• Басты
  • Әр балаға 21 мың теңге - Н.Назарбаев
27 Ақпан, 2019 12:26

Әр балаға 21 мың теңге - Н.Назарбаев

Тәуелсіздік сарайында «Нұр Отан» партиясының XVIII съезі Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өтті. Съезге Президент әкімшілігінің өкілдері, Парламент депутаттары, Үкіметтің жаңа құрамы, партияның белсенді мүшелері, қоғам қайраткерлері, өңірлерден келген өкілдер қатысты. Елбасы халықтың әл-ауқатын арттыру үшін Үкімет пен мемлекеттік органдарға қандай нақты тапсырмалар жүктегенін келесі материалдан оқи аласыздар.

Әр балаға 21 мың теңге - Н.Назарбаев | Strategy2050.kz

Съезді «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев ашып берді.

«Бүгін біз съезд барысында 20 жылдағы партияның дамуын қорытындылап, мақсаттарымызды айқындаймыз. Бүгінгі отырысқа 179 делегат қатысып отыр. 21 делегат қатысқан жоқ. Барлығы дауыс берді. Партияның ресми съезін ашық деп жариялаймыз», - деді Мәулен Әшімбаев.

Осыдан соң Мәулен Әшімбаев партия сьезінің хаттамасымен таныстырып өтті.

«Партия делегаттары Мемлекет басшысының 20 жылға беріліп жатқан бағасын мұқият тыңдап отыр. Жалпы, бүгінгі сьездің күн тәртібінде мына төрт мәселе қаралады:  Бірінші -  Партияның 2030 жылға дейінгі бағдарламасын қабылдау,  екінші - Партияның құрамына өзгерістер мен толықтырулар енгізу,  үшінші - саяси құрамның жұмысына баға беріп, орталық комиссияның жұмысымен танысу. Саяси кеңес пен орталық бақылау комиссиясының жаңа құрамын бекіту», - деді Мәулен Әшімбаев.

Өз кезегінде Нұрсұлтан Назарбаев сьезд қонақтары мен қатысушыларын партияның 20 жылдық мерейтойымен құттықтады. Сондай-ақ, 20 жыл бойы иық тіресе жұмыс жасап, бірге келе жатқан қатарластарына алғыс айтты.

«Тәуелсіздігімізді нығайтып, мықты мемлекет құру үшін маңызды реформалар жасау керек болды. Әйтпесе, өркениет жолына бастайтын әлемдік даму көшінен қалып қояр едік. Сондықтан, «Нұр Отан» мықты саяси күшке айналып, нақты жұмыс көрсетті. Партияластарыма алғыс айтамын», - деді Елбасы Н.Назарбаев.

Елбасы алдымен қол жеткізген жетістіктерімізге тоқталып өтті. 

«Тәуелсіз мемлекет құрдық. Экспорттық сауда көлемі 9 есеге өсті. Халықтың әл -ауқатын көтермесе ке- келген экономикалық жетістіктің керегі жоқ».

Елбасы алға қойған мақсаттарды жүзеге асыру үшін қоғамды жұмылдырудың маңыздылығын айтты. 

«Құрметті партиялықтар, жаңа өмір жаңа талаптар туғызады. Айналамыздағы әлем перманентті-турбуленттік жағдайға түсуде. Бірақ біз бұл жағдайдан қорықпауымыз керек. Кез-келген дағдарыс осындай катаклизмдерден тұрады, ол бізге өсу үшін мүмкіндіктер береді. Ең бастысы дамудың дұрыс жолын таңдай білу. Алдымызға қойған мақсаттарға қол жеткізу үшін қоғамды жұмылдыра білу қажет. Өзіміздің алға қозғалысымызда қазіргі заманның  түйінді трендттерін ескеруіміз керек. Бүгінде мемлекеттер бәсекесі – нақты адамдардың бәсекесіне тіреліп отыр. Кез-келген экономикалық жетістіктер мен әлеуметтік бастамалар әр адамның әл-ауқатын жақсартпаса, құндылығы мен мәні болмайды. 21 ғасырдағы мемлекеттің дамуы мен өркендеуінің басты құпиясы осында», - деді Елбасы.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Ұлттық идеяны дамытудың  негізгі компоненттерін атап өтті.

«Бірінші -  ұлттық бірлік. Екінші - Тәуелсіз мемлекеттік бәсекеге қабілетті қуатты экономикасы. Үшінші  - өркендеген зияткер қоғам. Төртінші –әлем құрметтеген ел. Мұның барлығы Қазақстанның дамуында бар. Бірінші кезекте ол ұлттық бірліктің доктринасына тіркелуі керек. Ортақ тарих, ортақ құндылықтар, ортақ Отан және ортақ болашақ. Оны ісімізді жалғастыратын жастар есіне сақтаса деймін», - деді Елбасы.

Мемлекет басшысы ең күрделі кезеңде де әлеуметтік  міндеттер орындалып келгенін айтты.

«Елімізде әлеуметтік шығындардың деңгейі әрқашан жоғары болған. Ол болашақта дәйектілікпен өсе бермекші. Түрлі бағдарламалар мен бастамалар, жобалар шеңберінде әлеуметтік инвестицияларды жүзеге асыруды  және шығындарды азайтпауға тиіспіз», - деді Елбасы.

Мемлекет басшысы әлеуметтік саланы дамытудың тетіктерін айтып берді.

«Биыл әлеуміттік салаға республикалық бюджеттің шығынынан 45 пайызы жұмсалады деп күтіп отырмыз. Бірақ әлеуметтік блокта бірқатар мәселелер бар. Сондықтан, мен халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін Ұлттық қордан ақша бөлу туралы шешім қабылдадым. Бұл ақшаны әкімдер мен үкімет дұрыс жұмсауы керек. Соны қатаң бақылауда ұстаймын. Атаулы көмек ең мұқтаждарға берілуі керек. Мен өзім бұны жеке бақылауда ұстаймын және партиялықтардан қаражаттың расымен тек мұқтаждарға берілгенін бақылауда ұстауларын сұраймын», - деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев жалақыны өсіруге тапсырма берді.

«Біз мұғалімдердің жалақасын өсірдік, өздерінің кәсібилігін дәлелдегендерге 50 пайыз, жалпы 30 пайыз өсірдік. 1 шілдеден бастап бюджет саласындағы жалақасы ең аз адамдардың еңбекақысын 30 пайызға өсіруді тапсырамын. Миллионерлерге мемлекеттен тағы көмек берудің қажеті не? Кірісі аз отбасылар арасында 111 мың ғана отбасы атаулы көмек алады екен. Көп балалардың жәрдемақысын әрбір балаға 21 мың теңгеге жеткізуді  тапсырамын», - деді Елбасы.

Сонымен қатар,  Н. Назарбаев әкімдерге бюджеттегі қаржыны  тиімді  жұмсауға тапсырма берді.

«Халықты жұмыспен қамту мәселесіне мен айналып келемін. Әрбір отбасыға барып жұмыс ұсынуға я болмаса үйінен жұмыс істеуге ұсыныс айтуға болады. Әкімдерге айтарым, ақшаны күте тұруға болатын нысандарға емес, керек жерге жұмсаңдар. Осындай отбасыларға жеке жәрдемақы берілгенде көп балалы аналар мен мүгедектік үшін және басқа да әлеуметтік көмектерді есептемеу керек. Әйтпесе, бәрін есептей келгенде, олар ауқатты отбасы болып саналып кетеді», - деді Елбасы.

Елбасы әлеуметтік аз қамтылған азаматтарға да баспана бойынша көмек көрсетілетінін мәлімдеді.

«Баспанамен қамту мәселесі де маңызды. Үкіметке «Нұрлы жер»  арқылы 40 мыңға жуық пәтер салуды тапсырамын. Ол аренда жүйесіндегі пәтерлер болады және әлеуметтік аз қамтылғандарға арналады. Бұл үшін 7 жыл бойы жыл сайын 50 млрд теңге бөлінеді. Көп балалы мен толық емес отбасыларға, мүгедек баласы бар адамдар үшін тұрғын үй несиесін ТҚЖБ арқылы 3-5 пайызбен беруді тапсырамын. Ол үшін ТҚЖБ қосымша қаржы керек», - деді Н.Назарбаев.

 Елбасы  әкімдердің  халыққа жақын болуы керегін айтып өтті.

«Қазір әкім жылына бір рет есеп беретін болды. Бұл не деген сөз? Әкім халықпен бір күн емес, күнде кездесуі керек. Халықпен кездесу үшін бір жыл күтудің қажеті қанша?! Көрсеткіш қуалап, популизммен айналысудың қажеті жоқ.  Маңыздысы есеп емес, аймақтағы халықтың жағдайы», - деді Елбасы.

Президент әкімдердің халықпен кездесу форматын ауыстыру керектігін және болашақта кездесулерді қалай өткізу керектігін ойластыруды сұрады.

«Негізі бір аймақта жол жақсы , бір жерде олай емес. Кейбір әкімдер жақсы жұмыс істейді, кейбірі жұмыс істеймейтін болып отыр ғой. Әкім халыққа жақын болуы керек», - деді Елбасы.

Ұлт көшбасшысы Алматы қаласының шетіндегі жағдайды еске алып, небәрі 15 шаршы метрде тұратындарды полиция тексеріп, тіркеуге алғандарын айтты. Басқа қалалар осыдан үлгі алғанын қалайтынын жеткізді.

«Қосымша 140 млрд теңгені газдандыруға бөлуді тапсырамын. Осылайша 1,1 млн адамды газбен қамтимыз. Осы мақсаттар үшін 920 млрд теңге қарастыруды тапсырамын», - деді Елбасы.

Н. Назарбаев аймақ басшыларына болашағы бар ауылдарды іріктеп алуды тапсырды. Бұл ретте, ол Есімовтың Ауыл шаруашылығы министрі болып тұрған кездегі жұмысын атап, болашағы бар ауылдарды, дамуды қажет ететін және оншақты үй қалған ауылдарды анықтағанын, ондай жерлерге аурухана салғанша, болашағы бар жерлерге интернат салуды ұсынғанын айтты.

«Аймақтардың көлік инфрақұрылымындағы нысандарды, әуежайларды, вокзалдарды жақсарту керек. Мен Мехикодағы қала шетін әлі ұмыта алмаймын. Адамдар ол жақтан жұмыс іздесе, түратын жер таппайды. Сондықтан, бізде де 2019-2020 жылдары қалалардың шетін жақсартуға 19 млрд бөлуді тапсырамын», - деді Елбасы.

ҚР Тұңғыш Президенті ауылдардың жағдайын жақсарту қажеттігін айтты.

«Біздің ауылдарды даму нүктесіне айналдыру керек. Қытайдың индустрияландыруды қалай бастағаны есіме түсіп отыр. Олар ауыл шаруашылығын дамытты, электроника шығара бастады. Біз электроника ойлап шығармай-ақ қояйық, бірақ ауылда жұмыс орындарын ашуға болады ғой», - деді Елбасы.

Осы орайда Мемлекет басшысы  Атамекен мен әкімдіктерге осы мәселені назарда ұстап, шағын және орта кәсіпті дамытуды тапсырды.

«Ауыл дамуына мән беріп, ауылдағыларға жұмыс берсең, істейді. Үй салып, инфраструктураны дамытсақ, бізге ауылдан халық тартыла бастайды. Үлгі бола алатын ауылдар бар, осы орайда үкіметке "Ауыл -ел бесігі" бағдарламасын құруды тапсырамын. ол үшін 90 млрд теңге бөлініп, 2019-2020 жылдары игерілуі керек», - деді Елбасы.

Сонымен қатар,  кеден қызметінде шикіліктердің көп екенін айтып өтті.  

«Қаржы министрлігі де мемлекеттік сатып алуларды сылтау етіп отыр. Сондықтан, осы салаларда тексеру жүргізіп, салық әкімшілігін дұрыстап, ақша үнемдеу керек екенін міндеттеді», - деді ол.

Елбасы «Нұр Отанның» дәл қазір қоғамдық бақылау әдісі арқылы жұмыс істеуін күшейту керектігіне де тоқталды.

«Барлық бағдарламалар қарастырылған. Индустриялық бағдаралама бар, ауыл шаруашылығы бар, білім бағдарламасы бар, денсаулық сақтау бағдарламасы бар. Бағдарламаның бәрі бар, қаржыны бердік. Сол бағдарламалар орындалса, халықтың жағдайы түзеледі», - деді Елбасы.

Назарбаев бюджетті бақылап, әрбір теңгенің қайда жұмсалып жатқанын қадағалаудан, аурухана мен мектептер салып, жол жөндеуден басқа Үкіметтің негізгі жұмысы болуы тиіс екенін айтты.

 Нақтырақ айтсақ, Президенттің пайымдауынша, Үкіметтің басты назары нақты жұмыстарда болу керек.

«Партияның дәрежесін көтеріп, ел алдына жұмыс жасайық. Партияның экономикалық бөлімін, мониторинг кабинетін құрамыз. Халыққа көмек көрсету бағдарламасын күшейту керек», - деді ол.

Осыған орай Елбасы  тоқсан сайын атқарылған жұмыстардың есебін өткізуді тапсырды.

«Сондықтан, «Нұр Отанға»  Президент әкімшілігімен бірге квартал сайын жауапты органдардың есептерін маған жеткізіп отыруын бұйырамын. «Нұр Отан», «Атамекен»  бірігіп, мақсатты бағдарламаны жүзеге асырулары керек».

Елбасы жемқорлықпен күреске де баса назар аударды.

«Жемқорлықты жоюға қатты көңіл бөлу керек. Әсіресе, жастар арасында. Биыл жастар жылы, олар - біздің болашағымыз. Ал партия жас кадрларды қолдауға көңіл бөлсін. "Нұр отан" мүшелерінің бәрі нағыз ұлтжанды болып, жоғары құрметке ие болуы керек. Біз бүгін сан қуаламай, сапаға көшеміз. Партия мүшелерінің сапасы маңызды. Партиялық шаралардың бәрінің мазмұнына аса көңіл бөлу керек. Біз халықтың шын жағдайымен танысып, шешімдерді ұсынуымыз керек. Бұл біздің қолдан келеді», - деді Елбасы.

Аягөз Құрмаш 

Фото: Бауыржан Жуасбаев 

Ұқсас мақалалар:

Пәтер іздеп жүр едік немесе үкілеген үмітті Үкімет ақтай ала ма?

Бақуатты қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты

Инфографика: қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды