• Басты
  • Жаңалықтар
  • Жамбылдық химиктер минералды тыңайтқыштардың өндірісін кезең кезеңімен ұлғайтуға дайын

Жамбылдық химиктер минералды тыңайтқыштардың өндірісін кезең кезеңімен ұлғайтуға дайын

21 Қаңтар, 2014 12:30
Елбасының биылғы халыққа арнаған Жолдауында қазақ елінің 2050 жылға дейінгі дамуының негізгі тетіктері қамтылды. Жыл құжатында Жолдау жүктеген міндеттер мен мақсаттармен аймақтағы химия өнеркәсібінің алыбы «Қазфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жаңа Жамбыл фосфор зауытының жұмысшылары да мұқият танысты, деп облыстың ішкі саясат басқармасы хабарлады.

«Еліміздің басты саяси құжаты қоғамда қызу талқылануда. Қазақстанның кемел келешегін айқындайтын басты он бағыттың ішіндегі инновациялық өрлеу бағыты өндіріс саласындағылар үшін етене жақын. Нақтырақ айтқанда, Елбасы әр бес жыл сайын экономиканың жаңа саласын құру арқылы нақты нәтиже қол жеткізуге болатынын атап көрсетті.  Яғни, ең алдымен мобильді және мультимедиялық, нано және космостық технология, роботтық техника мен гендік инженеринг сондай-ақ, болашақтың энергиясын іздеу мен ашу саласы жандана түспек. Қазақстанның келешекте ауылшаруашылығы өнімдерін экспорттаушы елге айналатыныне сенетін казфосфат жұмысшылары өз өнімдерінің көлемін ұлғайтуды көздеп отыр», - делінген хабарламада.

Бүгінде жаңа Жамбыл фосфор зауытының 350 жұмысшысы «Нұр Отан» партиясының бастауыш ұйымына мүше. Мұндағылардың айтуынша, болашаққа бағдар беретін Елбасы Жолдауын насихаттауда партия мүшелері көш басында тұруы тиіс.

                               

Барлық жаңалықтар