• Басты
  • Цифрлық Қазақстан: Адам ба, әлде, робот па?
5 Наурыз, 2019 21:56

Цифрлық Қазақстан: Адам ба, әлде, робот па?

Компьютерлендіру дәуірі аяқталып, роботтандыру заманы басталғалы қашан. Жапония мен АҚШ, Германия мен Франция 70 жылдардың аяғы, 80 жылдардың басында-ақ барлық өндірісті роботтандыра бастады. Міне, 40 жыл өтті. Бұл елдер қазір сол жұмыстардың жемісін көріп отыр. Құрама штаттарда IT индустрияның дамығаны сонша, дүние жүзі мемлекеттерін компьтермен және оған тиесілі бағдарламалармен қамтамасыз етуде. Сіз оқып отырған, осы мақала да Майкрософттың өнімін пайдалану арқылы жазылған

Цифрлық Қазақстан: Адам ба, әлде, робот па? | Strategy2050.kz

«Банк аштым ба деп жүрсем, ай-ти компания ашыппын ғой» деген екен бір банкир. Шынымен де, қазір компьютерлік бағдарламалар дәуірі. Роботтандыру барлық салада қарқынды жүріп жатыр. Мемлекет қаржысының игерілуін бақылау, келсімшарттардың жасалуы және орындалу барысы, шығындарды есептеу және салыстырмалы талдау жүргізу сияқты т.б. жұмыстар жаппай автоматтандыруға көше бастаған.

Жасұлан Еселбаев – «Ernst&Yang» компаниясының менеджері: -"Бүгінде әлем бойынша 2 мыңнан астам роботымыз бар. Оның 700 есеп жүргізу, аудит жасау, құжат рәсімдеу сияқты ішкі процедураларға қатысты. Есептеп отырсақ, адам 2 миллион сағат жұмсайтын жұмысты автоматтандырған екенбіз. Демек, еңбек өнімділігі бірнеше жүз есеге артты. Бұл біздің ауыз толтырып айтуға тұрарлық үлкен жеңісіміз".

Мысалы, футбол ойнау үшін футбол алаңы керек. Сол сияқты, еліміздің ай-ти саласын дамыту үшін «Астана ХАБ» қажет болды. Елбасының тікелей қолдауымен ашылған «Astana Hub» IT стартаптар халықаралық технопаркінің бас директоры Әділет Нұрғожин былай дейді. 

- «Қазіргі таңда біздің жобалар аз уақыттың ішінде 300 млн теңгеден астам инвестиция тартты. «Астана Хаб» төңірегінде «Бизнес періштелері» қауымдастығын құрдық. Ондағы мақсат бизнесте жүрген ірі тұлғаларды жас мамандарға көмек бере алатын инвестор ретінде тартып жобаларға араластыру. Одан бөлек, бірнеше венчурлік қорлар аштық. Бұл стартаптардың нарыққа шығуына, нақты қадамдар жасауына үлкен көмек болмақ».

19 ғасырдың аяғында көліктер енді шыға бастаған тұста, темір тұлпар жүргізе білу ерекше мамандық болып есептелген. Себебі, екінің бірінде көлік бола бермейді. Тиісінше, оны жүргізу мүмкіндігі 1000 адамның 10 ғана болды. Егер сол заманда Сіз көлік басқара алсаңыз бірден құнды кадр болып шыға келер едіңіз. Бірақ кейін келе көлік нөпірінің көбейгені сонша, екінің бірі жүргізуші куәлігін иеленіп, көлік басқару деген түкке тұрғысыз сияқты болып қалды.

Болашақта ай-ти мамандығы да барлығы білуі тиіс үйеншікті құбылысқа айналмақ. Себебі, қай салада жұмыс атқармасаңыз да түгел процестер роботтандыру жолына түседі. Адам енгізген командалар мен белгілі бір әрекеттер тізімін робот мүлтіксіз орындайды.

Тибор Колеяк – «Microsoft Қазақстан» компаниясының бас директоры:     -"Бүгінгі таңда әлемде роботталмаған процестердің құны шамамен 1 трлн 300 млрд долларды құрап отыр. Бұл цифрландырумен айналысатын компанялардың болашақ табысы. Қазақстанда цифрландыру процесіне мемлекеттік деңгейде көңіл бөлініп отырғаны ай-ти салаға үлкен серпіліс беріп отыр. Цифрландырудың басты мақсаты қызмет көрсету сапасын арттыру болғандықтан, бұл үрдіс үнемі дами бермек".

Гаражында бір машинасы да жоқ компания әлемде жолаушылар тасымалдаудан бірінші орын алады дегенге сене аласыз ба? Немесе бір де бір сақтау қоймасы мен жүк көліктері болмаған кәсіпорын тауар тасымалдаудан алғашқы орында дегенге қалай иланасыз? Иә, қазір мүмкін емес нәрсе жоқ. Барлығы компьтерлік бағдарламаның арқасы. "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында жастарға қолдау көрсету үшін қолға алынған «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы Мырзағали Санжар "Астана Хаб" алаңында роботтандыру мен автоматтандыру, жасанды интеллект жайында тамаша баяндама жасады. 

Мырзағалым Санжар – «Microsoft Қазақстан» компаниясының өкілі:  -"2017 жылы АҚШ 45 Президенті Дональд Трамп осы елдің 35 Президенті Джон Кеннедидің өліміне қатысты мұрағаттағы мәліметтерді жариялау жөнінде тапсырма берді. Өзіңіз ойлап қараңыз, Джон Кеннедидің мезгілсіз қазасына қатысты 5 млн астам құжат бар екен. Олар қолмен жазылған, баспа машинасымен, я болмаса компьютерде терілген материалдар, фото деректер, түрлі көшірмелер т.б. Қазіргі таңда бұл құпия құжаттар шаң басқан архивтерде емес, компьтерлердің жадында сақталған. Жәй ғана сақталып қоймаған, рет-ретімен, жөн-жөнімен, тап-тұйнақтай, қыздың жасауындай сақтаулы тұр. Неге? Өйткені, бәрі компьтерде, арнайы бағдарламаның көмегімен істеледі. Мысалы, Ли Харви Освальд туралы білгіңіз келсе, оның аты-жөнін енгізсеңіз болды іздеу жүйесі оған қатысты барлық материалды Сіздің алдыңызға жайып салады. Қазіргі күні миллиондаған құжаттар сақталған архивтерде бұрынғыдай ондаған адам жұмыс істемейді. Барлығы автоматтандырылған. 1 әрі кетсе 2 адам түгел процесті компьтер арқылы басқарады".

Робот ауырмайды, демалмайды, түскі асқа бармайды. Оған жалақы, жәрдемақы, еңбек демалысы керек емес. Адам 1 сағат істейтін жұмысты робот 1 секундта атқарады. Егер бағдарлама дұрыс әзірленген болса, робот, тіпті, ешқашан қателеспейді. Бұдан шығар қорытынды – күнделікті өмірдегі бізге үйреншікті болған процестер болашақта роботтардың көмегімен істеледі. Жолаушылар ұшағының пилоттарын робот алмастыратын күн алыс емес. Бірақ осы трендтің соңында жүргенімізде жүздеген мың азаматтың жұмыссыз қалу қаупі бар. Сондықтан, Үкімет "Цифрлық Қазақстан" бағдарламасы аясында терең талдау жүргізу жұмыстарын жалғастырып, роботтарды емес, алдымен адамдарды жұмыспен қамтуды ойлауы тиіс.

Данияр Оралов 

Ұқсас мақалалар:

Ғылыми жаңалықты құқықтық қорғау: халықаралық тәжірибе және Қазақстан

«Цифрлық Жібек жолы» аясындағы Қазақстан-Қытай ынтымақтастығының дамуы

«Орта тап»: статистика мен шынайы жағдай

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды