• Басты
  • Қазір қазақ қызына тән қасиеттерді сақтап қалудың маңызы зор – Н.Назарбаев
7 Наурыз, 2019 12:46

Қазір қазақ қызына тән қасиеттерді сақтап қалудың маңызы зор – Н.Назарбаев

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні" мейрамымен құттықтады. Президентпен кездесуге елдің түкпір-түкпірінен өз саласында жетістікке жеткен мамандар, «100 жаңа есім» жеңімпаздары, көпбалалы аналар мен елдің, қоғамның дамуына үлесін қосып, аянбай еңбек етіп келе жатқан нәзік жандар келді.

Қазір қазақ қызына тән қасиеттерді сақтап қалудың маңызы зор – Н.Назарбаев | Strategy2050.kz

 

«Сіздерді 8-наурыз Әйелдер күнімен құттықтаймын. Бүгін мына залдың  ішіне  Қазақстанның бүкіл қыз-келіншектері сыймайды. Кешке үлкен концерт болады. Сол жерде барлығын айтатын боламыз. Біз оны «Көктем шуағы» деп атап жүрміз. Ананың құдыреті шексіз. Оның алдында бүкіл дүние бас иеді деп ата-бабамыз бекер айтпаған. Ерте заманда жауласқан жұрттың ортасына ана ақ жаулығын тастаған кезде соғыс тоқталып, бітімге келетінін білеміз біз. Дәстүрімізді барынша сақтап келе жатқан әйел затын ерекше қадірлейтін халықпыз. Қазақ ұлты қыз баланы әр уақытта құрметтеп, алақынын жайып, аялап отыратын салты бар. Сонымен сабақтас болып келе жатқан отбасы үшін бұзылмас заңдылыққа айналып келеді», - деді Елбасы.

Ұлт Көшбасшысы ана деген қастерлі сөзді естігенде тебіренбейтін жүрек, толқымайтын көңіл болмайтынын айтты.

 «Мемлекетіміз көпбалалы отбасылардың жағдайын жақсарту үшін тиісті шараларды қабылдап жатыр. «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде мен айтқан тапсырмаларды білесіздер, оның барлығы жылдың ортасынан басталады деп айтқан едім. Әсіресе, мұқтаж  аналар мен балаларға келесі айдан бастап көмек көрсетіледі деп кеше тапсырма бердім. Көмек, қамқорлық, әрдайым арта береді, бір жағынан халықты та ел экономикасынан қол жайып сұрай беруге бейімдемеуіміз керек,қазір ондай жағдай жоқ. Ол Кеңес кезінде солай болған, бала туғаннан кейін тегін балабақшаға беріп, мектепке, оқытқызып,жұмыс беретін. Ондай заман қазір жоқ. Әр тапқан табысты мемлекет жинап алып, кейін бөліп отыратын заман емес. Қазір  әркім баланы қалай асырау керек екенін, қалай оқыту керек екенін ойлануы керек. Бірақ, ондай болса да, әсіресе қиын жағдайда Үкімет көмек көрсетуі керек. Жұмыспен қамту керек, үйде жұмыс істейтін адам болса, балаларға берілетін жалақыны ер азаматқа берер едім. Бала-шағасын асырасын деп», - деді Елбасы.

Елбасы биылғы "Жастар жылы" туралы ерекше айтып өтті.

«Жалпы, бүгінгі таңда шағын және орта бизнес компанияларының ішінде 43 пайызын әйелдер қамтып отыр. Ол  530 мың кәсіпкер деген сөз. Ақпан айында Қазақстандағы «100 жаңа есім» жеңімпаздарымен кездестім, олардың қатарында да түрлі салада жетістікке жеткен қыз-келіншектер бар. Осы арада да бар екенін көріп отырмын. «Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламаларын қолдап келе жатырсыздар, соған ризамын», - деді Н.Назарбаев.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Әбішұлы қазақ қызы қазіргі заманда қандай болуы керектігі туралы ой қозғады.

«Қазіргі  жаһандану заманында қазақ қызына тән қасиеттерді сақтап қалудың маңызы зор деп мен ылғи айтып жүремін. Ибалы қыз, аяулы келін, ардақты аналар көп болса өскелең ұрпақтың болашағына алаңдамаймыз. Әрине, әрбір жағдайда, жастардың арасында жұмыссыздық бар, жеңіл жалақы табатын жаққа кетіп қалудың орнына, ешқандай жұмыстың ұяттығы жоқ деп санау керек. Сіздер әрдайым ер-азаматтарға қолғанат болып, қолдап келесіздер, оны білеміз», - деді Елбасы.

Кездесуге келген ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова әйелдер күнінде осындай құрмет көрсеткен Президентке алғыс айтты.

«Тәуелсіздігіміздің 27 жылы ішінде әйелдерге үлкен мүмкіндіктер жасалды. Жаңа ұрпақ қалыптасты. Көптеген салада біраз жетістікке жеткен әйелдер аз емес. Әйелдер Сіздің халықтың әл-ауқатына байланысты жүргізіп отырған саясатыңызды қолдайды. Жаңа Қазақстанның дамуы кезеңіне үлес қосады», - деді Г.Әбдіқалықова.

Алматы облысынан келген Алакөл ауданы бойынша "Аналар  кеңесінің" төрайымы Ұлжалғас Дүйсебаева бүгін бақытты екенін айтып ағынан жарылды.

«Сіз бүкіл ғұмырыңызды елдің бірлігін нығайтуға, қарқындап дамуына арнап келе жатырсыз. Өзіңіз салған сара, дара жолда Қазақстанның әйелдері жұмыс істеуге дайын. Тәуелсіздік жылдары талай жастар отбасы құрды, оның ішінде өмірдің суығы мен ыстығына шыдамай ажырасып кеткен отбасылар аз болған жоқ. Бұл мәселені мен 45 жыл ұстаз болып, 4 бала, 15 немере сүйіп отырған адам ретінде қатты алаңдатады. Сондықтан, Алматы облысының аналар  кеңесі «Ақ Отауға  - Ақ бата» жобасын бастадық. Алакөл ауданынан бастау алған бұл жоба жастарды ата-баба дәстүрімен тәрбиелей отырып, отауының босағасын нығаюына септігін тигіземіз. Бүгінде жоба бойынша 42 жұп шаңырақ көтеріп, тату-тәтті өмір сүріп отыр. 70 отбасына моральдық көмек көрсетіп, ажырасудан алып қалдық», - деді ол.

Ұ.Дүйсебаева Елбасының «Нұр Отан» партиясы съезінде айтқан әлеуметтік тапсырмаларды жүзеге асыру бойынша қызу насихаттау жұмыстарын жүргізіп отырғанын айтты. Ұлы Дала Елінің абыройын шетелде асқақтатып жүрген актриса Самал Еслямова да жылы лебізін білдірді.

«Әлемнің қай мемлекетінде болсам да, Қазақстанға әрқашан үлкен қуанышпен, үлкен бақытпен оралам. Өте қатты елді, оның аспанын сағынам. Біздің Қазақстанның аспанын өзге елден таба алмадым. Оған көзім жетті. Біздің аспанымыз бен бейбітшілігімізді сақтағаныңыз үшін өзімнің әрі халықтың атынан мың да бір рақмет айтамын. Бейбітшіліктің нәтижесінде  бақытты өмір сүріп, сүйіп, оқыған кәсібімізбен айналыса аламыз», - деді ол.

Самал Еслямова Президентке алдағы жоспарлары жайлы айтып берді.

«Мамыр айында бір көркем фильм бар. Жазда Қытай, Монғолия мен канаданың біріккен жобасы бар, соған түсейін деп жоспарлап отырмын. Үлкен мүмкіндіктер үшін сізге көп рақмет. Халқымыз аман болсын. Қазақстан аруларын әдемі мерекемен шын жүректен құттықтаймын», - деді ол.

Елбасы өз кезегінде Самал Еслямоваға Қазақстан атын әлемге танытып жүргені үшін алғыс білдірді.

Кездесуге келген нәзік жандар әннен шашу шашып, мемлекет басшысына қолөнер бұйымдарын тарту етті.

Кездесу соңында Н.Назарбаев көпбалалы аналарды «Алтын алқа» медалімен марапаттады.

Аягөз Құрмаш 

Фото: Бауыржан Жуасбаев

Оқи отырыңыз:

Бизнес ашу: Қазақстандық әйелдердің әлеуеті

Бизнестегі әйелдер: Бізге моральдық әрі материалдық қолдау қажет

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды