- Басты
- Жаңалықтар
- Н. Нығматулин: Елбасы бастамаларын сапалы заңдармен қамтамасыз ету –Парламенттің басты міндеті
Н. Нығматулин: Елбасы бастамаларын сапалы заңдармен қамтамасыз ету –Парламенттің басты міндеті
Кездесу М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде өтті. Оған Жамбыл облысындағы жетекші оқу орындарының студенттері, жастар қозғалысының көшбасшылары және жас ғалымдар қатысты.

Н. Нығматулин жастармен кездесу барысында биылғы жыл жастар үшін ерекше кезең екеніне тоқталды.
«Президентіміз «Жастар жылында» жас қазақстандықтарды қолдаудың нақты жолдарын ұсынып отыр. Ол ең алдымен, жас отбасыларға арналған баспана мәселесі. Мемлекет Басшысы ірі қалаларда жұмыс істейтін жастар үшін жылына бір миллион пәтерден кем емес құрылысты қамтамасыз етуді және барлық кәсіпорындарға жас қызметкерлер үшін баспана жағдайын жасауға белсене қатысуды тапсырды», - деді Палата Спикері.
Мәжіліс Төрағасы Мемлекет Басшысының жастарға көрсеткен қамқорлығы туралы айтып, жастар белсенділігін арттыру жолында еңбек қабілетімен қатар, денсаулық, рухани мәселелері де, әрқашанда басты назарда екеніне тоқталды.
«Осы орайда, Мемлекет басшысының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы өскелең ұрпақтың рухани байлығын, денсаулығын арттыруға ерекше ықпал ететіні сөзсіз. Бұл жұмыстардың барлығы сіздердің өмірлеріңізді жақсарту үшін, қоғамдағы рөлдеріңізді нығайту үшін, бәсекеге қабілетті күшейту үшін жасалып жатқан шаралар»,- деді Н.Нығматулин.
Сонымен қатар, Палата Спикері осы ауқымды шаралардың барлығын заң жағынан жан-жақты қолдау қажеттігі туралы айтты.
«Елбасымыздың барлық бастамаларын сапалы заңдармен қамтамасыз ету – ол біздің Парламент депутаттарының басты міндеті. Осы жолда өздеріңіз білесіздер, «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» және «Волонтерлік қызмет туралы» заңдар қабылданды. Елімізде Мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі Бағдарламасы бар. Жақын уақытта Мәжілісте «Педагог мәртебесі туралы» және басқа да білім саласына қатысты заң жобалары қаралатын болады», - деді Н. Нығматулин.

Сонымен қатар, Палата Спикері елімізді дамыған 30 елдің қатарына қосу үшін оған жастардың білімі мен біліктілігі қажет екенін, бұл жолда ең алдымен жаңа технологиялар, инновация және автоматтандыруға зор назар аударылатынын айтты.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады