- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан және БҰҰ: Ұлы Дала Елінің ұлағаты
Қазақстан және БҰҰ: Ұлы Дала Елінің ұлағаты
2018 жылғы желтоқсанда Қазақстан халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау үшін негізгі жауапкершілік жүктелген Біріккен Ұлттар Ұйымының басты органы – БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде екі жылдық жұмысын аяқтады.
Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі әлемге төнген қауіпті немесе агрессия актісін анықтауда жетекші рөл атқаратынын айтып, халықаралық санкцияларды енгізуге және БҰҰ қолдауымен әскери немесе бітімгершілік операцияларды жүргізуге құқылы екенін жеткізді.
«Мұнда әлемдегі ең шиеленіскен қақтығыстар мен дағдарыстар талқыланады, ал оның шешімдері халықаралық құқық нормаларына сәйкес БҰҰ барлық мүше елдері үшін міндетті болып табылады.Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2017 жылы 1 қаңтарда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне жолдаған «Қауіпсіз, әділ және өркендеген әлем құру үшін жаһандық әріптестікті нығайту жөніндегі Қазақстанның тұжырымдамалық көзқарасы» атты саяси Үндеуінде көзделген жеті басымдық біздің жұмысымыздың басты бағдарына айналды», - деді Б.Атамқұлов.
Сондай-ақ, министр Қазақстан Елбасы айқындаған 7 басымдықты сәтімен жүзеге асырғанын атап өтті.
Алғашқы бастама - Қарусыздану мен ядролық қаруды таратпау.
«Біз әлемдік қауымдастықтың ядролық қаруды таратпау режимін дәйекті нығайту және кеңейту арқылы планетаны ядролық қарудан арылту бойынша әлем қоғамдастығының күш-жігерлерін шоғырландыруды жалғастырдық. 2018 жылы қаңтарда өткен «Жаппай қырып-жою қаруларын таратпау: сенім шаралары» тақырыбындағы жоғары деңгейдегі тақырыптық брифингі БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі қазақстандық төрағалықтың басты оқиғасына айналды.Бұл іс-шара Қазақстан тарихындағы маңызды оқиға болды. Мемлекет басшысы алғаш рет БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалық етті және осы өзекті мәселе бойынша Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі басымдықтарын атай отырып, Кеңестің залында қазақ тілінде сөйледі», - деді Сыртқы істер министрі.
Министр осы тақырып бойынша «Әлем. XXI ғасыр» манифесі рухында ядролық қаруды таратпауды, жанжалдардың алдын алудың жан-жақты стратегиясының негізгі элементі ретінде алғаш рет тануға мүмкіндік бергенін айтты.
«Қауіпсіздік Кеңесі Қазақстанның ұсынысы бойынша, қақтығыстарды реттеу, қайда және қашан орынды болса, болашақ ұрпақтарды соғыс апатынан құтқару үшін мүше мемлекеттердің ортақ мақсаттарға жету жолындағы күш-жігерін біріктіру арқылы сенімді қалпына келтіру шараларын қамтуы мүмкін деген ережелерді құжат түрінде бекіткені маңызды. Бұл постулаттар Төрағаның 2018 жылдағы бірінші мәлімдемесі. Қауіпсіздік Кеңесінің саяси түрде міндетті құжатына енгізілген», - деді министр.
БҰҰ ҚК мен БА ресми құжатына айналған «Әлем. XXI ғасыр» манифесі осы жүзжылдықта әлемді соғыс қатерінен мүлде арылтатын және оның себептерін жоятын стратегияны іске асыруды адамзаттың ең басты міндеті ретінде белгіледі.
«Бұл ретте, біз соғыссыз әлем, ең алдымен, жанжалдардың түпкі факторларын жою деп түсіндік. Жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер – терроризм, зорлық-зомбылық экстремизмі, көші-қон және өзге де келеңсіз құбылыстар экономикалық дағдарыстың, кедейшіліктің, сауатсыздық пен жұмыссыздықтың, халықаралық қаржы, сауда мен даму саласындағы жаһандық бәсекелестіктің салдарлары болып табылады. Осыған орай, Қазақстанның Кеңестегі күш-жігері жаһандық және өңірлік деңгейде әскери текетірес дәрежесін төмендету арқылы жаһандық соғыстың қаупін толық жою және оның алдын алу үшін барынша жағдайлар жасауға бағытталды», - деді министр.
Күрделі келіссөздердің нәтижесінде Қазақстан 2045 жылы БҰҰ 100 жылдығы қарсаңында терроризмге қарсы және терроризмсіз әлемге қол жеткізу қажеттілігін БҰҰ ҚК ресми құжатында көрсете алды. Қауіпсіздік Кеңес өзінің саяси міндетті құжатында келесі ұрпақ үшін соғыссыз болашақ құрудың уақыт шегіне қатысты барлық мүшелердің келісімін алғаш рет бекітті.
«Бұл идеяны Қазақстан Президенті Н.Назарбаев 2015 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының мерейтойлық 70-сессиясында ұсынды. Жалпы алғанда, Мемлекет басшысы 1992 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясында АӨСШК туралы бастамасын жария етіп, сенім шараларын қолдануды және іске қосуды ұсынғаны мәлім.Әрине, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі және бейбітшілікті сақтау проблемалар жүйесі бойынша жұмысымыздың көрнекті нәтижесі Қазақстанның БҰҰ-ның бітімгершілік қызметіне қатысуының іс жүзіндегі жаңа кезеңі болды. 2018 жылы қазанда еліміз БҰҰ Ливандағы Уақытша күштерінде Үндістанмен бірге әскери қызметті өткеру үшін алғаш рет 120 адамнан тұратын бітімгершілік контингент жіберді», - деді Б.Атамқұлов.
Министр тарихи түрде Орталық Азияның ажырамас бөлігі болып табылатын Ауғанстанға экономикалық және әлеуметтік дамуда, бейбітшілік пен қауіпсіздікке төнген сын-қатерлерге қарсы тұруда, сондай-ақ, оның әлеуетін нығайтуға жан-жақты көмек көрсету әрдайым Қазақстанның сыртқы саяси басымдықтарының бірі ретінде қаралатынын айтты.
«Біз Қауіпсіздік Кеңесінде «Қауіпсіздік пен дамудың өзара тәуелділік үлгісі ретінде Ауғанстан мен Орталық Азияда өңірлік әріптестікті құру» атты біз үшін және біздің өңіріміз үшін өзекті тақырыпқа министрлер деңгейіндегі маңызды пікірталастарды ұйымдастыра алдық. Бұл пікірталастар ОА елдерінің сыртқы істер министрлерінің қатысуымен ұйымдастырылды.Осы пікірталастардың қорытындысы бойынша Орталық Азия мен Ауғанстан арасындағы әріптестікті орнату жөніндегі, өңірдің экономикалық дамуына және Ауғанстандағы халықаралық террористік ұйымдардың заңсыз қазметінен туындайтын қауіп-қатерлерді бәсеңдетуге жәрдемдесетін Қауіпсіздік Кеңесінің ресми құжаты қабылданды», - деді министр.
Сонымен қатар, Кеңес жетекші ойыншылардың қарама-қайшылығы салдарынан соңғы үш жыл бойы мүмкін болмаған Қазақстанның Орталық Азиядағы ахуал мен біздің аймағымыздағы БҰҰ Өңірлік орталығының алдын алу дипломатия бойынша қызметі жөнінде әзірлеген құжатын қабылдады.
«Терроризм халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздіктің ең басты және өткір проблемаларының бірі болып қала бермек және тұрақты даму мен гуманитарлық жағдайға теріс әсерін тигізуде. Халықаралық террористік топтардың қызметі әлемнің көптеген өңірлеріндегі жиі дағдарыстық құбылыстардың драйвері болып келеді. Сондықтан «ИГИЛ/ДАИШ», «Әл-Каида» және «Талибан»қозғалысы атты ең ірі террористік ұйымдармен қарсы күрес жөніндегі Кеңестің санкциялық комитеттерін басқару біз үшін оңай болмады. Дегенмен, Қазақстан Қауіпсіздік Кеңесінің осы қосалқы құрылымдарының жұмысына серпін бере отырып өз миссиясын абыроймен атқарып шықты деп ойлаймын», - деді Б.Атамқұлов.
БҰҰ мүше көптеген мемлекеттер Қазақстанның терроризмге қарсы күрестегі тиімді жұмысын және Қауіпсіздік Кеңесінің қосалқы органдарында табысты төрағалық еткенін мойындайды.
«Осылайша ҚК Төрағасы Ауғанстанға, Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне (Филиппин, Индонезия, Малайзия, Сингапур), Өзбекстанға және Ресейге сапар жасады. Біздің өкілдігіміз осы комитеттердің басшылары үшін бүлінген немесе терроризм қаупі бар елдерге сапармен барудың рекордын көрсетті.Терроризмнен азат әлемге қол жеткізу тәртібі кодексінің 2018 жылы қыркүйекте қабылданғаны осы бағыттағы жұмысымыздың басты нәтижесі болғаны сөзсіз. Бұл құжаттың мәнін қайта бағалау қиын. 2015 жылы БҰҰ штаб-пәтерінде айтылған құжатты қабылдау идеясы Мемлекет басшысына тиесілі. Нью-Йорктегі және БҰҰ мүше мемлекеттердің астаналарында қажырлы еңбекті талап еткен жұмыстың нәтижесінде қазақстандық дипломаттар алдына қойған міндеттерін орындап, 2045 жылға қарай жоспарланып отырған терроризмнен азат әлем үшін жаһандық коалицияны құруға қол жеткізді. Бүгінгі таңда халықаралық коалицияға әлемнің 80 жуық мемлекеті кіреді», - деді ол.
Министр атағандай, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің ағымдағы күн тәртібінің шамамен 75% Африкадағы қақтығыстарға арналған.
«Қауіпсіздік Кеңесінде атқарған жұмысының барысында қазақстандық делегация Африка тақырыбына қатысты жүзден аса отырысқа қатысты. Олардың арасында Орталық Африка Республикасы, Конго Демократиялық Республикасы, Бурунди, Судан және Оңтүстік Судан, Мали, Ливия, Сомали сияқты елдердегі ұзаққа созылған қақтығыстар бар. Африка мен дамушы әлемнің жеке мәселелері жалпы алғанда, өңіріміздің проблемаларына ұқсас. Әңгіме халықаралық терроризмге қарсы күрес, орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу мәселелері, гуманитарлық көмек көрсету, жұмыс орындарын құру, климаттың өзгеруіне қарсы күрес және көптеген басқа да мәселелер туралы болып отыр», - деді ол.
БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Эритреяға қарсы 2009 жылдан бері іс жүзінде әрекет еткен ұзақ жылдарға созылған санкцияларын алып тастау қазақстандық күш-жігердің практикалық нәтижесі болды.
Кеңес мүшелері Қазақстанның БҰҰ штаб-пәтерінде ұсынған жанжалдарды реттеу, алдын алу және олардың негізгі себептерімен күресу туралы жаңашыл стратегиясын қолдады.
«Бұл стратегияны әлемнің әр түкпірінде қолдануға болады және оның үлгілік стратегия болуына барлық негіз бар. Қауіпсіздік пен дамудың өзара тәуелділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ аймақтық тәсілдеме және бірыңғай құрылым ретінде БҰҰ қызметін штаб-пәтерде және жергілікті жерлерде үйлестіру оның негізгі элементі болып табылады. Бұл тұтастай алғанда Ұйымның тиімділігін, ашықтығын және есептілігін арттырады деп санаймыз. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің жұмысында еліміздің тағы бір символикалық, елеулі жолын атап өткіміз келеді. Қазақстан кезекті екі жылға сайланатын БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелерінің ұлттық туларын орнату салтанатты рәсімін өткізу дәстүрін қалыптастырды», - деді Б.Атамқұлов.
Сыртқы істер министрі Қазақстан өкілдері БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі екі жылғы жұмысында Қауіпсіздік Кеңесінің мыңдаған ашық және жабық отырыстарына, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі мүшелерінің бейресми кездесулері форматындағы отыз сегіз іс-шараға қатысқанын айтты.
Сондай-ақ, 115 қарар мен 48 Кеңес Төрағасының мәлімдемелерін қабылдауға үлес қосты. Бұл сандардың астарында біздің дипломаттарымыздың, Сыртқы істер министрлігі, оның шетелдердегі мекемелері, сонымен қатар, еліміздің басқа да мемлекеттік органдары қызметкерлерінің орасан зор жұмысы жатқанын елестету қиын емес.
«Қауіпсіздік Кеңесі мүшелерінің әлемнің әртүрлі өңірлеріне жасаған он екі дала сапарына Қазақстанның қатысуын айтарлықтай атап өту қажет. Бұл тікелей өздерінен өңірдегі жағдай мен одан кейін шешім қабылдау бойынша ақпарат алу үшін маңызды мәні бар. Еліміздің 2018 жылғы қаңтарда Қауіпсіздік Кеңесінде төрағалық кезінде Ауғанстанға осындай сапарлардың бірін ұйымдастырды, бұл ауған әріптестеріміздің тарапынан оң қабылданды және Ауғанстанның көшбасшысы А. Гани Мемлекет басшысына алғыс хатын жолдады. Біз БҰҰ алаңында белсенді жұмысты жалғастыруға, көпжақты ынтымақтастықты қолдауды, халықаралық дәрежеде танылған ережелерге негізделген әлемдік тәртіпті сақтауды, жаһандық сын-қатерлерді бірлесіп еңсеруді, бүкіл әлемдегі бейбітшілік пен ортақ дамуға жәрдем етуді жалғастыруға ниеттіміз», - деді Бейбіт Атамқұлов.
Аягөз Құрмаш
Ұқсас тақырыптар:
Ислам ынтымақтастық ұйымы: Ұлы істе ұяттық жоқ
Ислам ынтымақтастығы ұйымына мүше 56 мемлекеттің сыртқы істер министрі кездеседі
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы