• Басты
  • Атырау облысында көп балалы отбасыларға әлеуметтік көмек артады
22 Ақпан, 2019 12:09

Атырау облысында көп балалы отбасыларға әлеуметтік көмек артады

Атырау облысында көп балалы, жалғызбасты және аз қамтылған жанұяларды қолдауға ерекше көңіл бөлінбек. Өңір басшысы Нұрлан Асқарұлы Ноғаев халық алдындағы есеп беруі кезінде қолға алынып жатқан жұмыстар туралы баяндады.
Атырау облысында  көп балалы отбасыларға әлеуметтік көмек артады

Қазір аймақта көп балалы жұмыссыз аналарды, жалғызбасты, мүгедек бала тәрбиелеп отырған және әлеуметтік жағынан аз қамтылған аналарды қолдауға бағытталған жаңа шаралар жасалған.

Аналар жаңа мамандық меңгерудің қысқа мерзімді курстарына қатысады. Бірінші кезеңде 200 адам қамтылады. Әйелдердің таңдауларына 10 кәсіби бағыт беріліп, курс 15 күнге дейін созылады. Оқу аяқталған соң қатысушыларға сертификат үлестіріледі.

«Курстарды Азаматтық орталықтың мамандары дайындады. Біздің мақсатымыз – әйелдерді кәсіпкерлік негіздеріне оқыту, сол арқылы өз істерін бастап, мақсаттарын айқындап, алға қарай дамуларына қолдау көрсету. Бүгінде өңірдегі кәсіпкерлердің 47% - әйелдер. Бұл көрсеткішті әлі де арттыру керек», - деді Атырау облысының әкімі.

Жұмыссыз аналарды оқытатын он бағыттың ішінде тігінші, аспаз, шаштараз, маникюр, визаж, бухгалтерия, емдік массаж, интернет-сауда дағдысы, SMM секілді курстар бар. Оқу аптасына үш рет жүреді, наурыз айынан бастап топ жиналады.

«Курс барысында әйелдер жаңа мамандықты игеріп қана қоймай, әлеуметтік желілерде іс жүргізу, маркетинг пен бизнес негіздерін онлайн режимде оқи алады», - деді Нұрлан Ноғаев.

Айта кетейік, Атырау облысында 1 ақпан 2019 жылғы мәлімет бойынша, 12 249 көп балалы ана жәрдемақы алады, оның ішінде 5557 «Күміс алқа», 3594 «Алтын алқа» иегерлері, 10 және одан да көп бала тәрбиелеп отырған 983 батыр ана бар. Мемлекеттен жәрдемақы алатын аналардың жалпы саны – 22 383 адам.

Мекен-жай әлеуметтік көмегін 2035 отбасы алады. Курстарға оқуға жұмыссыз көп балалы аналар, жалғызбасты аналар, мүгедек бала тәрбиелеп отырған және әлеуметтік осал топтағы аналар шақырылады.

Сондай-ақ, Нұрлан Ноғаев тұрғындармен кері байланыс арналары туралы айтты.

«2017 жылғы қыркүйекте ашылған Телеграмм қосымшасындағы «Атырау облысының әкімдігі» чат-каналы тұрғындар арасында сұранысқа ие. Бүгінге дейін каналға 4 мыңнан астам адам тіркелген. Соңғы мониторинг пен талдау қорытындылары тұрғындардан 3500 жуық өтінім түскенін көрсетті»,-деді Атырау облысының әкімі.

Сонымен қатар, 2018 жылдың қаңтарында «Атырау Цифрлық Қабылдау» (ACQ) мобильді қосымшасы іске қосылды. Оған 4000 астам адам тіркелген. Бүгінге дейін 1500 астам өтінім түсті.

«Мемлекеттік органдар басшылары мен аудан әкімдері әлеуметтік желілерде Атырау облыстық әкімдігінің ресми парақшасы арқылы тікелей желіге шығып, тұрғындар алдында есеп берді. Бұл тұрғындарға үйлерінен шықпай-ақ онлайн тәртіпте сұрақ қойып, жауап алуларына мүмкіндік беріп отыр», -деді Нұрлан Ноғаев.

Facebook, Instagram әлеуметтік желілері арқылы ақпан айынан бастап 7 аудан әкімі мен 5 басқарма басшысы қалалық бөлімдерімен бірге тікелей байланысқа шыққан. Тікелей эфирлер екі аптада 50 мыңнан астам тұрғынды қамтып, 1000 жуық сұрақ түсті.

2019 жылы Махамбет ауданында Махамбет селосын, Самал, Жасыл белдеу, Наркескен, Сарытоғай ықшам аудандарын, Исатай ауданында Х.Ерғалиев, Жанбай, Тұщықұдық, Зинеден ауылдарын электрлендіру басталады.

Кернеуі 110 кВ, ұзындығы 205 км «Құрманғазы-Асан» әуе желісін жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде.

«Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ балансындағы электрмен жабдықтау желісінің тозуына байланысты Атырау облыстық әкімдігі 12 елді мекенді электрлендіру үшін жобалау-сметалық құжаттама дайындады. Кешенді сараптаудан өткізуге құжаттар дайындалып жатыр»,-деді облыс әкімі.

2018-2019 жылы жылыту маусымында баламалы энергия көздерін дамыту мақсатында 8,4 млрд теңге бөлінді.

Бір апатты жағдай болып, 19 қаңтарда көп пәтерлі үйлер жарты күн жылусыз қалды. Жедел штаб құрылып, аймақ басшысы апат салдарын жою барысын бақылауға алды. Нәтижесінде сол күні жағдай реттеліп, үйлерге жылу берілді.

Атырау облысында 11 қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын салу жоспарлануда.

«Облыста 2017-2021 жылдарға арналған қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару жөнінде өңірлік бағдарлама қабылданды. Бүгінде облыстағы қоқыс полигондарында 2,3 млн тонна әр түрлі қалдықтар сақталуда. Өткен жылдың өзінде 112 мың тонна ҚТҚ жиналды. Қоқыс жинайтын жаңа полигондар құрылысы – қажетті жұмыс», -деді Нұрлан Ноғаев.

Табиғат қорғау шараларының аймақ үшін маңызы зор. Өткен жылы облыста өңір экологиясына теріс әсерді азайтуға бағытталған 47 шара өтті. Қаржыландырудың жалпы сомасы 4,9 млрд теңге болды.

11 елді-мекенге қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын салу жоспарланып отыр.

Қазіргі таңда нысанның жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленуде.

«Бүгінде біз әуежай бойында орналасқан аяқталмаған моншаға тағы екі қабат қосуды жоспарлап отырмыз. Қалада шығармашылық орталық ашу керек», - деді Нұрлан Ноғаев.

Кәсіпкерлердің бірі мекеменің құрылысына келісімін берді.

«Жаңа шығармашылық орталықта түрлі мамандықтар - суретшілер, сәулетшілер, ақындар, мүсіншілер, қолөнершілер және басқа да адамдар жұмыс жасайды. Мұнда ересектер мен балалар өнер меңгереді», - дейді өңір басшысы.

Сондай-ақ, аймақ басшысы моншаның жанында орналасқан киноконцерт залының да құрылысы аяқталып, оның мәртебесі өз қалпында қалатынын айтты.

Аягөз Құрмаш 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды