- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтөбе облысының жаңа әкімі таныстырылды
Ақтөбе облысының жаңа әкімі таныстырылды
Оңдасын Сейілұлы Оразалин 1963 жылы дүниеге келген. Ақтөбе педагогикалық институтын, С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдаған. Мемлекеттік қызметте әртүрлі лауазымдарды атқарған, коммерциялық секторда жұмыс істеген. Атап айтсақ, Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданының әкімі, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары. 2017 жылғы наурыздан бастап ҚР Президентінің Әкімшілігі басшысының орынбасары болып еңбек еткен.
А. Мамин кезектен тыс сессия қорытындысы бойынша Ақтөбе облысының активімен кездесу өткізді. Премьер-Министр Б. Сапарбаевқа өңірдің дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдірді. Жұмыстың 4 жылында облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуында елеулі нәтижелерге қол жеткізілді: жаңа индустриялық жобалар іске асырылды, әлеуметтік салаға үлкен серпін берілді. А. Мамин Б. Сапарбаевқа жаңа қызметінде табыс тілеп, Елбасының көрсеткен жоғары сенімін абыроймен ақтайтынына сенім білдірді. Еске сала кетейік, ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Жарлығымен Б. Сапарбаев Ақтөбе облысының әкімі қызметінен босатылып, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды.
Премьер-Министр жаңа әкімді таныстыру барысында О. Оразалиннің түрлі жауапты басшылық лауазымдарда, соның ішінде Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары қызметінде үлкен жұмыс тәжірибесі бар екенін атап өтті. Соңғы жылдары ҚР Президентінің Әкімшілігі басшысының орынбасары болып қызмет еткен. Ол өңірлік жұмыстың, сондай-ақ әлеуметтік жаңғыру саласының қыр-сырын меңгерген. А. Мамин жаңа әкімге сәттілік тілеп, О. Оразалин облыс активімен бірлесіп, Елбасы алға қойған міндеттердің сапалы орындалуын қамтамасыз ететініне сенім білдірді.
-
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары