• Басты
  • «Нұрлы жол» бағдарламасы: Инфрақұрылымдық дамудың жаңа саясаты
5 Наурыз, 2019 11:15

«Нұрлы жол» бағдарламасы: Инфрақұрылымдық дамудың жаңа саясаты

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға 2018 жылы барлық қаржыландыру көздерінен шамамен 791 млрд. теңге көзделген. 2018 жылдың қорытындысы бойынша 521,2 млрд.теңге ​ немесе 65,9% игерілді. «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша атқарылған істер мен жүзеге асырылатын жоспарлар туралы келесі материалдан оқи аласыздар.

«Нұрлы жол» бағдарламасы: Инфрақұрылымдық дамудың жаңа саясаты | Strategy2050.kz

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов республикалық бюджеттен 437,2 млрд. теңге қарастырылғанын, оның 437,1 млрд. теңгесі немесе 99,9% игерілгенін жеткізді.

Көліктік инфрақұрылымды дамыту бойынша

«Жалпы 4,6 мың км құрылыспен және реконструкциялаумен қамтылды және 2018 жылдың қорытындысы бойынша 528 км қозғалыс ашылды.928 км теміржолға күрделі жөндеу жүргізілді.129 бірлік жолаушы вагондарын сатып алуға келісім-шарт жасалды, оның ішінде 43 бірлік әкелінді.Қостанай облысында ұшу-қону жолағын реконструкциялау жүргізілді және Семей қаласының ұшу-қону жолағын реконструкциялау аяқталды», - деді Р.Дәленов.

​Энергетикалық инфрақұрылымды дамыту бойынша

​ «KEGOC» АҚ өз қаражаты және қарыздар есебінен «500 кВ Шүлбі ГЭС (Семей) – Ақтоғай – Талдықорған – Алма» жобасының екінші кезеңі аяқталды.2018 жылдың қорытындысы бойынша жоба пайдалануға берілді.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бойынша

«2018 жылы 2018 – 2019 жылдарға жоспарланған 290,6 км инженерлік желілердің 172,7 км немесе 59,4% салынды.Осылайша, инженерлік желілердің тозуы 60 пайыздан  57 пайызға  дейін төмендеді.Халықаралық қаржы ұйымдарымен жобаларды бірлесіп қаржыландыру бойынша.РБ қаражатынан 11,6 млрд.теңге бөлінді, оның ішінде 11,5 млрд. теңгесі игерілді. 60,8 млн.теңге мөлшеріндегі игерілмеу мемлекеттік сатып алу нәтижелері бойынша үнемдеу есебінен қалыптасты», - деді Р.Дәленов.

Халықаралық қаржы ұйымдары қаражатын бірлесіп қаржыландыру есебінен мынадай 4 жоба іске асырылды:

- ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі іске асыратын ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіруде 

-5,5 млрд.теңге игерілді;

- ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі іске асыратын жұмыс қабілеттілігі мен жұмыс орындарын ынталандыруды дамытуда 0,9 млрд.теңге игерілді;

- ҚР Білім және ғылым министрлігі іске асыратын Өнімді инновацияларды ынталандыруда 2,6 млрд.теңге игерілді;

- ҚР Ұлттық экономика министрлігі іске асыратын Қазақстанның орнықты дамуы мен өсуіне жәрдемдесу жөніндегі жобалардың іске асырылуын қамтамасыз етуде 2,5 млрд.теңге игерілді.

«2018 жылы мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жалпы ішкі өнім өсімінің үлесін 0,6 пайыздық тармақ деңгейінде қамтыды және 55 мың жұмыс орнын құру жоспары кезінде 86 мыңнан астам жұмыс  орнын ​ құруға мүмкіндік берді», - деді Р.Дәленов.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр  «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында автожол жобаларын іске асыру жалғасып жатқанын айтты.

«Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру басталғаннан бері автожол саласында 2 мың төрт жүз шақырым республикалық маңызы бар автожол салынды және қайта жаңғыртылды.Биыл 4 мың төрт жз шақырым жол қайта жаңғыртылады.Қарағандыдан Алматыға дейін және Ақтөбеден Ресей Федерациясы шекарасына дейін құрылыс жұмыстары басталады.Жыл соңында қайта жаңғыртылған 654 км автожол қозғалысын ашу жоспарлануда. Астана-Павлодар, Щучинск-Зеренді , Бейнеу-Ақжігіт , Таскескен-Бақты, Жетібай-Жаңаөзен  жобалары бойынша жұмыстар толығымен аяқталатын болады.Республикалық маңызы бар 1 мың алты жүз шақырым автожол жөнделеді», - деді Роман Скляр.

Автожол саласының мәжілісінде жол битумының тапшылығына қатысты мәселе көтерілген болатын.Аталған мәселені шешу үшін битум өнімінің экспортына тыйым салу мәселесін қарауыңызды сұраймын.

Сондай-ақ, бәсекеге қабілеттілік  глобалды индексінде автомобиль жолдары жағдайының рейтингі статистикалық көрсеткштері бойынша 59 орында.

« Арнайы сауалнама тәсілі көрсеткендей халықтың жергілікті желідегі жолдардың жағдайына қанағаттану деңгейі 106 орында тұр.Осыған байланысты, аймақаралық инфрақұрылымды жүйелік дамыту бойынша Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында жергілікті желідегі автожолдарды қаржыландыру 2018 жылы паритеттік негізде 156 млрд. теңгеге дейін жеткізілді, ол 4 мың шақырымнан  астам жолды жөндеуге мүмкіндік берді.Биылдан бастап қымбат күрделі жобалардан суық ресайклинг әдісі бойынша үнемді орташа жөндеуге өтеміз», - деді Р.Скляр.

Жергілікті желі жолдарын дамытуға қосымша қаржы бөлуге қатысты Мемлекет басшысының Нұр Отан партиясының сиезінде берген тапсырмасын орындау аясында қаржыландыру жыл сайын 200 миллиард теңгеге артатын болады. 

«Осындай қарқын келесі жылдарда да сақталады. Бұл 2025   жылға дейін шамамен 35 мың шақырым жолды жөндеуге және 95% жергілікті маңызы бар автожолдардың жағдайын жақсаратуға мүмкіндік береді.Азаматтық авиацияда көрсеткіштердің тұрақты өсімі байқалады. Мәселен, 2018 жылы транзиттік жолаушылар саны 900 мың адамға жетті. Бұл 2017 жылғыдан 45%  жоғары 2020 жылы транзиттік авиажолаушылар саны 1,6 млн. адамға жетеді деп отырмыз», - деді Р.Скляр.

Министр айтқандай,  биыл бірінші жартыжылдықта Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша тұңғыш ұлттық бюджеті төмен  Fly Arystan   авиакомпаниясын іске қосу жоспарлануда.

«Бірінші жылы «Эйр Астана» авиакомпаниясымен салыстырғанда 1 миллионға жуық жолаушыны  2 есе төмен бағамен тасымалдау жоспарлануда. Сондай-ақ, Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру аясында министрлік биыл «Эйр Астана» әуе компаниясымен бірлесіп Жапония, Нью-Йорк, Шанхай бағыттарында және әлемнің басқа да ірі қалаларына әуе қатынастарын ашу шараларын қабылдайтын болады. Биыл біз АҚШ-қа ұшу үшін аккредиттеу рәсімдерін бастаймыз. Министрлік Қазақстан мен АҚШ арасында Әуе қатынасы туралы үкіметаралық келісім жобасын даярлады, оған биыл наурыз айында қол қою жоспарлануда», - деді Р.Скляр.  

Жылумен, сумен жабдықтау және су тарту желілері жүйелерін жаңғырту саласында бюджеттік кредиттеу және субсидиялау механизмдері іске асырылып жатыр.

«Мемлекеттік бағдарлама басталғалы бері 230 млрд. теңгенің 404 жобасы іске асырылды.3 259 километр 700 метр жылумен, сумен жабдықтау және су тарту желілері, 24 қазандық, 71 басқа құрылыс нысандары салынды.Қабылданған шаралардың нәтижесінде 2015 жылдан бері желілердің тозуы 67 пайыздан  57%  дейін төмендеді. 2019 жылы 175 километр инженерлік желіні (41 км жылу желілері, 135 км сумен жабдықтау және су бұру желілері, сондай-ақ 3 бірлік басқа объектілер) қайта жаңғыртуға және салуға 37 миллиард 9 миллион теңге көзделген», - деді министр.

Бұдан бөлек, министрлік әкімдіктермен бірлесіп сумен жабдықтау және су тарту салаларындағы жобалардың тізімін жасады.

Сумен жабдықтаудың және су тартудың өзекті проблемаларын шешу үшін жыл сайын қосымша 20 миллиард теңге бөлінетін болады.

  Сондай-ақ, «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыру ел экономикасына әлеуметтік-экономикалық оң әсерін тигізді.

«Көлік инфрақұрылымының жай-күйі жақсарды, бұл республикалық автомобиль жолдарының, магистральдық темір жол желілерінің, логистикалық инфрақұрылымның өткізу қабілетін арттыруға мүмкіндік берді. Сондай-ақ, тұрғындар үшін көлікке қолжетімділік артты және бизнес үшін көлік шығындары төмендеді.Бұдан бөлек, Бағдарламаны іске асыру көлік саласындағы макроэкономикалық көрсеткіштердің қарқынын сақтап қана қоймай, сонымен қатар арттыруға мүмкіндік берді.Тек өткен жылдың өзінде негізгі капиталға салынған инвестициялардың нақты өсімі 6,1%  өсіп, шамамен 1,5 трлн.теңгені құрады. Бұл ретте, көлік қызметтерінің көлемі 4,6%,  еңбек өнімділігі 3,4%  өсті», - деді Р.Скляр.

 Көлік саласын дамыту бойынша алға қойылған міндеттерді одан әрі іске асыру «Нұрлы Жол» 2025  жылға дейін Мемлекеттік бағдарламасында көрініс табады.

«Әзірленетін бағдарлама аясында инфрақұрылымдық дамудың жаңа саясаты мынадай қағидаттарға негізделетін болады:Бірінші. Облыстық және аудандық деңгейге баса назар аудара отырып, халықтың өмір сүру сапасын арттыру. Екінші. Көлік түрлерін бірыңғай жүйеге біріктіру контекстінде көлік инфрақұрылымын дамыту. Үшінші.  Интеллектуалдық технологияларға, цифрландыруға және жаһандық жүйелерге интеграциялауға негізделген шешімдердің басымдығы», - деді ол.

Бүгінде Тұжырымдаманы әзірлеу жүргізілуде және биыл наурыз айында қарауға ұсынылатын болады.

«Бағдарлама жобасы маусым айына дейін жасалады, мемлекеттік органдармен келісу тамыз айына дейін аяқталады. Қыркүйек айында Республикалық бюджет комиссиясының және Үкімет мүшелерінің қарауына енгіземіз», - деді министр.

 

Аягөз Құрмаш 

Ұқсас тақырыптар: 

«Нұрлы жол»: Бағдарламаның 2018 жылғы қорытындысы

ИНФОГРАФИКА: «Нұрлы жол» мемлекеттік бағларламасының бюджеті

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды