• Басты
  • Жастар жылы: Жаңа буынның ұсыныстары
23 Қаңтар, 2019 17:38

Жастар жылы: Жаңа буынның ұсыныстары

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Жастар жылы салтанатты түрде ашылды. «Тәуелсіздіктің ұрпақтары» Жастар жылы тың идеялары мен ұсыныстарын алға тартты. Толығырақ, келесі материалдан оқи аласыздар.
Жастар жылы: Жаңа  буынның  ұсыныстары | Strategy2050.kz

Мәселен, жас фермер Тамила Розметова Жастар жылын қолдау ретінде тың жоба ұсынды.

«Жер  Ана біз үшін - мүмкіндіктер мұхиты, бұл жастар өздерінің болашағын қашап салатын   ауқымды еңбек нарығы. Меніңше, қара жерден өнім алып көрген менің замандастарым  ауыл шаруашылығынан ешқашан бас тартпайды», - деді Т.Розметова.

Ол Президентке  маханбет алмасын жаңғыртумен айналысып жүргенін айтты.

«Біз   Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Жаңғыру жолы»  қозғалысы Жатсар жылын  нақты жобамен қолдағысы келеді. Біз осы көктемде  Астанада алма бағын отырғызуға мүдделіміз. Біз алманы  4 түрін дайындап қойдық, ол аязға да, желге де төзімді. Біз бақты тамшылап суаруды толықтай өз жауапкершілігімізге аламыз. Астанадан   тым болмағанда  1 гектар жер ұсынуды сұраймыз», - деді Тамила Розметова.

Өз кезегінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астана әкімі Бақыт Сұлтановқа алма бағына орын тауып беруді тапсырды.

«Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қорының атқарушы директоры Рауан Кенжеханұлы  қор «100 жаңа оқулық» жобасын іске асыру үшін құрылған ұйым екенін атап  өтті.

«Аударма бюросында жұмыс  жасайтын мамандарымыз егемендікте білім алған. Бір бөлігі «Болашақ» бағдарламасымен оқып келген, Тәуелсіздік құрдастары. Олардың қай-қайсысы болмасын биік елдік маңызды жобада сіздің тапсырмаңызбен жұмыс істеп жатқанына  үлкен мақтанышпен айтады», - деді Р.Кенжеханұлы.

Сондай-ақ, жас кәсіпкер  Расул Абдуллаев елде Маркетинг министрін құруды ұсынды.

«Нұрсұлтан Назарбаев, сізге Қазақстан Республикасының  Маркетинг министрі атауымен жоба ұсынғым келеді. Ол ұйым барлық ведомстволардың жұмысын  жақсартатын платформаға айналуы мүмкін. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын тек Қазақстанда ғана емес, шетелде де насихаттау жұмысын жүргізеді. Қазір бізде барлық мамандардан құралатын топ бар. Тек мүмкіндік қана қажет. Аз уақыт ішінде нәтиже көрсетуге дайынбыз. Айта кету керек, бұл әлемдегі тұңғыш Маркетинг министрі болмақ», - деді Расул Абдуллаев.

Бүркітші қыз Айшолпан Нұрғайыпқызы  Қазақстанның өңірлерінде жастарды оқытатын, бүркітшілер мектебі ашылса деген арманы бар екенін айтты.

«Биылғы жылды Жастар жылы деп жариялағаныңыз үшін алғыс. Алтайдағы аз қазақтың аманаты бар еді, сізді Бай-Өлкеге қонақ болуға шақырамыз. Ақ  дастарханнан дәм татып кетсеңіз, алыстағы ағайынның рухы бір жасап қалар еді», - деді Айшолпан Нұрғайыпқызы.

Өз кезегінде  Қазақстандағы ең жас студент 13 жасар  Абзал Мырзаш алдағы жоспарлары туралы айтты.

«Мен де еліміздің шынайы патриоты ретінде Қазақстанның алдыңғы қатарлы озық технологиясы бар, ғылымы мен экономикасы дамыған өркениетті 30 елдің қатарында болуына өз үлесімді қосқым келеді. Сондықтан алдағы уақытта Қазақ-Британ техникалық университетін бітірген соң, АҚШ-тағы Массачусетс технология институтының магистратурасында және докторантурасында оқуды жалғастырып, ақпараттық технологиямен бірге, нанотехнологияны меңгеріп, Қазақстанның ғылымына өз үлесімді қосамын деген үлкен мақсатым бар», - деді Абзал Мырзаш.

Сонымен қатар ол елімізде компьютерлік техниканы және оны жабдықтайтын құралдарды, робототехниканы, нанороботтарды жасайтын үлкен кәсіпорын ашуға ниетті екенін айтты.

«Менің ұсынатын екі жобам бар. Бірінші жобамда компьютердің пернетақтасына ыңғайлап «Абзал алфавит» деп аталатын қазақ-латын әліпбиін жасадым. Осы нұсқама авторлық куәлік алдым. Менің бұл нұсқам арқылы әлемнің кез келген жерінен компьютердің стандартты ағылшын пернетақтасын пайдаланып, қазақша жазуға болады», - деді А. Мырзаш.

Оның сөзіне қарағанда, екінші жобада кириллицадан латын қарпіне аударатын конвертер бағдарлама жасалды.

«Қазір менің конвертер бағдарламам арқылы кириллицадан латын графикасындағы қазақ қарпіне 1 минутта 1 200-ден астам кітап аударуға болады», - деді ол.

Өз кезегінде түркістандық   27 жасар көпбалалы ана Жазира Тұрғынова  жастарды көпбалалы отбасы болуға шақырды.

«Дана халқымызда «Бір қозы дүниеге келсе, бір тұп жусан артық шығады» деген сөз бар. Менің атым - Жазира. Жасым 27-де, Түркістан облысының тұрғынымын. Алланың қалауымен 7 сәбиімді өмірге әкелдім. Әр баламның өмірге келуімен қатар біздің үйде үлкен қуаныштар орын алады. Балаларымнң күлкісінен өмірге деген құштарлық аламын. Қазірі таңда балаларымның үлкені 11 жаста, ол менің бірінші көмекшіме айналды. Ата-бабаларымыздан мирас болып қалған осынау байтақ қазақ елімізде сәбилердің көп болғанын қалаймын», - деді ол.

Жазира Тұрғынова өткен жылы Елбасының Жарлығымен Түркістан облысы құрылып, орталығы ретінде Түркістан қаласы бекігендігін атап өтті.

«Мен бүлдіршіндерімнің келешегіне сенімдімін. Еліміздің жастарын көпбалалы болудан қорықпауға шақырамын. Әр бала өз несібесімен келеді», - деді Жазира Тұрғынова.

Аягөз Құрмаш

Фото: Бауыржан Жуасбаев 

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды