• Басты
  • Жеңіс Қасымбек: Қазір 537 мың, 1 миллионға жеткіземіз
21 Ақпан, 2019 13:15

Жеңіс Қасымбек: Қазір 537 мың, 1 миллионға жеткіземіз

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Үкіметке берген тапсырмалары қалай орындалып жатыр? ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі өзіне жүктелген жауапкершілікті қаншалықты ақтады? Бүгін ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Мәмин қатысқан алқа мәжілісінде министр Жеңіс Қасымбек өткен жылды қорытындылап, жаңа жылға жоспарларымен бөлісті.

Жеңіс Қасымбек: Қазір 537 мың, 1 миллионға жеткіземіз | Strategy2050.kz

2018 жылы ҚР территориясы арқылы 537 мың контейнер тасымалданған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 50% пайызға көп. Демек, еліміздің транспорттық әлеуеті ертегідегі батырлардай сағат санап, күн санап өсуде. Ағымдағы жылы 1 миллионнан астам контейнер тасымалданады деген жоспар бар. Бұл «Батыс Қытай-Батыс Еуропа» бағытының қарқын алғанын байқатады. 

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Жеңіс Қасымбек базалық металдардың әлемдік құнының төмендеуіне негізгі сауда серіктестеріне қатысты санкцияларға және басқа да сыртқы факторларға қарамастан, өнеркәсіп 2018 жылдың қорытындысы бойынша 4,1%  өскенін баяндады.

Атап айтқанда, тау-кен өнеркәсібі 4,6%, өңдеу өнеркәсібі 4% өсті.

Өңдеу секторындағы өсімнің негізгі драйверлері мыналар: металлургия +2,2% , машина құрастыру +14,1%, химия  өнеркәсібі +8,1%, жеңіл өнеркәсіп +4,4%.

«Тау-кен өндірісі секторында темір кені өнімінің көлемі «Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі» Акционерлік қоғамында өндіріс көлемінің артуы есебінен 6,5% өсті. Түрлі түсті металл кені өнімінің көлемі екі маңызды жобаны іске қосу есебінен артты.Түрлі-түсті металлургияда өндіру көлемі «Қазақмыс Корпорациясы» мен «Казцинк» Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінде артты. Химия өнеркәсібіндегі өсім «Казфосфат» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі өндірістің артуымен байланысты», - деді Ж.Қасымбек.

2015 жылдан бері іске асырылып келе жатқан индустрияландырудың екінші бес жылдығы өңдеу секторының өсіміне тікелей әсер етті.

«Бағдарламаның негізгі нысаналы индикаторлары бойынша оң динамика байқалады.Өңдеу өнеркәсібі өнімінің экспорты 2018 жылдың қаңтар-қараша айларында 2015 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,4% артып, 14,3 млрд. АҚШ долларын құрады. Өңдеу өнеркәсібінің негізгі капиталына салынған инвестициялар көлемі 2018 жылдың 12 айында 2015 жылдың сәйкес, кезеңімен салыстырғанда 25,1%  артып, 1 247,2 млрд. теңгені құрады», - деді министр.

Өңдеу өнеркәсібінің еңбек өнімділігі 2018 жылдың  қаңтар-қыркүйек айларына 2015 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,7%  артып, 23,5 мың. АҚШ доллар/адамды құрады.

«2018 жылдың қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібіндегі қолданыстағы кәсіпорындардың саны 14,9 мыңға жетті. Индустрияландыру бағдарламасын іске асыру кезеңінде жалпы сомасы 7,9 трлн. теңге болатын 1 250  астам жоба іске қосылып, 120 мың тұрақты жұмыс орны құрылды. Ал, 2018 жылы жалпы сомасы 1,3 трлн. теңге болатын 100 астам жоба іске қосылып, 13 мың тұрақты жұмыс орны құрылды», - деді Ж.Қасымбек.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін және «қарапайым заттар экономикасын» дамыту мақсатында отандық кәсіпорындарды қолжетімді несиелендірудің ерекше шарттары мен механизмдеріне 600 млрд. теңге қарастырылатын болды, оның 400 млрд теңгесі өңдеу өнеркәсібіне бағытталады.

«Қабылданған шаралар қазақстандықтар күнделікті тұтынатын 250 жуық тұтыну тауарларының өндірісін бастауға және ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бұл жеңіл өнеркәсіп, жиһаз өнеркәсібі, сондай-ақ, құрылыс материалдары. 2018 жылы көлік қызметінің көлемі 2017 жылмен салыстырғанда 4,6 артты. Ел аумағы арқылы барлық көлік түрлерімен тасымалданған транзиттік жүктің көлемі 6% өсіп, 19,2 млн. тоннаны құрады», - деді Ж.Қасымбек.

Қазақстан арқылы өтетін транзитті контейнерлік тасымал көлемі тұрақты өсіп келеді. 2018 жылы контейнерлік тасымал көлемі 537,4 мың ЖФЭ құрады.

«Бұл 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 55% артық. Соның ішінде, Қытай-Еуропа-Қытай бағыты бойынша көрсеткіш 54,6% өсіп, 310,8 мың ЖФЭ құрады. 2019 жылы контейнерлік тасымал көлемін екі есеге, яғни, 1,2 млн ЖФЭ дейін арттыру жоспарланып отыр. Осылайша, бүгін Қазақстанды Еуразия орталығында қалыптасқан транзиттік хаб деп айтуға болады», - деді Жеңіс Қасымбек.

Өз кезегінде  Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің бірінші вице-министрі Роман Скляр  2019 жылы республикалық маңызы бар 4,4 мың км жол қайта жаңғыртылатынын айтты.

«Жыл соңында 654 км жолда қозғалысты ашу жоспарлануда. Республикалық маңызы бар 1,7 мың км автожолды жөндеу жоспарланып отыр. Оның ішінде 518 км жолға күрделі жөндеу, 1 190 км автожолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Жергілікті желідегі 4 мың км жол жөнделеді. Өткен жылдың тенденциясы сақталған жағдайда, 2025 жылға қарай жергілікті жолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайын 85%  дейін жеткізу жоспарланып отыр. Ол шамамен 60 мың км жол», - деді бірінші вице-министр Роман Скляр.

Сондай-ақ, халықаралық әуе тасымалы саласында тұрақты даму байқалады. Егер 2013 жылы ұшу бағыты 73 болса, 2018 жылы олардың саны 96  дейін өсті. Тек, 2018 жылы қазақстандық және шетелдік әуе компаниялар 14 әуе бағытын ашты. Қазіргі уақытта Қазақстанға 23 шетелдік әуе компания тұрақты халықаралық жолаушылар рейсін орындайды.

2018 жылы құрылыс саласында оң динамикалық өсім байқалады. 2017 жылдың деңгейімен салыстырғанда өсім 4,1%. Тұрғын үй құрылысының инвестициясы 8,1% артты. Рекордтық 12,5 млн. шаршы метр жаңа тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл 2017 жылдың деңгейінен 12,1%  жоғары. 113 мың отбасы баспаналы болды.

«2019 жылы 13 млн. шаршы метр тұрғын үй салуды жоспарлап отырмыз. Осының арқасында 118 мың отбасы жаңа баспанамен қамтамасыз етіледі. Оның ішіндегі 22 мың пәтер  мемлекет қаржысы есебінен салынады», - деді вице-министр Қайырбек Өскенбаев.

Тұрғын үй және ипотекалық бағдарламалар аясында жүзеге асырылып жатқан қолдау шаралары құрылыс саласының дамуын ынталандырды.

Атап айтқанда, жаңа тұрғын үйлер салынады, жаңа жұмыс орындары ашылады, отандық өндірушілердің құрылыс материалдары мен экономиканың онымен байланысты салаларының өндіріс көлемі өседі.

Айта кетейік, алқа отырысының соңында ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Мәмин бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Аягөз Құрмаш 

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды