• Басты
  • Түркістан облысы қалай дамып жатыр?
20 Ақпан, 2019 10:54

Түркістан облысы қалай дамып жатыр?

Аумақта газдандыру жұмыстары жанданып, инфрақұрылымы дұрысталып, өндіріс артуда. Автомобиль жолдары мен елді-мекен көшелерінің жалпы ұзындығы 18 147 шақырымды құрайды. Жолдардың жайлылығын жақсарту жұмыстары жалғасуда.
Түркістан облысы қалай дамып жатыр? | Strategy2050.kz

Аймақтың облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағатты жағдайдағы үлесі 2018 жылдың жоспары ретінде 70,7 пайыз болып белгіленсе, меже 71,2 пайызға жетіп, асыра орындалды.

Аталған көрсеткішті 2019 жылы 74,1 пайызға жеткізу жоспарлануда.

Түркістан облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Бекзат Тілегенов өткен жылы 956,6 шақырым жол мен көшелер немесе 73 нысанға (7 көпір) құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізілгенін жеткізді.  

«Оның 52 нысаны немесе 521,9 шақырымы пайдалануға берілді. Ал 2019 жылы автомобиль жолдары саласын дамытуға бюджеттен қаржы қаралып, нәтижесінде 974,2 шақырым жол мен көшелер немесе 69 нысан құрылыс-жөндеу жұмыстарымен қамтылады. Оның 653,2 шақырымы немесе 49 нысан ағымдағы жылы пайдалануға беріледі», - деді Б.Тілегенов.

Қазіргі таңда, өңірде жол жамылғысының негізіне «Soil Grip» химиялық тұрақтандырғышын пайдаланып, негізгі қабатты арнайы техникамен өңдеу технологиясы бойынша 2018 жылы жалпы – 217,9 шақырым жолға орташа жөндеу жүргізіліп, оның 93,9 шақырымы пайдалануға берілсе, қалған 124 шақырым жол ағымдағы жылы іске қосылмақ.

Облыс аумағындағы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының бойында 410 көпір орналасқан. 2018 жылы 7 көпір құрылыс-жөндеу жұмыстарымен қамтылып, жыл соңында барлық көпірлер пайдалануға тапсырылған. Сондай-ақ, бүгінгі таңда, 28 көпір жөндеуді қажет етеді, оның 9 көпіріне ЖСҚ әзірленген. 2019 жылы 5 көпір жөндеу жұмыстарымен қамтылып, пайдалануға беріледі.

Сондай-ақ, өңірдің халықаралық қарым-қатынасы да оңтайлы дамып жатыр. Индустриалды аймақ бойынша бірлескен жоба әзірлеу жоспарланған.

Облыс әкімі  түркиялық   әлемде инновациялық сәулеттік жобаларымен танылған  «ERA» компаниясының өкілдерімен кездесуінде тың жобаларды талқылады.

1972 жылы құрылған компания Париж, Стамбұл, Бейжің мен Мәскеу сынды қалаларда жұмыс істейді. «ERA» компаниясы «Orteksan» ұйымының еншілес мүшесі. Аталған компаниялар индустриалды аймақтардың дамуымен шұғылданады. Қос ұйымның басшысы Берксан Буюкиылдыз Түркістан қаласындағы бой көтеретін ғимараттардың сәулеттік жобаларын әзірлеп, сондай-ақ, Түркістан облысындағы индустриалды аймақтарды дамытуға ниетті екендігін жеткізді. 

Шетелдік компания ұсыныстарын тыңдаған облыс басшысы өңірде инвесторлар мен кәсіпкерлерге арналған қолдау шараларымен таныстырды.

«Қазіргі таңда облыста инвестициялық климат қалыптасқан. Кәсіпкерлікті дамыту бағытында қажетті жүйе, қолдау бар. Оның үстіне Түркістан облысы 2 миллионға жуық халқы бар өңір. Облыс орталығы Түркістан қаласы халықаралық магистраль жолында орналасқан экономикалық тиімді аймақ. Жаңа қаланың құрылысы кезеңінде сіздермен әріптестік орнатуға дайынбыз. Түркістанның сәулеттік келбеті заманауи, озық болуына бірлесіп үлес қосуымыз керек», - деді облыс басшысы Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев.

Алдағы уақытта қос тарап Түркістан облысы мен өңір орталығындағы индустриалды аймақ пен ғимараттардың сәулеттік жобасы аясында әріптестік танытпақ.

Сондай-ақ, өңірде  газдандыру бойынша  құрылыс жұмыстары 2016-2018 жылдары аяқталып қойса да, табиғи газға қосылмаған нысандардың мәселесін шешу, газ тасымалдаушы мекемелердің жұмысын ширату мәселесі әлі де бар.

Қазіргі таңда Түркістан  облысындағы 843 елді мекеннің 385 (45,7 %) немесе 1072 ,9 мың. тұрғыны (54,3 %) табиғи газбен  қамтамасыз етілген.

Облыста 2018 жылға дейін бюджет есебінен жалпы 223 нысанда 5,6 мың шақырымнан астам газ жүйелерінің және 12 автоматты газ тарату стансасының құрылыстары жүргізілген. Оған қоса, былтыр қосымша 42 елді мекенде газ нысандарының құрылыстары жүргізіліп, тапсырылған.  Дегенмен, 2016-2018 жылдары құбырлардың құрылысы аяқталған 78 елді мекен «көгілдір отынға» қосылмай отыр.

Мәжілісте облыстық мәслихат депутаттары, облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшылығы осы мәселе төңірегінде өз ұсыныстарын ортаға салды.  «ҚазТранГазАймақ» АҚ Түркістан облыстық филиалы да бұл бағытта жұмысты ширататын болды.

Өз кезегінде, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрмахан Жолдасов елдің талап-тілегін уақтылы орындап, үйлеріне газ кіргізу жұмысын жандандыру керектігін жеткізді.

«Тұрғындар тарапынан газ түйткілдеріне қатысты шағымдар мен өтініштер жиі түседі. Яғни, кемшілік бар деген сөз. Сондықтан бәріміз бірлесіп, «көгілдір отын» мәселесін жедел шешуіміз қажет. Бұл мәселе партия бақылауында болады. Партияның облыстық филиалының төрағасы, өңір басшысы Жансейіт Қансейітұлы жыл есебінде осы жұмыстарды жалғастыруды тапсырды. Алдағы уақытта облыс аумағын және Түркістан қаласын 100 пайыз газдандыру бағытында жұмыстар күшейтіледі», – деді Н.Жолдасов.

Сонымен қатар, Елбасының тапсырмасына сәйкес, облыстағы нарық субъектілерінің 59 қызмет түрі бойынша тарифтері төмендетілді.

Төмендетілген тарифтер биылғы жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізілді. Нәтижесінде, халықтың коммуналдық қызметке төлейтін қаражатын үнемдеу шамамен 3,04 млрд. теңгені құрайды. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық Монополияға қарсы департаменті басшысының орынбасары Қымбат Бейсенов мәлімдеді.

Электр энергиясын тасымалдау тарифі – 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап 10,2 пайызға, яғни 7, 38 теңгеден 6,64 теңгеге дейін түсті. Тасымалдау және өндіруші стансалардың тарифтерінің төмендеуі есебінен түпкілікті тарифтің төмендеуі 6,8 пайызды құрады. Сондай-ақ, осы уақыттан бастап тұтынушылардың қордаланған қарызы үшін электр энергиясынан қайта қосу төлемі «Оңтүстік Жарық Транзит» және «Энергопоток» серіктестерімен – 40 пайызға дейін төмендетілген.

Облыс әкімдігінің мәліметінше, 1 қаңтардан облыстың ішкі жүйелермен газды тасымалдауға бекітілген «ҚазТрансГазАймақ» АҚ тарифі 12,7 пайызға төмендетіледі. Нәтижесінде тасымалдау және көтерме баға түсу есебінен соңғы тұтынушылар үшін газ тарифі 5,8 пайыз түсіп, жеке тұлғалар – 32,47 теңге, ал халықты жылумен қамтамасыз ететін заңды тұлғаларға – 28,27 теңгені құрамақ.

Облыста орталықтандырылған жылумен қамтамасыз ететін 6 мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын бар. Көмір отынын қолдана отырып жылу энергиясын шығаратын мекемелер тарифін 1,4-24 пайыз аралығында арзандатып отыр.

Сонымен қатар, өткен жылдың қазан айынан бастап «Қазпошта» акционерлік қоғамы тарапынан коммуналдық қызметтерге арналған төлем түбіртек бланкілерін өңдегені үшін тұтынушылардан 150 теңге мөлшерінде комиссиялық төлем алынатындығы анықталды.

Бүгінде аталған комиссиялық төлемнің мөлшерін азайту мақсатында тиісті жұмыстар жүргізілді. Соның нәтижесінде, коммуналдық қызметтерге арналған төлем түбіртек бланкілерін өңдегені үшін, тұтынушылардан 150 теңге мөлшерінде алынатын комиссиялық төлем, жеке тұлғалар үшін – 50 теңгеге төмендетіліп, зейнеткерлер, мүгедек жандар және ҰОС ардагерлері мен теңестірілгендер үшін тегін болды.

Осыған дейін Түркістан облысында  жаңа өнеркәсіп орындары ашылғанын жазған болатынбыз.

Аягөз Құрмаш 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды