- Басты
- Жаңалықтар
- Елбасының Жолдауы өзгелерден көмек күту сезімінен арылтады
Елбасының Жолдауы өзгелерден көмек күту сезімінен арылтады
«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің әр Жолдауында кез-келген қазақстандыққа қатысты мәселелерді көтереді. Мен әр Жолдаудан өзім және жақындарым үшін жаңалық күтемін. Бұл ретте кезекті Жолдау көңілімізден шықты. Бастысы Елбасының мүгедектерге көптеп көңіл бөлінуін назарда ұстау қажеттігін баса айтқаны қуантты. Жолдауда зағиптардың қызмет көрсету, тамақ өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істеуіне болады деп жазылған. Осындай жарқын мысал ретінде мен өзімді айта аламын»,- деді ІІ топ мүгедегі Айгүл Тұнғатарова.
Оның айтуынша, Елбасының 2010 жылы шыққан Жолдауындағы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы кейіпкердің өмірін түбегейлі өзгерткен. Ол ІІ топ мүгедегі болуына қарамастан төсек жабдықтарын жасайтын өндіріс жеке бизнесін ашқан. Сондай-ақ, кәсіпкерлік оның отбасылық жағдайын біршама жақсартқан. Айгүл онымен қоса ұзақ уақыт бойы жұмыс таба алмай көптеген кәсіпорындардың табалдырығын тоздырған қос ІІ топ мүгедектерін жұмысқа алған.
«Мен өз жұмысшыларымның жағдайын жақсы түсінемін, себебі кезінде өзімде екі қолға бір күрек таба алмай сандалғанмын. Жалпы, мен мүгедектерді жұмыспен қамту керек ұстанымымнан ешқашан бас тартқан емеспін. Бүгінде менің ұжымымда нәпақасын айырып жүрген 13 азаматтың 4-уі кембағал жандар. Негізі, біз халық санатының қай-қайсысы болса да оларды өзгелерден көмек күту дағдысынан арылтуымыз кере», - деп өз ойын А.Тұнғатарова қорытындылады.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Сотталғандарға қандай медициналық көмек көрсетіледі -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
Президент жолдауынан басталған игі істер -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және МӘМС жүйесі -
COVID-19: Әлем елдері Үндістанға көмек қолын созуда, ал Түркия мен Пәкістан жаппай локдаун енгізбекші -
Елордада Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 1 млн теңге көлемінде қаржылай көмек беріледі -
Көктемгі су тасқыны: алдын алу шаралары, су басқан аймақтарға көмек -
Ұлт саулығы Ұлттық кеңестің назарында -
2021 жылғы қаңтар-ақпанда 649 мыңнан астам адам әлеуметтік көмек алды