• Басты
  • Жастар жылы Түркістан облысында қандай тың жобалар пайда болады?
24 Қаңтар, 2019 12:12

Жастар жылы Түркістан облысында қандай тың жобалар пайда болады?

Түркістан облысының жастары Жастар жылы аясында қолға алынатын жаңа жобаларды жүзеге асырып жатыр. Бүгінде Түркістан облысында жастардың саны 501 мыңнан асады. Оның ішінде қала жастары – 86 416, ауыл жастары – 414 953. Түркістандық жастардың тың жобалары туралы Strategy2050.kz АА әзірлеген материалдан оқи аласыздар.

Жастар жылы  Түркістан облысында  қандай  тың жобалар пайда болады? | Strategy2050.kz

Түркістан облыстық жастар ресурстық орталығының басшысы Береке Дүйсебеков облыс орталығы – Түркістан шаһарында елімізде алғаш рет, басқа өңірлерде кездеспейтін көп функционалды үлкен жастар орталығы ашылатынын жеткізді.

«Бұл орталық нені қамтиды? Елбасымыз айтқан тапсырмаларды, оның ішінде, жастарды білімге, ғылымға, инновациялық жобаларға бағыттау, яғни оларды оқытып, үйрету сынды қызметтерді өз міндетіне алатын болады. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы жиында жастардың мамандық таңдау мәселелерін де айтып өтті. Ол бойынша аталған орталықта жастардың барлығына заманауи үлгіде жабдықталған, тегін вай-фай, ғаламтор сынды қажеттіліктермен қамтамасыз етілген «Сo-working» орталығы, яғни арнайы жұмыс алаңы қызмет ететін болады. Бұл дегеніміз, кез келген жас азамат осы Түркістан қаласында өз ісін ашып, кәсіпкер болса, ол бір жерден кеңсені ашу үшін қаншама ақшаға кеңсе жалдап, шығындалады. Ал біздің оған мемлекет тарапынан көмегіміз тегін жұмыс орнын береміз», - деді ол.

Б.Дүйсебеков  айтып өткендей,  орталық кәсіптің аяққа тұрып, дамып кетуіне атсалысатын болады.

«Айта кету керек, ол үшін бізде барлық жағдай бар. Биыл облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-на 3 қабатты 1500,0 шаршы метрлік ғимарат беріліп, жастар үшін барлық жағдай жасалды. Орталық жанында  IT park, «Сo-working» орталығы, «Жастарды кәсіпкерлікке бейімдеу» бөлімі және «Саяхатшылар ассоциациясы»  еріктілер тобының бөлімі жұмыс жасайды", – деді Б.Дүйсебеков.

 Б.Дүйсебеков  түркістандық әкімдік мамандарының тиісті жұмыстарды атқарып жатқанын, дарынды жастарды ауылды жерлерден іздестіріп, оларға жағдай жасау мәселесі ойластырылып жатқанын жеткізді.

Айта кетейік, өңірде 2 жоғары оқу орны  және 66 орта арнаулы оқу орынында – 57 672 студент білім алуда. Оқу орындарының  45 жатақханасында 8553 студент орналасқан. Бұл жалпы студенттердің 15 пайыз үлесін құрайды.

 «Серпін-2050» бағдарламасы аясында – 9 313 жас қамтылды. Бұл республика бойынша білім алып жатқан жастардың 50 пайыздан астамын құрайды. Ал 2018 жылы «Серпін – 2050» бағдарламасы аясында 440 жас оқуын бітірді. Оның ішінде 63,3 пайызы тұрақты жұмысқа орналасты.

Облыс әкімдігінің мәліметінше,  «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша жыл сайын   1275 жас жұмыспен қамтылуда. «Дипломмен ауылға» жобасы аясында 913 жас маман жұмысқа орналасып, 314 маман баспаналы болды.

  Елбасы Жарлығына сәйкес жастарға әлеуметтік қолдау масқатында биылғы жылы аудан, қалалардағы 500-ден астам жұмыссыз азаматты Түркістан қаласында салынып жатқан құрылыс жұмыстарына тарту үшін «Түркістан жастар құрылыс жасағы» құрылып, мердігер компанияларымен келіссөздер жүргізілуде.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес өңірлік «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық жастар қозғалысы құрылды.

Айта кетейік, Жастар жылына орай 2019 жылдың наурыз айынан бастап жыл соңына дейін «Аудан жастарының Түркістанға тартуы» атты апталығы ұйымдастырылып, 1000-нан астам мәдени-спорттық іс-шаралар ұйымдастырылмақ.   Сонымен қатар, биыл «Түркі жастарының конгресі» және «Орта Азия жастарының форумы» халықаралық іс-шаралары өткізілуі жоспарлануда.

Аягөз Құрмаш 

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды