- Басты
- Жаңалықтар
- Ерболат Досаев ҚР Ұлттық банк төрағасы қызметіне келді
Ерболат Досаев ҚР Ұлттық банк төрағасы қызметіне келді
«Мемлекет басшысы ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышевтің отставкасын қабыл алды. Мен Сіздердің алдарыңызға мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жаңа кандидатураны ұсынуға келдім. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бұл қызметке Ерболат Асқарбекұлы Досаевты ұсынып отыр. ҚР Конституциясының 55 бабына сәйкес, сенаттың келісім беруін сұраймын», - деді президент әкімшілігінің жетекшісі Әсет Исекешов.
Ерболат Досаев 1970 жылы 21 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген. Алматы энергетика институты мен Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университетін электронды техника инженері мамандығы бойынша тәмамдаған. 2017 жылдың тамыз айынан бастап ҚР Премьер-министрінің орынбасары қызметін атқарған.
Данияр Ақышев болса ҚР Ұлттық банкі төрағасы лауазымында 2015 жылдың қараша айында келген болатын.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды -
Ұлттық қордың қаражаты: Кіріс пен шығын өлшемі -
Қазақстандағы банк секторының даму бағыты -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды