- Басты
- Жаңалықтар
- Нұрсұлтан Назарбаев Садриддин Ахмедов сынды мықты спортшыларды қабылдады
Нұрсұлтан Назарбаев Садриддин Ахмедов сынды мықты спортшыларды қабылдады
Мемлекет басшысы еліміздің спорт саласын дамытуға және халықаралық аренада Қазақстанның имиджін ілгерілетуге үлес қосқан жас шеберлердің еңбектерін ерекше атап өтті.
– «Сіздермен жүздескеніме қуаныштымын. 2019 жыл - «Жастар жылы» деп жарияланды. Ал спорт, негізінен, жастардың ісі. Мемлекет бұл саланы дамытуға баса мән береді. Өздеріңе қарап жастарымыз спортпен шұғылдануға және саламатты өмір салтын ұстануға ұмтылады. Сіздердің жетістіктеріңіз мемлекеттің беделін арттыруға септігін тигізеді», – деп атап өтті мемлекет басшысы.
Спортшылар халықаралық жарыстардан алған әсерлері жайында ой бөлісіп, келешек жоспарлары туралы айтып берді.
– «Мен жастарды әрдайым спортпен шұғылдануға шақырамын. Барлық облыстарда заманауи спорт инфрақұрылымы бар. Стадиондар салынып, жабық кешендер бой көтерді. Спорт – денсаулық пен ұзақ өмір сүрудің кепілі», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Мемлекет басшысы жас спортшылардың кәсіби тұрғыдан өсуінің перспективаларына назар аударды.
– «Бағындыратын биіктеріңіз әлі алда екенін көріп отырмын. Әлемдік жарыстан медаль алу оңай емес. Жастардың сіздерге қарап бой түзеп, дендері сау, мықты болып өскенін қалаймын», – деді Нұрсұлтан Әбішұлы.
Президент атлеттерді осы жетістіктерімен тоқтап қалмай, жаңа белестерді бағындыруға шақырды. Кездесуде жас спортшыларға Қазақстан Президентінің атынан естелік сыйлықтар табысталды.
Өзге мақалалар:
ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуі
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Токио-2020: Спортшылардың олимпиададағы нәтижесіне талдау жасалды -
6 шілде: Назарбаевтың өмірбаяны, еңбек жолы және үздік бастамалары -
Назарбаев халықаралық әуежайында Ashyq жобасы іске қосылды -
Қазақстандықтар Елбасы медалімен марапатталды -
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады -
Назарбаев Нығматулинді фракция жетекшілігіне ұсынды -
Сайлау: Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев дауыс берді -
Назарбаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады -
ҚР Тұңғыш Президенті күні: Н. Назарбаевтың үздік бастамалары мен пайдалы шешімдері -
«Қазақ халқына көреген Ұлы көшбасшы бола білді»: Назарбаев хақында шетелдік сарапшылар пікірі -
«Н.Назарбаев: жаһандық ауқымдағы саясаткер». Қазақстан мен шетелдегі Елбасы пікірлестері халықаралық конференцияда бас қосты -
«Ауыл» партиясы балаларды бөліп жармай, бәріне бірдей 18 жасқа дейін әлеуметтік көмек беруді ұсынды -
«Nur Otan» партиясы мен «Birgemiz» қоры отбасыларға тағы 50 000 теңгеден береді -
Ведомствоаралық комиссия мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау бойынша бірқатар шешім қабылдады