• Басты
  • Жаңалықтар
  • Президенттің әр тапсырмасы сапалы және уақытылы орындалуы керек – С.Ахметов

Президенттің әр тапсырмасы сапалы және уақытылы орындалуы керек – С.Ахметов

21 Қаңтар, 2014 17:50
Бүгін Үкімет үйіндеҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов ҚР Үкіметінің отырысын өткізді. ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев Мемлекет басшысының Қазақстан халқына «Қазақстандық жол-2050»: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауын іске асыру бойынша Жалпыхалықтық жоспар жобасын таныстырды, деп хабарлайды Үкімет басшысының ресми сайты.

«Осы Жолдау елдің экономикалық және әлеуметтік дамуындағы ұзақмерзімді стратегиясын іске асыру бойынша нақты бағдарламалар шарасын қамтып қана қоймай, «Мәңгілік Ел» отандық тарихымыздағы қоғам ұғымын жаңа қырынан таныстырады. Мемлекет басшысының айтуынша, аталмыш тарихи міндеттемені орындау қабылданған 2050 Стратегиясының негізінде іске асырылатын болады», - деді Үкімет басшысы.

Е.Досаевтың айтуынша, Жоспар негізгі жеті бағыт бойынша дайындалды. Аталмыш бағыттар аясында 2015-2019 жылдарға арналған ҮИИД мемлекеттік бағдарламасы жобасы, 2030 жылға дейінгі Астана мен Алматының агломерациясын құрудың ұзақмерзімді жоспары дайындалды, сонымен қатар «Агробизнес-2020» бағдарламасы түзетілді, технопарктер жұмыстары белсенділендірілді, ғылымды қаржыландырудың кезеңдік жобасы мақұлданды, төртінші МӨЗ мен АЭС құрылысы мәселелері шешімін тапты.

Сонымен қатар, ҮИИД мемлекеттік бағдарламасының жаңа бесжылдығын ескеріп «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы  өзектендірілді, «Мәдени саясат тұжырымдамасы туралы» ҚР Президентінің Қаулысы жобасы дайындалды, жергілікті атқару биліктің өзінше жұмысын арттыру мәселелерін қамтыған және мемлекеттік кәсіпкерліктерге, ұлттық компанияларға, бюджеттік ұйымдарға кадрлық саясатты меритократиялау ұстанымдарын енгізу мен құжат айналымын қысқартуды қарастыратын мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізілді.

«2015-2017 жылдарға арналған бюджет жобасын құру аясында стипендия көтеріліп, асыраушысынан айырылған және мүгедек жандарға мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы көлемі артып, мемлекеттік және азаматтық қызметкерлердің еңбек жалақысы көбейетін болады», - деді Е.Досаев.

Премьер-Министрдің орынбасары, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешевтің айтуынша, Мемлекет басшысының барлық тапсырмасы бойынша атқарылар қызметтердің нақты алгоритімі дайындалды. «Барлық шара өз уақытында орындалады. Бірінші жартыжылдықта Президенттің қарауына ұсынатын ҮИИД МБ-ның екінші бесжылдығы жоспары дайындалады», - деді министр.

«Президент Жолдауы аясында тиісті мемлекеттік органдар әлеуметтік блок бағыттарын дайындады. Мемлекеттік және азаматтық қызметкерлердің жалақысын, асыраушысынан айырылған және мүгедек жандарға мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мен шәкіртақы көлемін арттыру мақсатында сараптама жүргізіліп, есптеледі», - деді отырыста Бас уәзірдің орынбасары Гүльшара Әбдіхалықова.

ҚР Қаржы вице-премьер -министрі Бақыт Сұлтанов Елбасы мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру және әлеуметтік-экономикалық даму үрдісіне ерекше көңіл бөлді, деп баса айтты. Бүгінде нақты индекаторлар мен қызметтің салалары анықталған. Жалпы, ағымдағы жылы экономиканың өсу қарқыны 6-7% құрауы тиіс.

«Қазіргі таңда барлық бағыттар бойынша жұмыс топтары бекітіліп, тапсырламар уақытылы орындалуы үшін жоспар жасалып жатыр», - деді вице-премьер Бақытжан Сағынтаев.

 Премьер-Министр Серік Ахметов келелі отырыс қорытындылай келе Елбасы Жолдауының жүгі ауыр екеніне тоқталды. Бұл дегеніңіз Үкіметтің алдағы уақытта атқарар шаруасы да шаш етектен.  Бастысы құжатта базалық индекаторлар көрсетіліп, дамыған 30 елдің қатарына күру үшін жоспарды жүзеге асыру кезең-кезеңімен алдағы жеті бесжылдыққа белгіленгендігін назардан тыс қалдырмау керек».

«Елбасының алға қойған тапсырмалары іс жүзінде жүзеге асырылып, орындалатын міндеттемелер.  Әр мемлекеттің ұйымның Жолдауда көрсетілген міндеттемелерді орындау үшін өзінің жеке алгоритімі болуы шарт. Президенттің кез келген тапсырмасы уақытылы орыдалуы тиіс. Сондай-ақ, қатаң маниторинг жасалып, дер кезінде іске асырылмаған жобалар үшін жаза да қатаң болғаны абзал», - деп С.Ахметов тапсырма берді. 

Барлық жаңалықтар