• Басты
  • Атырау, Ақмола, Қарағанды: Сенаторлар өңірлерде не істеп жүр?
4 Наурыз, 2019 17:20

Атырау, Ақмола, Қарағанды: Сенаторлар өңірлерде не істеп жүр?

Парламент Сенатының депутаты Сәрсенбай Еңсегенов Атырау облысына жұмыс бабындағы сапары аясында Геолог және Жалғансай ауылдарында болып, жергілікті тұрғындармен кездесті. Сондай-ақ, депутат Рысқали Әбдікеров Қарағанды​​ технология және сервис колледжінің оқытушыларымен және студенттерімен кездесті. Бұл жүздесулерде сенаторлар Мемлекет басшысының «Нұр Отан» партиясының XVIII cъезінде алға қойған негізгі міндеттерді жан-жақты түсіндірді. Сенаторлардың өңірлерге сапары туралы келесі материалдан оқи аласыздар.

Атырау, Ақмола, Қарағанды: Сенаторлар өңірлерде не істеп жүр? | Strategy2050.kz

Сенат депутаты  Сәрсенбай Еңсегенов Атырау облысында Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде Елбасы Н.Назарбаев ұсынған бастамалар сенатордың мұғалімдермен және студенттермен кездесуінің басты тақырыбы болды. Жүздесуде көп балалы отбасыларды әлеуметтік қорғау деңгейін көтеру, оларды тұрғын үймен қамтамасыз ету және аз қамтылған азаматтарға көмек көрсету мәселелері талқыланды.  Р. Әбдікеров мұғалімдер мен студенттердің көптеген сұрақтарына жан-жақты жауап берді.

Атап айтқанда, бюджет саласында еңбек ететін қызметкерлердің еңбекақысын 30 пайызға көтеру мәселесіне назар аударылды. Сенатордың айтуынша, әл-ауқатты жақсарту жөніндегі шаралар ел халқының елеулі бөлігінің әлеуметтік жағдайын айтарлықтай жақсартады.

Колледж директоры Жұмағали Мағзиев өз кезегінде барша азаматтарға, оның ішінде мұғалімдер мен жастарға уақытылы қамқорлық көрсеткені үшін мұғалімдердің атынан еліміздің басшылығына алғысын білдірді.

Сенатор білім ордасында болған кезде болашақта даярланатын мамандықтармен танысты және дәрісханаларда болды. Оқушылардың білім алудағы табыстары мен болашақ жоспарлары депутатқа кеңінен таныстырылды. Кәсіби біліктілікті анықтау жөніндегі WorldSkills республикалық және халықаралық жарыстардағы студенттердің жеңістері колледждің мақтанышы болып табылады.

Депутатқа студенттердің экономика және бизнес мектебінің жұмысы туралы да айтылды. Бүгінгі таңдағы сұранысқа ие мамандықтарды оқытудың арқасында түлектерді жұмысқа орналастыруда жақсы жетістіктер бар екені белгілі болды.

Сондай-ақ, Геолог ауылындағы  Қаныш Сәтпаев атындағы орта мектепте болған кездесуге қатысқан ұстаздар  мен білім ошағының қызметкерлері және биыл мектеп бітіретін жоғары сынып оқушылары «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасы туралы сауалдар қойды және биылғы жастар жылына байланысты жүзеге асатын шараларға назар аударды.

Сенатор Елбасының партия съезінде жария еткен бастамаларын іске асыру жөніндегі Парламенттің заң шығару жұмыстары туралы айтып берді.

Жалғансай орта мектебінде ауыл тұрғындарымен өткен кездесуге облыстық, аудандық мәслиxат депутаттары, аудан әкімі мен әкімдік қызметкерлері, қоғамдық кеңес пен ардагерлер және жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.

Ауыл тұрғындары Елбасының әлеуметтік бастамаларына қолдау білдіріп, ризашылықтарын жеткізді. Кездесуде зейнетақы, руxани тәрбие, ардагерлер туралы заң және жастарды қолдауға қатысты ұсыныстар айтылды.

Сондай-ақ, Парламент Сенатының депутаттары Рашит Әкімов, Дулат Құсдәулетов және Дәурен Әділбеков Ақмола облысына жұмыс бабындағы сапары аясында Шортанды ауданындағы «Қайнар» балалар мен жасөспірімдер клубы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерімен кездесті. Жүздесуде көпбалалы отбасыларды әлеуметтік қорғау және халықтың әлсіз топтарын мемлекеттік қолдау мәселелері жан-жақты талқыланды.

Шортанды ауылына сапар кезінде депутаттар 2017-2021 жылдарға арналған жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі «Еңбек» бағдарламасына қатысушы «Бастау-бизнес» бағдарламасы аясында ашылған сауда нысаны мен «SMAA» дүкенінде болды.

Аймақта полиэтилен өнімдерін шығаратын, 2014 жылы пайдалануға берілген «Полимер-Пласт» мекемесінде болған кезде сенаторлар өндіріс барысымен танысып, еңбек ұжымдарымен кездесті.

Сонымен қатар,  Парламент Сенатының депутаты Сергей Ершов Қарағанды облысына жұмыс бабындағы сапары аясында Нұра ауданындағы Нұра ауылының тұрғындарымен кездесті.

Аудан тұрғындарымен кездесу барысында Елбасының тапсырмаларын іске асыру жөніндегі Парламенттің заң шығару жұмыстары туралы жан-жақты айтылды.

Ауыл тұрғындары әлеуметтік мәселелер, көпбалалы отбасылар мен әлеуметтік аз қамтылған отбасыларды қолдау, сондай-ақ табысы төмен тұрғындардың жалақысын арттыру мәселелеріне қатысты сауалдар қойды.

Кездесуге қатысушылар өз аймақтарындағы өзекті мәселелерді көтеріп, әлеуметтік қолдаудың жаңа тетіктеріне назар аударды. Ауыл тұрғындары санының артуына байланысты жаңа үйлер салу, жұмыс орындарын ашу және өмір сүруге қолайлы жағдай жасау мәселелері айтылды. Ауданда дәрігерлік көмек алу, интернетке еркін кіру мүмкіндіктерінің жоқтығы да сөз болды.

Ауыл тұрғындарының мәселелерін тыңдап, әлеуметтік қолдаудың жаңа шарттарын түсіндірген сенатор №3 Киев жалпы білім беру мектебі мен Нұра аудандық ауруханасын аралады және Шахтер ауылында болды.

С.Ершов кездесулерде айтылған барлық мәселелер назарда болатынын айта келіп, «Тұрғындардың әлеуметтік мәселесін шешу – біздің басты міндетіміз», -  деді.

Аягөз Құрмаш

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды