• Басты
  • Жаңалықтар
  • Нұрлан Нығматулин мен Джон Ордвей Қазақстан-Америка әріптестігі мәселелерін талқылады

Нұрлан Нығматулин мен Джон Ордвей Қазақстан-Америка әріптестігі мәселелерін талқылады

21 Қаңтар, 2014 12:40
Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Қазақстандағы АҚШ істерінің уақытша сенімді өкілі Джон Ордвеймен кездесті, деп хабарлайды ҚР Мәжілісінің баспасөз қызметі.

«Күн тәртібіндегі маңызды мәселелерді талқылай отырып тараптар Мемлекет басшысының Қазақстан халқына «Қазақстандық жол-2050»: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында көрсетілген басым бағыттарға байланысты Қазақстанның даму болашағы туралы ойларын ортаға салды», - делінген хабарламада.

Нұрлан Нығматулиннің айтуынша, алдағы он жыдық Қазақстан үшін дамуға серпін беретін кезең болуы керек. Осыған орай Мәжіліс төрағасының айтуынша, парламентарияларға инновациялық- индустрияландыру, агроөнеркәсіптік кешен, ғылымды қажет ететін экономиканы құру, қазақстандықтардың әлеуметтік өмірін жақсарту, инфрақұрылымды, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, мемлекеттік институттар жұмысын жетілдіру үшін заңнамалық негізді жетілдіру жұмыстарын жасау керек.

«Депутаттық корпус Қазақстан Президентінің Жолдауы секілді елдің маңызды стратегиялық құжатының заңнамалық негізін қалыптастыруға жағдай жасайды», - деді Мәжіліс төрағасы.

Өз кезегінде Джон Ордвей біздің еліміздің дамуының жоғарғы қарқынын айта келіп, Мемлекет басшысының бұл Жолдауының Қазақстан үшін үлкен мүмкіндіктер беретінін мәлімдеді.

Тараптар Қазақстан-Америка ынтымақтастығының барлық салаларда көрініс табуының маңыздылығына тоқталып, екіжақты әріптестікті кеңейту мәселесіне арналған, соның ішінде ядролық қаруды таратпау мен өңірлік қауіпсіздік мәселесі сөз болаған G20 саммиті алаңындағы екі ел басшыларының кездесуінің үлкен мәнге ие екенін айтысты.  

Негізгі әңгіме өзегі Қазақстанның сыртқы саясаты, соның ішінде еліміздің Ауғанстан ахуалының тұрақтандыруға ат салысуы болды.

Сонымен қатар, Нұрлан Нығматулин қазақстандық заңнаманың Қазақстан-Америка ынтымақтастығының дамуына оңтайлы жағдай жасайтынын мәлімдеді. Соның ішінде екі елдің парламентаралық қатынастарына маңыз бөліп, Конгрес пен Мәжілістің әріптестігіне қолдау көрсететінін тілге тиек етті.

Кездесу соңында тараптар екі елдің болашақта ынтымақтастықтары беи түсетіндіктеріне сенім білдірді.

Барлық жаңалықтар