• Басты
  • Бизнестегі әйелдер: Бізге моральдық әрі материалдық қолдау қажет
1 Наурыз, 2019 13:13

Бизнестегі әйелдер: Бізге моральдық әрі материалдық қолдау қажет

Астанада ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, түрлі министрліктер мен ведомстволардың өкілдері, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдар, сондай-ақ, бизнес өкілдері жұмыс орындарын құру және ауылдық жерлерде өмір сүру сапасын арттырудың үздік тәжірибелерін талқылады. Конференция барысында жұмыссыз әйелдерге өзінің экономикалық әл-ауқатын жақсартуға мүмкіндік беретін әртүрлі бағдарламалар, ауылдық жердегі шағын бизнесті мемлекеттік қолдау тетіктері таныстырылды.

Бизнестегі әйелдер: Бізге моральдық әрі материалдық қолдау қажет | Strategy2050.kz

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында ісін жаңа бастаған нәзік жандар арасында республикалык үздік бизнес-идея байқауын өткізу дәстүрге айналды. ​Елімізде әйелдер кәсіпкерлігін қолдаудың көптеген тетіктері бар. Жыл сайын осындай бағдарламаларға деген қызығушылығы артып келеді.

ҚР Парламенті  Мәжілісінің депутаты Майра Айсина ҚР Конституциясы бойынша әйел-ер деп бөлінбейтінін айтты.

«Ауылдағы адамдарды да қолдау жүзеге асырылып жатыр. Мемлекеттік бірқатар бағдарламалар, Қорлар бар. Несие де беріледі. Бұл  бастамаға 7 жыл толды. Ауылдық жерде несиені көбінесе ер адамдар алады, әйелдерге тимей қалады. Үйдің барлық шаруасын тындырып отырған әйелдердің де жақсы әлеуеті болады. Ауылды да еліміздің экономикасын дамытуға бағыттамасқа деген ой келеді. Coca-Cola компаниясы 2020 жылға дейін Әлем бойынша жұмыссыз жүрген  5 млн әйелге көмек көрсетеміз, оқытамыз деген жобалары бар. 7 жыл қатарынан бірге жұмыс  істеп келеміз», - деді М.Айсина.

Айтуынша, жоба 11 мың әйелге қолдау көрсеткен.

«Бұл жобаның ұтымды жері өзге бағдарламаларға қарағанда, біз ауылдарға өзіміз барамыз. Себебі, отаналары көп жағдайда үйін, бала-шағасын тастап жыраққа шыға алмайды. Біз  елді-мекендерге барып, қажетті ақпаратпен бөлісіп, жобалар жайында таныстырамыз», - деді ол.

Мәжіліс депутаты оқытулар алдымен Алматы және Ақмола облыстарында жүзеге асырылғанын жеткізді.

«Алғашында бағдарламаның жүзеге асуы, аспауы жөнінде күмән болды. Алайда, қазір ол қанатын жайып келеді. Өңірлерден сұраныс та келіп түсіп жатыр. Кезекті республикалық конкурс та жариялап отырмыз. Жылдың соңында 10 әйелге 4 мың доллар көлемінде грант беріледі», - деді ол.

Қазіргі таңда 5 өңірден аталған грантты ұтып алған 51 әйел жұмыс істеп жатыр.

«Біздің ұранымыз «Әр әйелге іс-елімізге табыс». Теңіз де тамшыдан құралады. Күні кеше «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде де Елбасы ауылға қатысты  «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасын қайта  жаңғырту, көп балалы жанұяларға көмек көрсету туралы тапсырмалар берген. Меніңше, мемлекеттік бағдарламаларды біз сол тарапқа бағыттауымыз керек. Кейде адамдарға балық емес, қармақ беру керек. Сол кезде оның нәтижесі де дұрыс болады, алға қойған мақсаттарға да тез жетуге мүмкіндік басым болмақ», - деді М.Айсина.

Сондай-ақ, депутат әйелдердің әлеуеті жоғары, талпыныстары мол екенін атап өтті.

«Бағдарлама бойынша грант беріп отырғанымыздың себебі, көп әйелдер несие алуға қорқақтайды. Жанұясын ойлағаннан, оны қайтара алам ба деген күмән билейді. Сондықтан, грант беріп үйреніп алсақ, әрі қарай өздері де несие алып, бизнеске бейімделеді», - деді Мәжіліс депутаты.

М.Айсина айтқандай,  бағдарламаға кез-келген қалаған адам қатыса алады. Өзінің жобасын түсінген, әрі қарай дамытуға ниеті бар адамдардың жобалары грантты ұтып алады.

«Біз мемлекеттік орган өкілдеріне де мемлекеттік бағдарламлаарды осы тарапқа қарай бағыттасақ деген ұсыныстарды айтып жатырмыз. Елбасының тапсырмасынан кейін  оны орындамауға болмайды. Үкімет те көңіл бөледі деген үміттеміз. Халықаралық ұйымдар да өз жобаларын енгізіп, әйелдерге қолдау көрсетуге ниетті», - деді М.Айсина.

Байқау жеңімпазы атанып өз кәсіпорынында жаңа жұмыс орындарын ашқандардын саны 130 жетті.

«Ауыл әйелдері өздерінің отбасылық бизнесін белсенді түрде дамыта бастады, нәтижесінде олар ел экономикасын алга жылжытуға септігін тигізуде, жақсы нәтижелер бар. Сонымен қатар, 2018 жылдың қараша айында «Қазақстанның ауылдық аумақтарын тұрақты дамытуға әйелдердің үлесі» атты ауыл әйелдерінің бірінші республикалық форумы ұйымдастырылды. Осы жылы қараша айында ауыл әйелдерінің екінші форумын өткізу жоспарланып отыр, онда да осы жылдың жеңімпазы марапатталады», -деп атап өтті «Жасыл экономика және G-Global дамыту Коалициясы» ЗТБ Басқарма төрағасы Салтанат Рахымбекова.

Аталған байқаудың операторы «Әлеуметтік Динамика» қоғамдық  қорының  директоры Елена Ожго байқау жыл сайын өткізілетінін атап өтті.

«Байқауға қатысудың шарттары өте жңіл. Қатысушы өзі туралы барлық ақпаратты беріп, бизнес-жоспарын таныстырады. Алдын-ала қатысушылар үшін арнайы тренингтер де ұйымдастырамыз. Ол Қарағанды, Алматы, Ақмола облыстарында өткізіледі. Әрине, тренингке қатысқандардың басымдығы олар көбірек ақпарат алады. Биыл біз кеңейіп жатырмыз, себебі, шағын несие компанияларымен ынтымақтастықты арттырудамыз», - деді Е.Ожго.

Шеберлік сыныптарының кестесі мен уақыты қордың сайты мен әлеуметтік желілерде жарияланады.

«Сондай-ақ, онлайн конкурс арқылы да қатысуға болады. Өтініштердің сапасы мен саны да артып келеді. Себебі, біз бастаған жылдары өтініш саны  70-80 болса, өткен жылдары 150-160, биыл олардың саны 314 жетті. Байқаудың өз ішінде бәсекелестік  пайда болды. 2018 жылы біз өз жобасын бұқаралық түрде қолдауды ұсындық. Бұқаралық қорғау  қатысушылар үшін де үлкен тәжірибе»,  - деді Елена Ожго.

Ол қазақ әйелдерінің әлеуеті өте жоғары екенін атап өтті.

«Мен осыдан жеті жыл бұрын және қазіргі кезде де бір нәрсеге көзім жетті. Ол біздің әйелдерге моральдық әрі материалдық  қолдау қажет. Ең қызығы моральдық қолдау көбірек қажет болып жатады. Ол қолдау отбасыдан, қоршаған ортасынан, туыстарынан көрсетілуі керек. Шеберлік сыныптарынан да қолдау бар екенін байқауға болады. Себебі, әйелдер ол платформаны сезіп, алға қарай ұмтылатын сенімге ие болады», - деді Е.Ожго.

Айта кетейік,  Қазақстанда 2012 жылдан бастап «Coca - Cola Белестері» - әйелдерді экономикалық қолдаудың ұзақ мерзімді бағдарламасы жұмыс істейді. Осы уақыт ішінде 11 мыңнан астам әйел  бизнес негіздерін, каржылык сауаттылықты игеріп, елімізде табысты қолданылатын «жасыл» технологияларды дамыту технолгияларымен танысты.

Аягөз Құрмаш

 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды