• Басты
  • 5267 пән мұғаліміне тапшылық туындап отыр – А.Аймағамбетов
31 Қаңтар, 2020 16:35

5267 пән мұғаліміне тапшылық туындап отыр – А.Аймағамбетов

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов министрліктің алқа отырысында мәлімдеді, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

 


5267 пән мұғаліміне тапшылық туындап отыр – А.Аймағамбетов

«2019 жыл БҒМ үшін маңызды жыл болды. Ең біріншіден, Тәуелсіздік тарихында бірінші рет педагог мәртебесін көтеретін «Педагог мәртебесі туралы» ҚР заңы қабылданды. Екіншіден, білім беру және одан дамыту туралы 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарлама қабылданды. Білім саласын, білім беру жүйесі бойынша бірқатар нормативтік құқықтық актілер енгізілді. Ең бастысы, барлық қабылданған заңдар, бағдарламалар тиісті, қажетті деңгейде қолға алынды... Кеше, бүгін де осы нормативтік-құқықтық актілерді қабылдау үшін сіздермен бірге талқылап жатырмыз. Әлі де ұсыныстар болса қабылдаймыз. Министрлік ашықтық саясатты қолдаймыз», - деді А.Аймағамбетов.

Сонымен қатар, министр
мектепке дейінгі білім беру мен тәрбиеге келетін болсақ, жеке меншік балабақшалардың үлесі 41% дейін ұлғайғанын айтты.

«3-6 жас аралығындағы балаларды балабақшамен қамту 98% жетті. Орта білім беруде мектеп оқушыларының 95% жаңартылған білім беру бағдарламасына ауысты. 446 мектеп жан басына қаржыландыруға көшті. 113 жеке меншік мектепте мемлекеттік тапсырыс орнатылды. Көптен бері осы мәселені айтып кеткен болатынбыз. Бұл саясат өз нәтижесін беріп келеді. Алдынғы жылы 71 жеке меншік мектеп ашылды. Келесі жылы біздің жоспарымызға сәйкес 100 жаңа мектеп ашу көзделіп отыр», - деді ол.

Сонымен қатар, министр айтқандай, үш ауысымды мектеп мәселесі әлі шешілген жоқ.

«Балаларды сабақтан тыс уақытта қосымша білім берумен қамту төмен деңгейде қалып отыр. Оны біз айтуымыз керек. Бізде мектепішілік үйірмелер мен іс-шаралар туралы заңдар бар. Қазір біз қосымша білім беру ұйымдарын көбейтуіміз керек. Олардың санын көбейту мәселесі жаңа бағдарламада бекітілген. Сондықтан бұл саясатты қолдаймыз», - деді ол.

Министр білім сапасы мен кадр тапшылығына да тоқтады.

«Pisa халықаралық ұйымның зерттеуі бойынша Қазақстандағы орта білімдегі ең жоғарғы және ең төменгі білімді теңестіру уақыты 2 жылды құрап отыр. 3-6 жастағы балаларды біліммен қамту Қазақстан бойыншаа 100 пайызға орындалып отыр. Ең жоғарғы көрсеткіш Қостанай облысында 99,8 пайызды құрап отыр. Кейін Алматы облысы, Атырау, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары тұр. Бұл орайда ең төмен көрсеткішті Алматы қаласы (86,9 пайызды) құрап отыр. Ал, мектепке дейінгі білім беру ұйымдары білім қажеттілігіне жауап беріп отырған аймақтарды пайыздық көрсеткішпен алатын болсақ, Шымкент қаласы көш бастап 23,9 пайызды құрады», - деді ол.

Сонымен қатар, министр ТжКБ бойынша қол жеткізілмеген көрсеткіштерге тоқталды.

«ТжКБ ұйымдарына студенттерді қабылдау мемлекеттік тапсырыс бойынша 3831 адамға қысқартылды. Қазақстан бойынша аталған жүйе бойынша заманауи қондырғылармен қамту үлесі 51,5 пайызды құрап отыр», - деді ол.

Сондай-ақ, министр мектептерді бейнебақылау мен жылы дәретханалармен қамту мәселесіне де тоқтады.

«1220 мектеп пен 1628 балабақшада бейнебақылау жүйесі орнатылмаған. 2352 мектептің дәретханасы далада орналасқан. Оның 2205-і ауылдық жердің мектептері», - деді министр.

Сондай-ақ, Асхат Аймағамбетов саладағы кадр тапшылығы туралы айтты.

«464 мектепте директор жоқ. 199 мектепте байқау үрдісі жүріп жатыр. 265 мектепте байқау жариялау керек. 5267 пән мұғаліміне тапшылық туындап отыр. Орыс тілі пәнінен 936 мұғалім керек. 754 мұғалім бастауыш сыныптарға қажет», - деді ол.

Аягөз Құрмаш

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды