• Басты
  • Тәуекелдерді басқару бюджеттің түсімін 2025 жылға дейін 5,5 трлн теңгеге арттырады
28 Қаңтар, 2019 16:39

Тәуекелдерді басқару бюджеттің түсімін 2025 жылға дейін 5,5 трлн теңгеге арттырады

Мемлекет басшысы 2018 жылы 10 қантарда «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Оны іске асыру шеңберінде Қаржы министрлігі салықтық және кедендік әкімшілендіруді цифрландыруға бағытталған бірқатар жобаларды іске асырады. Мәселен, 2018 жылдың қорытындылары бойынша Мемлекеттік кірістер органдары 22 миллион қызмет көрсетті. Оның ішінде 20 миллион қызмет электрондық тұрде. Толығырақ, келесі материалдан оқи аласыздар.
Тәуекелдерді басқару   бюджеттің түсімін  2025 жылға дейін 5,5 трлн теңгеге арттырады

Қаржы министрі Әлихан Смайылов айтып өткендей,  мемлекеттік қызметтерді ары қарай оңтайландыру және автоматтандыру үшін ведомствоаралық комиссия деңгейінде жол карталары бекітілді. Қызметтердің көбісін электрондық үкімет порталына шығару көзделіп отыр.

«Сондай-ақ, жеке сектор компанияларымен интеграция жүргізілуде.Осы жұмыстың нәтижесінде 2025 жылға қарай Қаржы министрлігің қызметтерінің 95 проценті электрондық форматта көрсетілетін болады.Жыл сайын бюджеттік сыныптама кодтарын қысқарту, салық есептілігі нысандарын оңтайландыру бойынша жұмыс жоспарлы түрде жүргізіліп келеді», - деді Ә.Смайылов.

Министр атап өткендей,  2015 жылдан бастап бюджеттік сыныптама кодтарының саны 2,5 есеге қысқарды.

«Салық декларациясының нысандары 30 пайызға оңтайландырылды.Салықтарды электрондық түрде төлеу процесін жеңілдету басталды.Ол үшін салық төлеушінің Бірыңғай электрондық кошелек сервисіне көшуі көзделеді.Бұл ретте, Эстонияның тәжірибесі қызық.Онда салық төлеушілер салықты бір реквизитке төлейді.Сосын, сол сома жеке тұлғалардың барлық салықтары бойынша автоматты түрде тарайды.Осыған сәйкес, Қаржы министрлігінің ақпараттық жүйелері 2019 жылдың соңына қарай Бірыңғай электрондық кошелекке түскен салық төлемдерін өздері шоттар бойынша таратады», - деді ол.

Ә. Смайылов атап өткендей,  салықтарды қате төлеудің болдырмау нәтижесінде төлем құжаттарының саны қысқартылады, анықталмаған төлемдер мен негізсіз айыппулдар алынып тасталады, инкассалық өкімдер саны қысқартылады, салық төлеушілердің уақыты үнемделеді.

«Сонымен қатар, электрондық кошелек арқылы салықтарды төлеудің бірыңғай сервисіне өту үшін ақпараттық жүйені пысықтау және деректер базасын актуализациялау қажет.Бұдан басқа, бюджеттік, банктік, салық, кеден заңнамаларына өзгерістер енгізу бойынша үлкен жұмыс жүргізу қажет болады.Көлеңкелі экономиканың үлесін қысқартудың және бюджетке салықтық түсімдерді ұлғайтудың әсерлі құралдарының бірі - импорттан немесе өндірістен оны түпкілікті сатуға дейін тауар қозғалысының толассыз мониторингі болып табылады», - деді министр.

Министр атағандай,  толассыз мониторинг жүйесі тауарларды жеткізудің тұтас тізбегін бақылай отырып, тауарлардың баға құрулуын талдауға мүмкіндік береді.

«Бүгінгі таңда «АСТАНА-1» жүйесі штаттық режимде жұмыс істеп тұр.«АСТАНА-1» ақпараттық жүйесі алдын ала ақпарат берілген сәттен бастап, тәуекелдерді басқару жүйесін қолданылып, транзитті ресімдеп, уақытша сақтау қоймасында тауарларды сақтап оларды сатуға шығарғанға дейін барлық кедендік процесті автоматтандырылған бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді», - деді Ә.Смайылов.

Бұдан басқа, үшінші елдермен олардың Қазақстанға рәсімделген экспорттық кедендік декларациялар бойынша «АСТАНА-1» ақпараттық жүйесі арқылы ақпараттық алмасу жұмысы басталуда.

«Бұл осы елдерден келетін тауарларды бақылауды күшейтуге және көлеңкелі экономиканың көлемін айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді.Ағымдағы жылы біз жүйені өнеркәсіптік пайдалануға еңгізуді жоспарлап отырмыз.Кедендік әкімшілендіруді одан әрі жеңілдету «Бірыңғай терезесін» енгізу есебінен қамтамасыз етілетін болады.Бұл жүйеде тауарларды әкелу және әкету үшін барлық қажетті рұқсат беру құжаттарын, сондай-ақ кедендік қызметтерді электрондық түрде алуға болады», - деді ол.

Ол айтып өткендей,  ауыл шаруашылық жүйесіндегі рұқсат беру құжаттары; тауарлардың сәйкестік сертификаттарын растау; санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылық бойынша құжаттар.

 ««АСТАНА-1» ақпараттық жүйесі енгізілгенге дейін кедендік брокер кеден органдарына барлық құжаттарды, оның ішінде кедендік декларацияның өзін де қағаз түрде ғана ұсынған.Осыған байланысты, құжаттарды өңдеу қолмен жүргізілді, бұл кедендік рәсімдеу процесін қиындатқан болатын.Тиісінше, бизнес үшін бұл үлкен уақыт және қаржы шығындарына себеп болды.Бүгінгі күнде біз «Астана-1» жүйесінің алғашқы оң нәтижелерін көріп отырмыз.Атап айтқанда, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың үнемдеуі шамамен 77 млрд.теңгені құрады және «жасыл коридор» бойынша рәсімдеу уақыты 1 минутқа дейін қысқарды», - деді ол.

 Министр  атағандай,  қазіргі жағдай бойынша, жүйеге тіркелген салық төлеушілердің саны 281 мың (жеке кәсіпкерлер – 108 мың, заңды тұлғалар – 173 мың), олар осы уақытта 163 млн. электрондық шот-фактура жазып берген.

«Оның 86 мыңы қосылған құн салығын төлеушілер. Сонымен қатар, пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін басқа да бастапқы құжаттар электрондық форматқа көшірілді. Мысалы электрондық шарттар және орындалған жұмыстар актілері.Олардың негізінде электрондық шот-фактуралар автоматты тұрде толтырылады.Ағымдағы жылы тауарларға ілеспе жүк құжатты электронды түрге көшіру жоспарланған.Сонымен қатар, жүйеде 2018 жылы «Виртуалды қойма» модулі іске асырылды», - деді ол.

Ол тауарлардың қозғалысы мен қалдықтарын есептейді және қосылған құн салығын әкімшілік ету үшін қосымша құрал болып табылады.

«Тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде әзірленген тәуекел моделдері деректерді қолмен өңдемей, оны автоматтандырып, жұмыс уақытын 2 айдан 2 күнге дейін қысқартып, нәтижелерінің неғұрлым жоғарлатуына мүмкіндік берді. Осылайша, Мемлекет басшысының Жолдауларын іске асыру мақсатында біз алдымызға салықтардың жиналуын 2018 жылғы 16,9 проценттен 2025 жылы жалпы ішкі өнімнің 25 пайызына дейін арттыруды мақсат етіп отырмыз», - деді министр.

Абсолюттік мәнде бұл 2025 жылға дейін 5,5 трлн. теңге бюджетке қосымша түсім береді.

Аягөз Құрмаш 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды