- Басты
- Жаңалықтар
- Мемлекет басшысы Бүкіләлемдік тхэквондо федерациясының президентімен кездесті
Мемлекет басшысы Бүкіләлемдік тхэквондо федерациясының президентімен кездесті
«Қазақстан Президенті Бүкіләлемдік тхэквондо федерациясы басшысының сапарына ризашылығын білдіріп, ол еліміздегі бұл спорт түрінің дамуына одан әрі серпін беретінін айтты», - делінген хабарламада.
« Қазақстанның тхэквондо федерациясы Бүкіләлемдік тхэквондо федерациясы құрамына 1993 жылы кірді. Осы кезден бастап спорттық жекпе-жектің осы түрі біздің елде қарқынды дами бастады, 11 мың адам белсене айналысуда, 250-ге жуық жаттықтырушы жұмыс істейді. Қазақстандық спортшылар әлемдік жарыстарда 9 қола медаль иеленді, ал азиялық деңгейде алтын медаль да бар. Біз бұл тамаша спорт түрі одан әрі дами береді деген зор үміттеміз. Себебі, ол жастарды тәрбиелеуге және саламатты өмір салтын насихаттауға бағытталған. Мен сіздің сапарыңыз жастардың назарын осы спорт түріне одан әрі аудара түседі деп сенемін», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Бұған қоса, Мемлекет басшысы біздің ұлттың жауынгерлік өнерге бейім екенін, Қазақстанның басқа да жекпе-жектің және спорттың күш-қуатқа негізделген түрлерінде жақсы көрсеткіштерге қол жеткізгенін атап өтті.
Чунгвон Чо қабылдау үшін алғысын айтып, Қазақстанға тхэквондоның одан әрі таныла түсуіне бағытталған өз сапарының маңызды екеніне тоқталды.
«Мен Сіздің Қазақстанда және өзге де елдерде тхэквондоны дамытудағы білімділігіңізге тәнті болдым. Бүгінде Қазақстанның – тхэквондо бойынша жарыстарда Олимпиялық ойындардың тұрақты қатысушысы сіздің елдеріңіздің әлеуеті зор. Тхэквондо Қазақстанда жедел дамуда, ал спортшыларыңыз спорттың барлық түрі бойынша зор табысқа жетуде. Мен жуық арада Мемлекет басшысының қолдауымен сіздердің спортшыларыңыз олимпиялық алтын медальды иеленеді және әлем біріншіліктерінде жеңіп шығады деп сенемін. Қазіргі уақытта тхэквондо спорттық жекпе-жектің қарқынды дамып келе жатқан түрі болып саналады. Мысалы, әлемде онымен шамамен 80 млн. адам шұғылданады, ал Бүкіләлемдік тхэквондо федерациясына 205 ел мүшелікке өткен», – деді Чунгвон Чо.
Сонымен қатар, кездесуде жалпы және спорттық медицина саласындағы Қазақстан мен Корея Республикасы арасындағы өзара ықпалдастық, сондай-ақ денсаулық сақтау саласының әлемдік стандарттарын енгізу жөніндегі жобаларды іске асыру мәселелері қаралды.
Соңында Чунгвон Чо Нұрсұлтан Назарбаевқа тхэквондо (WTF) бойынша құрметті тоғызыншы дан дәрежесі белгісін, сондай-ақ тиісті белбеу мен кимоно тапсырды.
Мемлекет басшысы бұл кимоно алдағы кезде тхэквондо бойынша жоғарыдағы дан иеленген қазақстандық спортшыға тапсырылатынын айтты.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
«Құқықтық мемлекет» ұғымы және Қазақстан -
Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жай-күйі қалай -
Қандай білім беру ұйымдары мемлекеттік аттестаттаудан өтеді -
Мемлекет басшысы журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады