• Басты
  • Есептік кездесу: Маңғыстау облысының жылдық қорытындысы мен даму жоспары
21 Ақпан, 2019 17:16

Есептік кездесу: Маңғыстау облысының жылдық қорытындысы мен даму жоспары

Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов алқа мәжілісінде өңірде тарифтер төлемақысын төмендету, экономиканы цифрландыру және көлік саласында атқарылған жұмыстар туралы айтып берді. Өңірдің 2018 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы келесі материалдан оқи аласыздар.
Есептік кездесу:  Маңғыстау облысының жылдық қорытындысы мен даму жоспары

Аймақ басшысы облыс әкімі қызметіне тағайындалғаннан бері 61 елді мекеннің 58 болып, халықпен кездескен. Күні бүгінге дейін тұрғындар тарапынан 2396 өтініштер келіп түссе, оның ішінде 177 азамат жеке қабылдаған.  Сонымен қатар, өткен жылы аудан, қала әкімдерінің қорытынды есеп беру кездесулерінде 158 сұрақ көтерілген.

 Өтініштердің басым бөлігі – жұмыссыздық және жер мәселесі, инженерлік инфрақұрылымды дамыту. Сұрақтардың басым көпшілігі шешімін тапты, деді. Астананың 20 жылдығы, Каспий жағалау елдерінің бесінші саммиті, Елбасының «Ұлы даланың» жеті қыры мақаласы, «5 әлеуметтік бастамасы» секілді өткен жылдың айшықты оқиғаларды атап өтті. Облыс әкімі өткен жылдың қорытындысы бойынша өңірдің әлеуметтік – экономикалық дамуының барлық көрсеткіштерінің оң динамикасына қол жеткізген.

Атап айтсақ, облыста 2,9 трлн. теңгенің өнеркәсіп өнімі өндіріліп, оның нақты көлем индексі 100,4%   құрады. Бұл республикада өндірілген өнімі  11%.Тау-кен өндірісінде 2,6 трлн. теңгенің өнімі өндірілді, өсім - 100,1% Көлемі 18 млн. тонна мұнай өндіріліп, нақты көлем индексі - 100,4%   құрады.

100,7% өсіммен 3 млрд. текше метрден астам табиғи газ өндірілді.Өңір экономикасына 500 млрд.теңге инвестиция тартылып, 106,5% өсу қарқыны қамтамасыз етілді.

«Еңбек нарығының барлық көрсеткіштері бойынша оң динамикаға қол жеткізілді. Орта және шағын бизнес субъектілерінің саны  51 мыңға жетті, өсім - 108,7%.Өткен жылы облыста 35 328 жұмыс орны құрылды.Нәтижесінде, жалпы жұмыссыздық деңгейі 4,8% дейін, жастар жұмыссыздығы 3,1% дейін төмендеді.  Барлық макрокөрсеткіштердің оң динамикасы өңірлік экономика өсімін 101,4% деңгейінде қамтамасыз етуге мүмкіндік берді», - деді Е.Тоғжанов.

Бүгінгі күні Ақтау қаласы бойынша электр энергиясының соңғы тарифі 11%  19,42 теңгеден 17,29 теңгеге дейін  төмендетілді, яғни 2,13 теңгеге, Жаңаөзен қаласы бойынша  21,77 теңгеден 19,99 теңгеге дейін немесе 1,78 теңгеге төмендетілді.

«Сонымен қатар, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап су тарифі 7% және жылу бағасы 6% төмендеді. Әр абонент үшін коммуналдық қызметтер тарифтерінің төмендеуінен орташа үнемдеу бір жылда шамамен 10 мың теңгені құрайды.Экономиканың түрлі секторларында цифрландыру элементтерін енгізу нәтижесінде жалпы үнемдеу 188 млн  теңгені құрады. Білім беру саласында "балаларды балабақшаларға автоматты түрде кезекке қою" ақпараттық жүйесі, электрондық журналдар мен күнделіктер жүйесі енгізілді», - деді Е.Тоғжанов.  

Денсаулық сақтауда тіркелген халықтың 94% - электрондық денсаулық паспорты бар, медициналық ұйымдардың 89% қағазсыз құжат айналымына өтті. Әлеуметтік-еңбек саласында еңбек биржаларының электрондық порталы енгізілді "еnbek.kz.

«Көлік саласында ауданаралық және қалалық маршруттардың 104 автобусы GPS-навигаторлармен жабдықталған, мобильдік қосымша жұмыс істейді "InfoBus.kz  Ақтауда 65 қалалық және 39 қала маңындағы автобус қосылған "BusReport" диспетчерлік жүйесі пайдалануға берілді. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында пилоттық режимде Ақтау қаласының 15 шағын ауданының 10 үйінде жалпы үйлік жылу есептегіш құралдары орнатылды. Қауіпсіздікті күшейту мақсатында Ақтау қаласы мен Маңғышлақ стансасының теміржол вокзалында 600 камера, ал Жаңаөзен қаласында 128 бейнекамералар орнатылады», - деді облыс әкімі.

Білім беру саласы бойынша өткен жылы 3 241 орынды 36 балабақша пайдалануға берілді. Нәтижесінде 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды балабақшамен қамтамасыз ету көрсеткіші 97,2% құрады. Сонымен қатар, өткен жылы 6300 орындық 9 мектеппайдалануға берілді. Студенттер үшін 210 орындық жатақхана пайдалануға берілді.­­Жыл соңына қарай 460 орындық тағы екі жатақхана салынады.

«Денсаулық сақтау саласы бойынша өткен жылы облыстық «Ана мен бала»  перинаталдық орталығы, сондай-ақ мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында Жаңаөзендегі 250 орындық гемодиализ орталығы пайдалануға берілді. Спорт саласында 2018жылы облыста 7 спорт нысаны салынды.Биыл жеке инвестициялар есебінен тағы 11 спорт нысаны пайдалануға беріледі. Нәтижесінде 225 000 адам үнемі спортпен шұғылданатын болады», - деді Е.Тоғжанов.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Нұр Отан» партиясының қамқорлығымен мүгедектерді, жетім балаларды, көп балалы аз қамтылған отбасыларды қолдауға бағытталған «Бақытты отбасы» жобасын іске асыру басталады. Облыстық жұмыс тобы құрылды, онда бірқатар ұсыныстар дайындалды, олар бойынша нақты шешімдер қабылданды.

Бірінші- биылғы жылдың  2 тоқсанынан бастап көп балалы аз қамтылған отбасыларға 100 мың теңге көлемінде біржолғы төлем беріледі. 

Екінші–мүгедектерге, жетім балаларға және көп балалы аз қамтылған отбасыларға өз бизнесін құру үшін конкурстық негізде 500 мың теңгеге дейін 200 гранттар беріледі.

Үшіншісі- Қазіргі уақытта тегін медициналық көмектің кепілдік негізінде бір реттік оңалту курсы беріледі. Алайда, кейбір балаларға 2, 3 оңалту курсын жүргізу қажеттілігі бар. Осыған байланысты, аз қамтылған отбасылардың мүгедек балалары үшін 2 оңалту курсын бюджет есебінен қаржыландыру туралы шешім қабылданды.

Төртіншіден- Маңғыстау облысы орталық өңірге алшақ орналасқандықтан, денсаулық сақтау басқармасыныңжолдамасы бойынша мүгедек балалардың Астана менАлматы қалаларындағы республикалық орталықтарына ата-анасының бірінің ілесіп барып-келуін әуе көлігіменжол жүру құнының 40 МРП-дан аспайтын мөлшерін(шамамен 100 мың теңге) төлеугешешім қабылданды

Бесінші–қолданыстағы балабақшалар базасында Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы топтар құрылады.

Алтыншы- маңғыстаулық көп балалы аналар қоғамдық көлікте тегін жүреді. Ағымдағы жылдың сәуірінен бастап Ақтауқалаішілік және Ақтау-Мұнайлы ауданыбағытындағы қоғамдық көліктерде;ағымдағы жылдың тамызынан бастап Жаңаөзенқалаішілік қоғамдық көліктерде; 2020 жылдан бастап – Маңғыстау және Бейнеуауданішілік қоғамдық көліктерде.

Жетінші - жәрдемақы алуға, тұрғын үй төлемдерін алуға, жұмысқа орналасуға, тұрғын үйге кезекке тұруға, бизнес-бастамаларды сүйемелдеуге заңгерлік және консультациялық көмек көрсету үшін наурыз айынан бастап, "Бірыңғай әлеуметтік терезе" орталығы жұмыс істейтін болады.

«Бүгінгі таңда өңірде 28 млрд. теңге сомасында халықтың әлеуметтік осал топтарына мемлекеттік қолдаудың 20 түрі көрсетіледі. 2018 жылы 1 867 аз қамтылған отбасыларға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Бұдан басқа, осы жылдың 1 қаңтарынан бастап мүгедектер, асыраушысынан айырылған және мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға зейнетақы 7% өсті», - деді Е.Тоғжанов.

Аймақ басшысы өз сөзінде өңірде өндіріліп отырған мұнай қорының көлемі алдағы уақытта төмендейтінін ескертті.

Сондықтан өңдеуші сектордың дамуына баса назар аударып отырмыз деді. Аталған сала бойынша, өндірістің өсуі 12% құрады.

Өңірге инвестицияларды тарту–Елбасымыздың алға қойған негізгі міндеттердің бірі.  Егер 2018 жылы жалпы сомасы 16 млрд. теңге болатын 24 жоба іске қосылған болса, биылғы жылы 66 млрд.теңгеге тағы 23 жоба жоспарланған.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 101,5% жетіп , 213 млрд. теңгені құрады.

2017 жылмен салыстырғанда 140,8% өсіммен алғашқы рет 1,2 млн.шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

«Маңғыстау өңірі ауыл шаруашылығын дамытуға қолайсыз дегенмен, бұл саланы дамытуға мүмкіндіктер аз емес. Бүгінде Мемлекет тарапынан субсидиялар мен жеңілдіктер ұсыну арқылы ауыл шаруашылығы саласына жан-жақты қолдау көрсетіліп келеді», - деді облыс әкімі.

Облыс әкіміне тұрғындар көкейінде жүрген сұрақтарына жауап алды. 

Аягөз Құрмаш 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды