сенатының депутаттары Б.Әйтімова, Б.Жұмағұлов, Д.Нөкетаева Қазақ ұлттық аграрлық университетінде, оқу орнының агротехникалых хабында, Қазақстан-Жапон инновациялық, Қазақстан-Беларусь агроинженерлік, Су, Тұрақты егін шаруашылығы орталықтарында, инновациялық жылыжайда, ғылыми-зерттеу зертханаларында, Назарбаев білім және ғылым орталығында, №159 гимназияда бірқатар кездесулер өткізді.

Кездесу барысында сенаторлар Елбасының «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде айқындаған әлеуметтік саясаттың басты бағыттарын түсіндірді. Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Бірғаным Әйтімова өз сөзінде Елбасы еліміздің әлеуметтік-экономикалық мәселелеріне ерекше көңіл бөлгеніне тоқталып, көпбалалы отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға және зейнеткерлерге берілетін жәрдемақы көлемін ұлғайту, жұмысшылардың жалақысын көтеру, елді баспанамен қамту, экономиканы цифрландыру және жастарға сапалы білім беру және тағы басқа мәселелерді шешуде жаңа тетіктердің іске қосылатынын айтты.

ҚазҰАУ оқытушылары мен студенттерімен кездесу барысында университет ректоры Тілектес Есполов депутаттарға білім ордасының жетістіктері туралы айтып, болашақ жоспарларымен бөлісті.

Оның айтуынша, жатақханада орындардың жетіспеушілігі мәселесін шешу мақсатында 450 орынға арналған «Студенттер үйін» салу жоспарда тұр.

Өз кезегінде сенатор Бақытжан Жұмағұлов білім берудің қолжетімділігі мен оның сапасын арттыру, жастардың жатақханада тұру жағдайын жақсарту мәселелері Президенттің ерекше бақылауында екенін атап өтті. Депутат Динар Нөкетаева да Елбасы көтерген мәселелердің өзектілігін атап өтті.

 Ол ауылдардағы инфрақұрылымдарды дамытуға бағытталған жобалар жергілікті халыққа тың серпін бергенін атап өтті.

«Съезде партияның «Бақуатты қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты» бағдарламасы қаралды. Бұл құжат алдағы он жылдағы ел дамуының басты стратегиялық бағыттарын айқындайды», - деді сенатор.

Депутаттар жұмыс сапары аясында бірқатар білім беру мекемелерінде болып, ондағы ұстаздар қауымы мен оқушылармен кездесу өткізді.

Сондай-ақ,  Маңғыстау облысына жұмыс сапары аясында Сенат депутаттары Михаил Бортник пен Бақтыбай Шелпеков Маңғыстау ауданына барды.

Облыс активімен, мәслихат депутаттарымен және жастармен кездесу барысында сенаторлар Мемлекет басшысының «Нұр Отан» ХДП XVIII съезінде жария еткен әлеуметтік саясаттың негізгі мәселелерін түсіндірді және Сенаттың 2018 жылға арналған заң жобаларының қорытындылары туралы хабардар етті.

Депутаттар Маңғыстау ауданындағы Шетпе ауылында жаңадан салынған мектепте болып, мұғалімдермен кездесті.

Сенаторлар «Нұр Отан» партиясының «Бақуатты қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты» бағдарламасында мұғалімдердің еңбек ету жағдайларын жақсарту, оның ішінде еңбекақының өсуі, әлемдегі үздік университеттерде педагогикалық білім алу мүмкіндігі және оқу процесіне цифрлық технологияларды енгізу көзделіп отырғанын атап өтті.

Кездесу барысында қатысушылар төмен табысы жоғары көпбалалы отбасыларға қолдау көрсету, өңірде тұрғын үй салу, жаңа жұмыс орындарын ашу және айлығы төмен мамандардың еңбекақысын көтеру мәселелерін көтерді.

Сонымен қатар, Парламент Сенатының депутаты Әбдәлі Нұралиев жұмыс бабындағы сапармен Тараз қаласында болды. Сенатор Жастар жылы аясындағы шараларға орай Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің студенттерімен кездесті.

Университет ректоры Ерболат Саурықов студенттердің робототехника, химия өнімдерін қайта өңдеу және қолданбалы өнер саласындағы жетістіктері туралы әңгімеледі. Ә.Нұралиев Мемлекет басшысының «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде жария еткен «Бақуатты қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты» бағдарламасына назар аударып, өз ойларын ортаға салды.

 «Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша алдағы үш жылға жоспарланған бағдарламаларды және жоспарларды жүзеге асыруға қосымша 2 триллион 350 миллиард теңге бөлінді. Бұл қаржы бюджет саласындағы айлығы төмен қызметкерлерінің еңбекақысын 30 пайызға ұлғайтуға, көпбалалы отбасыларға қолдау көрсетуге, білім беру мен денсаулық сақтауды дамытуға, сондай-ақ тұрғын үйге қол жеткізу мүмкіндіктерін арттыруға бағытталатын болады», - деді сенатор.

Депутат №28 балабақшаға және «Сәуле» кондитерлік фабрикасында болды. «Желтоксан-86» мұражайы мен Қайрат Рысқұлбеков атындағы саябаққа барып, 1986 жылғы желтоқсан оқиғаларының тарихын бейнелейтін жәдігерлермен танысты.

Парламенті Сенатының депутаттары Ерболат Мұқаев пен Нариман Төреғалиевтің Батыс Қазақстан облысындағы сапары Сырым ауданының Жымпиты, Бұлдырты және Алғабас ауылдарында жалғасты. Ауыл тұрғындармен кездесу барысында сенаторлар Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың әлеуметтік бастамаларын түсіндіріп, Парламент Сенатының заң шығару жұмысы туралы хабардар етті.

Жұртшылықпен жүздесу кезінде аз қамтылған азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға, табысы төмен отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз етуге, білім беру және денсаулық сақтау салаларын жетілдіруге, сондай-ақ өңірлік дамудағы жаңа міндеттерге ерекше назар аударылды.

 Депутаттар алда тұрған ауқымды міндеттерге тоқталып, ел экономикасын өркендету ісінде ауыл еңбеккерлерінің биік межеден көрінетініне сенім білдірді.

Парламент Сенатының депутаты Ғұмар Дүйсембаевтың Атырау облысындағы жұмыс сапары барысында облыс әкімдігінде облыстық мәслихат депутаттарымен және аудандық мәслихат хатшыларымен, мемлекеттік органдар басшыларымен кездесті.

Онда «Нұр Отан» партиясының съезінде жария етілген «Бақуатты қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты» бағдарламасынан туындайтын міндеттер талқыланып, алдағы уақытта аймақта атқарылатын шаралар белгіленді. Депутат сол күні Атырау қаласындағы робот техникаларын шығаратын «Жігер мұнай сервис» мекемесінде болып, еңбек ұжымымен кездесті.

Жүздесуде еңбек қарқынын арттыру, жаңа технологияларды қолдану және кәсіпорын табысын ұлғайту мәселелері туралы айтылды. Сенатордың жұмыс сапары Мақат ауданында одан әрі жалғасты.

Мақат кентінде аудан активімен, мәслихат депутаттарымен, ауылдық округтер әкімдерімен, құқық қорғау органдары қызметкерлерімен, шаруа қожалықтарының басшыларымен болған кездесуде сенатор «Нұр Отан» партиясының XVIII съезіндегі Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың әлеуметтік бастамаларын жан-жақты түсіндірді.

Депутатқа әлеуметтік бағдарламаның маңызды тұстары, атап айтқанда табысы төмен көп балалы отбасыларды қолдау, айлығы аз азаматтардың еңбекақысын көтеру және мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға берілетін жәрдемақылар туралы сұрақтар қойылды. Сенатор қойылған сауалдарға жауап беріп, алда тұрған ауқымды міндеттер жайында әңгімеледі.
 

Аягөз Құрмаш

Фото: Сенаттың баспасөз қызметі

Ұқсас тақырыптар: 

Сенаторлар өңірлерде шешімін таппаған мәселелерді айқындап жатыр

Ветеринарлық қауіпсіздік мәселелері Сенатта талқыланды

 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды