• Басты
  • Депутаттар Хромтау, Алға және Мартөк аудандарында болды
6 Наурыз, 2019 11:08

Депутаттар Хромтау, Алға және Мартөк аудандарында болды

Парламент Сенатының депутаттары өңірлердегі жұмыс сапарын одан әрі жалғасытырып жатыр. Мәселен, Парламент Сенатының депутаттары Бірғаным Әйтімова, Бақытжан Жұмағұлов, Динар Нөкетаева мен Нұрлан Қылышбаев жұмыс сапарымен Алматы облысында болды. Сапар аясында депутаттар Елбасының «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде айқындаған әлеуметтік қолдау шараларының орындалуы жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, Президент тапсырмаларының орындалуы барысымен танысты. Толығырақ келесі материалдан оқи аласыздар.

Депутаттар Хромтау, Алға және Мартөк аудандарында болды | Strategy2050.kz

Сенатор Бірғаным Әйтімова өңір басшысы А.Баталовпен кездесу барысында сапардың негізгі мақсаты – тұрғындардың аудандық, облыстық немесе республикалық деңгейде шешілетін, немесе қолданыстағы заңнамаға өзгерту енгізуді талап ету тұрғысында шешімі табылатын мәселелерді айқындау екенін атап өтті.

Амандық Баталов облысты газбен қамтамасыз ету және Президенттің 5 әлеуметтік бастамаларын іске асыру жөніндегі депутаттардың сауалдарына жауап беріп, Текелі қаласының даму көрсеткіштері туралы айтып берді. Өңір басшысы қала тұрғындарын жұмыспен қамсыздандыру мәселесінде «Суффле» қазақстандық ашытқы шығару зауыты, шойын зауыты, тау-кен өңдеу кешені сияқты кәсіпорындардың алатын орны туралы айтып берді.

Сенаторлар сондай-ақ, «Green House – Жасыл үй» жылыжайы мен Текелі тау-кен өндіру кешендерінде болып, Металлург ықшам ауданының жылу желілерін қайта жаңғырту жұмыстарының барысымен танысты. Сонымен қатар Текелі қалалық ауруханасында, Балалар мен жасөспірімдер туризмі және өлкетану орталығында, Орталық Азия университетінің құрылыс алаңында болды.

Өз кезегінде  Сенат депутаттары Рашит Әкімов, Дәурен Әділбеков және Дулат Құсдәулетов Ақмола облысындағы Астрахан ауданы, Петровка ауылындағы мектеп пен медициналық орталықтың қызметкерлерімен кездесті.

Депутаттар жұртшылықпен жүздесу барысында «Нұр Отан» XVIII съезінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың берген тапсырмаларын талқылады.

Талқылау барысында депутаттар 2019 жылғы 1 шілдеден бастап бюджет саласының қызметкерлерінің еңбекақысы 30 пайызға дейін ұлғаятынын атап өтті. Бұл білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, мәдениет және ауыл шаруашылығында жұмыс істейтін 1 миллионнан астам мемлекеттік қызметкерлерді қамтиды. Мәселен, медицина саласындағы кіші буындағы қызметкерлерінің еңбекақысы 65 мың теңгеге дейін, орта буын мамандарының еңбекақысы 100 мың теңгеге дейін ұлғаяды.

Кездесуге қатысушылар Мемлекет басшысының бастамаларын іске асырудың тиімді тетіктері туралы пікір алмасты және азаматтардың әл-ауқаты көзделген меженің сапалы орындалуына байланысты екені айтылды.

Сапар барысында депутаттар әлеуметтік дәріхана орналасқан фельдшерлік-акушерлік бекетте болды, онда дәрі-дәрмектер Петровка кентінің тұрғындарына арзан бағамен сатылады. Сондай-ақ, 160 орындық ауылдың мәдениет үйі  мен ауыл кітапхананың жұмысымен танысты.

Парламентшілер Новочеркасск ауылында сүт өнімдерін өндіру және қайта өңдеу жөніндегі «Нұр-А» мекемесінің жұмысымен де танысты.

Сенаторлар «Тасбұлақ» минералды су шығаратын өндіріс орнында болды. Мұнда лимонад сусындар шығарылады, ал 2019 жылдың соңына дейін табиғи шырындар өндіретін болады.

Ал  Марат Тағымов, Мұхтар Жұмағазиев пен Аңсар Мұсаханов аймақтарға жұмыс сапары аясында Ақтөбе облысында болды.

Сенаторлар аймаққа «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде айтылған Президент тапсырмаларын түсіндіру мақсатында келген болатын. Депутаттар облыс әкімі Оңдасын Оразалинмен кездесіп, аймақтың бүгінгі таңдағы жағдайы мен оны әлеуметтік-экономикалық дамытудың негізгі мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, агроөнеркәсіп кешені саласындағы мемлекеттік және салалық бағдарламаларды іске асыру, жол инфрақұрылымын дамыту және аймақтың елді мекендерін аббаттандыру мәселелері де қозғалды.

Сенаторлар «Мұрагер-22» балық зауытында және «ГринКапиталҚазақстан» жылыжай кешенінде болды. Еңбек ұжымымен кездесу барысында депутаттар «Нұр Отан» партиясы кезекті съезінің негізгі қорытындылары туралы айтып берді. «Актеп» аграрлық кәсіпорын ұжымымен жүздесуде қызу талқылау өрістеді. Талқылаудың басты тақырыбы –ауылшаруашылығы өндірушілерін мемлекеттік субсидиялауды заңнама тұрғысынан реттеу мәселелері болды.

Алдағы күндерде сенаторлардың Хромтау, Алға және Мартөк аудандарының тұрғындарымен кездесуі жоспарланып отыр. Сондай-ақ, өңірдің бірқатар кәсіпорындарының жұмысымен танысу да алдағы жоспарда тұр.

Өз кезегінде  Сенат депутаттары Жеңіс Нұрғалиев пен Серік Бектұрғанов Қостанай облысына жұмыс сапары барысында жергілікті тұрғындармен, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілермен және Әулиекөл ауданындағы мемлекеттік органдардың өкілдерімен кездесті.

Депутаттар кездесулерде «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде Елбасы белгілеген маңызды мақсаттар мен әлеуметтік бастамалар туралы айтып берді. Жұртшылық өкілдері тарапынан қойылған ауылдық жердегі тұрғындарға шағын несие беру, білім беру мен денсаулық сақтау мәселелеріне қатысты сауалдарға жауап беріп, осы кезге дейін атқарылған және алдағы заң шығару жұмыстары туралы хабардар етті.

Атырау облысында жұмыс бабындағы сапармен жүрген Парламент Сенатының депутаттары Сәрсенбай Еңсегенов пен Ғұмар Дүйсембаев Индер ауданындағы Индербор кентінде жұртшылықпен кездесті.

Жұртшылық өкілдері, облыстық және аудандық мәслихат депутаттары, білім беру және денсаулық сақтау мекемелерінің қызметкерлері, қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысқан жүздесуде сенаторлар «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың әлеуметтік маңызды бастамаларын жан-жақты түсіндірді.

Биылғы жылдың Жастар жылы болып жариялануына орай қолға алынған маңызды шаралар туралы да айтылды. Сенаторлар көпбалалы табысы аз отбасыларды қолдау, күнкөрістің төменгі деңгейінің шегін көтеру жөніндегі әлеуметтік бастамаларға да тоқталды.

Жиынға қатысқан жергілікті тұрғындар депутаттарға аудандағы өзекті мәселелер мен өздерін толғандырған сауалдарды қойды. Кездесуге облыстық мәслихаттың хатшысы Өмірзақ Зинуллин, аудан әкімі Мейірім Қалауи қатысты.

Депутаттар сапар аясында Бөдене ауылындағы «Теңізшевройл» компаниясының қаржысына салынып жатқан мәдениет үйінің құрылысымен танысты. 2017 жылы пайдалуға берілуі тиіс ғимарат құрылысы баяулап, тоқтауға айналған. Нысанды қарайтын азаматтар өткен жылғы қараша айынан бері еңбекақыларын алмаған.

Сенаторлар қойылған сауалдарға жауап беріп, өзекті мәселелерді назарда ұстайтындарын жеткізді.

 

Аягөз Құрмаш 

Фото: Парламент Сенатының баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз: 

Атырау, Ақмола, Қарағанды: Сенаторлар өңірлерде не істеп жүр?

Ветеринарлық қауіпсіздік мәселелері Сенатта талқыланды

Қасым-Жомарт Тоқаев Мюнхен конференциясына қатысты

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды