- Басты
- Жаңалықтар
- Асқар Мәмин: Нақты істер Үкіметіне айналуымыз тиіс
Асқар Мәмин: Нақты істер Үкіметіне айналуымыз тиіс
Асқар Ұзақбайұлы алғаш кірген министрлердің ант беру рәсімін бастамас бұрын артылған сенімді ақтау керектігін атап өтті.
"Құрметті Үкімет мүшелері, Мемлекет басшысы бізге үлкен сенім артып отыр. Бұл асқан жауапкершілік. Сол сенімді ақтауымыз керек. Үкіметтің жаңа құрамы айқын нәтижелерге бағдар алған нақты істер Үкіметіне айналуы тиіс".
Асқар Ұзақбайұлының сөйлеген сөзінен-ақ, оның өте білікті, өз-өзіне сенімді саясаткер екені бірден аңғарылды. Соңғы бір жарым жыл уақытта ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары болып жүруі жаңа премьердің елдегі барлық жағдайдан, істелініп жатқан жұмыстардан толық хабардар екенін білдіреді.
«Мемлекет басшысы еліміздің әлеуметтік және экономикалық дамуын жаңа сапалы деңгейге шығару, халықтың табысы мен тұрмыс деңгейін арттыру, тиімді жаңа жұмыс орындарын құру, шағын және орта бизнесті дамытуды бірінші кезекке қойып отыр. Осындай нақты іс-шаралар нәтижесінде халықтың әл-ауқатын арттыра аламыз», - деп атап өтті Асқар Ұзақбайұлы.
ҚР Премьер-министрі ертең Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтетін еліміздің жетекші саяси құрылымы «Нұр-Отан» халықтық-демократиялық партиясының съезіне тоқтала кетті.
«Ертең «Нұр-Отан» партиясының съезінде халықты әлеуметтік қолдауды күшейту және олардың тұрмыс сапасын арттыру бойынша бірқатар жаңа шаралар жарияланады. Осыған орай келесі Үкімет отырысында Елбасының тапсырмаларын орындауға бағытталған шараларды талқылайтын боламыз», - деді Асқар Мәмин.
Ізінше «ҚР Үкіметі туралы» конституциялық заңын орындау мақсатында жаңа министрлер Ата заңға қолдарын қойып тұрып халық алдында адал жұмыс істеуге ант берді. Олар - Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі қызметіне келген Ерболат Дәленов, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі болған Сапархан Омаров, ҚР Білім жəне ғылым министрі Күлəш Шәмшидинова мен ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр.
Данияр Оралов
Фото: Бауыржан Жуасбаев
Ұқсас мақалалар:
Халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған – Съезд туралы пікірлер
Әр балаға 21 мың теңге - Н.Назарбаев
Бақуатты қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты
Инфографика: қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру
-
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек -
Президент жолдауынан басталған игі істер -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Жолдау-2021: Ғылым саласындағы негізгі өзгерістер -
Ядролық сынақтың салдарына баға берілді ме? -
Антикор: Қылмыстық істер бойынша 110 лауазымды тұлға ұсталды -
30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» аясында қандай іс-шаралар атқарылып жатыр -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару: Қазақстанда 7 449 жаңа басқару нысаны құрылды