- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Премьер-Министрі болып Асқар Мамин тағайындалды
ҚР Премьер-Министрі болып Асқар Мамин тағайындалды
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысы ҚР Парламентінде өткен пленарлық отырыста бірауыздан мақұлданды. Бұл жайында Ақорданың әлеуметтік желілердегі парақшаларының бірінде мәлім болды.
«Үкімет отставкаға кетті. Осыған байланысты жаңа Премьер-Министр Асқар Мәминнің кандидатурасын ұсынып отырмын. Оның мол тәжірибесі бар. Ширек ғасырдан бері бірге жұмыс істеп келеміз. Қала әкімі, көлік министрі, Премьер-Министрдің бірінші орынбасары болды. Оның жетекшілігімен, әсіресе, инфрақұрылымды дамыту саласында, көп жұмыс атқарылды», – деді Қазақстан Президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев Асқар Мәминнің интеграциялық бірлестіктердің жұмысына, сондай-ақ, бірлескен жобаларды іске асыруға белсенді атсалысқанын айтты.
«Қазір күрделі кезең. Алдымызда маңызды міндеттер тұр. Алға жылдам ұмтылуымыз керек», – деді Мемлекет басшысы.
Жиын барысында Парламент Мәжілісіндегі саяси партиялар фракцияларының жетекшілері мен комитет төрағалары Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі лауазымына ұсынылған Асқар Маминнің кандидатурасын қолдады.
Асқар Мамин 1965 жылы 23 қазанда дүниеге келген. 1987 жылы Целиноград инженер құрылысы институтын, 2003 жылы Г. Б. Плеханов атындағы Ресей экономикалық академиясын инженер-құрылысшы, экономист мамандығы бойынша тәмамдаған.
2016 жылдың қыркүйек айынан бері Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болды.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару: Қазақстанда 7 449 жаңа басқару нысаны құрылды -
Арқа төріндегі Арайлы астана жылнамасы -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
Қаржы министрлігі: Бюджет шығыстары мен кірістері, мемлекеттік активтерді басқару және мемлекеттік аудит -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
ҚР экономикасы: Бес айда не өзгерді -
Әкімдерді сайлау: «Бұл - жергілікті өзін-өзі басқару институтын дамыту жолындағы заңды қадам» -
ТЖМ: шомылу маусымы, Риддердегі өрт пен Алматыдағы жер сілкінісінің алдын алу -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар