• Басты
  • Н.Назарбаев "Лукойл" басшысы В.Алекперовты қабылдады
19 Ақпан, 2019 18:20

Н.Назарбаев "Лукойл" басшысы В.Алекперовты қабылдады

Ресейдің «Лукойл» компаниясы қазақ нарығында белсенді жұмыс істейтін мұнай алыптарының бірі.
Н.Назарбаев "Лукойл" басшысы В.Алекперовты қабылдады

«Лукойл» осы күнге дейін ел экономикасына 9 миллиард доллар инвестиция құйған. Қазіргі таңда Каспий теңізінің қазақстандық секторында көмірсутегі шикізатын барлау және өндіруге қатысты «Жеңіс» жобасын қолға алып жатыр. Сонымен қатар, жағармай материалдарын шығаратын зауыт салу жоспарда бар. Кездесу барысында мұнай-газ саласындағы инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды. Мемлекет басшысы «Қазмұнайгаз» және «Лукойл» компаниялары арасындағы серіктестік қарым-қатынастардың тиімділігін атап өтті.

– «Біз «Лукойл» компаниясымен бұрыннан бірге жұмыс істеп келеміз. Компанияларыңыз – Ресейдегі ірі кәсіпорындардың бірі. Сондай-ақ, сіздер Ресейдің Қазақстандағы маңызды инвесторы саналасыздар. «Лукойл» біздің экономикамызға 9 миллиард АҚШ долларына жуық инвестиция бөлді», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті Ресей компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниеттестік білдірді. Кездесу барысында Мемлекет басшысына Каспий теңізінің Қазақстанға тиесілі бөлігіндегі көмірсутегі шикізатын барлау және өндіру жөніндегі «Жеңіс» жобасын бірлесе іске асыруға қатысты жоспар туралы егжей-тегжейлі баяндалды. «Лукойл» мұнай компаниясының президенті Қазақстан аумағындағы жағармай материалдарын шығаратын зауыттың құрылыс жұмыстарының нәтижелері жөнінде Нұрсұлтан Назарбаевқа мәлімет берді.

– «Кәсіпорынның жоспарланған қуаты жылына 100 мың тонна. Заманауи зауыт жағармай материалдарының барлық түрін, атап айтқанда, 700 өнімді түрлі атаулармен шығарады», – деді В.Алекперов.

Кездесу барысында озық технологияларды қолдана отырып, жаңа көмірсутегілердің кен орындарын іздеу үшін бірлескен жұмыстар жүргізу, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі әзірлеп жатқан 2021-2025 жылдарға арналған геологиялық барлау бағдарламасын жүзеге асыру ісіне Ресей компанияларының атсалысу жайы талқыланды.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды