- Басты
- Жаңалықтар
- Алматы облысы: Жастар ресурстары орталықтарына 10 гектардан жер беріледі
Алматы облысы: Жастар ресурстары орталықтарына 10 гектардан жер беріледі
Жастар атынан студенттер, спортшылар, қоғам белсенділері, әр салада еңбек етіп жүрген жас мамандар сөз алып, жетісулық жастар барлық маңызды жобаларда бастамашылдық, креативтілік таныта алатындарын айтты. Мәселен, жас маман Дархан Нұрмадиев өз сөзінде Семейде туып-өсіп, Астанадағы медицина университетін бітіргенін және «Дипломмен ауылға» жобасының қатысушысы ретінде Жетісу жеріне табан тірегенін атап өтті.
«Қазіргі кезде Ескелді аудандық ауруханасында терапевт дәрігер болып жұмыс істеймін. Мен дұрыс таңдау жасадым, менің білімім мен машығым халықтың денсаулығын жақсартуға ықпал етіп жатқанына ризамын. «Дипломмен ауылға» жобасы бойынша ауруханада жұмыс істеп жүрген мен сияқты тағы 8 маман бар. Бәріміз де бір реттік көтерме жәрдемақы мен тұрғын үй несиесіне кезекте тұрмыз, ақпан айында аламыз деп жоспарлап отырмыз. Біз елге пайдамызды тигізгенімізге, ал мемлекет бізге қолдау көрсеткеніне ризамыз», - деді ол.
Қаратал ауданындағы «Бақыт-Қаратал» ЖШС директоры Серікжан Жексембинов өзінің ауыл шаруашылығы саласындағы жетістіктерімен бөлісті.
Ол да мемлекет тарапынан көрсетілген қолдау оның жемісті жұмысына зор ықпал еткенін атап өтті. Табысты кәсіпкерлікпен қатар Серікжан - «Туған жер» бағдарламасының белсенді қатысушыларының бірі. Оның Қаратал ауданын көркейтуге бағытталған игі әрекеттері айтуға тұрарлық. Өткен жылдың қорытындысы бойынша ол «Жыл меценаты» номинациясында жеңімпаз атанған.
Жазель Дакубаева – Талдықорғанның «Жетісу еріктілері» еріктілер қозғалысының белсенді қатысушысы. Ол өз сөзінде барша жастарды еріктілер қозғалысына атсалысуға шақырып, облыс әкіміне оқуда озат еріктілердің жоғары оқу орындарына грант бөлу мәселесін қарастыруды сұрады.
Талдықорған қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Виктор Сосин өңірде ІТ-технологияны дамытуға барлық жағдай бар екенін, облыс басшысының жастар үшін ІТ-стартап жобаларының технопаркін құру туралы идеясын қолдайтынын жеткізді.
Жастарды спортпен шұғылдануға, саламатты өмір салтын ұстануға шақырған ҚР бокстан спорт шебері, Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Анель Құдайберген облыс басшылығынан спорттағы дарынды жастарды қолдауды сұрады.
Кездесу соңында сөз алған облыс әкімі Амандық Баталов күні кеше ғана Астанада Жастар жылына арналған ауқымды форум өткенін, бұл жиында Мемлекет басшысы жыл көлемінде атқарылуы тиіс бірқатар міндеттерді айқындағанын атап өтті.

«Бұл орайда бүгінгі күні облыста Жастар жылына арналған «Жетісу жастарының жарқын істері» жұмыс жоспары дайындалып, бекітілді. Алғашқы кездесуде сіздермен талқылаған ұсыныстардың жүзеге асырылуы жіті бақылауға алынған, ол бағытта нақты жұмыстар жүргізіле бастады. Атап айтқанда, облыстың әрбір аудан, қаласында жастарға қызмет көрсету орталықтары салынады, Талдықорғандағы ЖҚО базасында ІТ-стартап технорпаркі құрылады. Ауыл шаруашылығымен айналысулары үшін жастар ресрустары орталықтарына 10 гектардан жер берілетін болып шешілген болатын. Сол сияқты жас отбасылар арасында ажырасуды азайту мақсатында психолог штаттарын бөлу де қарастырылады. Оған қоса бүгінгі кездесуде де бірқатар ұсыныстар айтылды. Мен оның бәрін қағазға түртіп, ойыма түйіп қойдым. Қай кезде де жастардан жақсы идея туындап, ізгі бастамалар жасалса, біз қолдауға әрқашан дайынбыз», - деді А. Баталов.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Жолдау-2021: Ластану деңгейі жоғары 10 қаладағы атмосфералық ауаны жақсарту шаралары -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Ж.Бекшин: Коронавирус жұқтырғандар арасында жастар көп -
Сарапшы: Жолдауда жастарға қатысты айтылған үш мәселені атады -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары