• Басты
  • Квазимемлекеттік сектор субъектілерін сатып алу қалай өзгереді
22 Қаңтар, 2019 15:55

Квазимемлекеттік сектор субъектілерін сатып алу қалай өзгереді

2018 жылы Мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордың сатып алуларының жалпы көлемі 9,2 трлн теңгені құрады. Оның ішінде: мемлекеттік сатып алу – 3,6 трлн теңге, Самұрық-Қазына қоры – шамамен 5 трлн теңге және өзге ұлттық компанияларының сатып алулары 600 млрд. теңгеге жуық. Квазимемлекеттік саладағы көрсеткіштер туралы келесі материалдан оқи аласыздар.
Квазимемлекеттік сектор субъектілерін сатып алу қалай өзгереді | Strategy2050.kz

Қаржы министрі Әлихан Смайыловтың айтуынша,  мемлекеттік және квазимемлекеттік сатып алудың 2018 жылғы көлемі 2017 жылға қарағанда 3,4% көп.

«2018 жылдың 26 желтоқсанында Елбасы Мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сатып алу мәселелері бойынша Заңға қол қойды.Заң 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енді.Заңды іске асыру үшін Қаржы министрлігі Мемлекеттік сатып алу Ережелеріне өзгерістер енгізді.Ол өзгерістер Заңмен қатар қолданысқа енді.Тиісінше, Мемлекеттік сатып алу веб-порталы жаңа өзгерістерге сәйкес келтірілді»,  - деді министр.

Жалпы, қабылданған Заңдағы түзетулер 3 бөлімнен тұрады:бірінші, бұл мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жеңілдету, екінші, потенциалды өнім берушілердің біліктіліктерін жоғарлату, үшінші, бір көзден сатып алу үлесін төмендету.

«Сатып алу рәсімдерін жеңілдетуге арналған нормалар Заңның келесі ережелерінен тұрады.  Бір көзден сатып алудың шекті сомасы 
100-ден 500 айлық есептік көрсеткішке дейін өсті.Бұл маңыздылығы аз жұмыстар мен қызметтер бойынша сатып алу процедураларын айтарлықтай жеңілдетеді.Осы норма негізінен бюджеті үлкен емес тапсырыс берушілерге қатысты», - деді Ә. Смайылов.

Бюджеттің төртінші деңгейін енгізу аясында ауыл әкімдіктері үшін бір көзден сатып алудың шекті сомасы 3 мың айлық есептік көрсеткішке дейін өсті.

«Заңға сәйкес, осы норма 2021 жылға дейін қолданылады.  Бұл ауыл әкімдіктерінің сатып алуды өткізу бойынша тәжірбиелерін қалыптастыру үшін енгізілді. Баға ұсыныстарын сұрату кезінде тапсырыс берушілерге тауарлардың фирмалық атауларын көрсетуге құқық берілді», - деді Ә. Смайылов.

Потенциалды өнім берушіге «қаржылық тұрақтылық» деген жаңа біліктілік талап белгіленеді.

«Ол төленген салықтардың, айналымдағы және негізгі қаражаттың бар болуы, еңбек ақы төлеу қоры сияқты параметрлер арқылы анықталатын болады.Бұл мәліметтер Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйелерінен автоматты түрде алынады.Сонымен қатар, ол салық түсімінің артуына мүмкіндік береді», - деді ол.

Осыған орай Қаржы министрлігіне сатып алу тәсілін айқындау құзіреті берілді.

«Бұл құрылыс саласында сатып алуды біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс тәсілі арқылы ғана жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бұл құрылысты тездетеді және оның сапасын арттырады. Себебі сатып алуға тек білікті компаниялар қатысатын болады. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуда өтінімді және шарттың орындалуын қамтамасыз ету міндеті енгізілді.Бұрын баға ұсыныстарын сұрату кезінде қаржылық міндеттемелер болған жоқ . Сол себебті өнім берушілер шарт жасасудан жиі бас тартатын», - деді министр.

Төленген салық сомасы бойынша өнім берушіні таңдау критерийі алғаш рет енгізілгенін атап өту керек.

«Бұл өнім берушілерді таңдаудағы әділ критерий болып есептеледі және кәсіпкерлердің салықты адал төлеуіне септігін тигізеді.Сондай-ақ, аталған критерий конкурстың барлық көлемін қосалқы мердігерлерге беретін компаниялардың жеңуіне жол бермейді.Бұрын, шартты бағалар тең болған кезде, өтінімі бұрын түскен потенциалды өнім беруші жеңімпаз деп танылатын.Бірақ бұл әдіс тапсырыс беруші мен потенциалды өнім беруші арасында сөз байласу мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне мүмкіндік берген», - деді министр.

Қаржы министрі айтып өткендей,  бір көзден сатып алу үлесін төмендетуге бағытталған түзетулер келесі нормалардан тұрады.

«Бір көзден сатып алудың 53 негізінен 5-еуі қысқартылды. Бір көзден сатып алуды қысқарту мақсатында тапсырыс берушілердің сатып алулар өткізілмеді деп танылған жағдайда, оларды қайта өткізуміндеті бекітілді.Бұл бір көзден сатып алуды қысқартуға мүмкіндік береді», - деді министр.

Сондай-ақ, бір көзден сатып алу шеңберінде қылмыстық-атқару жүйесінің «Еңбек» кәсіпорындарына қосалқы мердігерлерді тартуға тыйым салынды.

«Бұл Еңбек кәсіпорындарының тікелей мемлекеттік тапсырысты ала отырып, сотталғандарды жұмысқа орналастырудың орнына барлық жұмыстарды қосалқы мердігерлерге беруімен байланысты.Сонымен қатар, халықаралық тәжірибеге сәйкес отандық тауар өндірушілерді қолдау бойынша Заңмен мынадай нормалар көзделген», - деді ол.

Норма бойынша алдымен Ресей Федерациясына ұқсас, Қазақстан Республикасы Үкіметінің ұлттық режимнен алып тастау жағдайлар тізбесі Заң аясында белгіленді.

«Өнім берушілерге қосымша талаптарды қою бойынша Қаржы министрлігінің құзыреті белгіленді. Жұмыстарды жүргізу жерінде өндірістік базаның және жергілікті еңбек ресурстардың болуы деген талаптар қойылатын болады», - деді ол.

Квазимемлекеттік сектордың сатып алулары бойынша Заңмен келесі нормалар көзделген:

-біріншіден, бұл сатып алу Ережелерін бұзғаны үшін квазимемлекеттік сектор қызметкерлерінің әкімшілік жауапкершілігін қарастыру;

-екіншіден, квазимемлекеттік сектордың барлық сатып алуын электрондық форматқа көшіру;

-үшіншіден, Самұрық-Қазына Қорын қоспағанда, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің бірыңғай Ережелерін Қаржы министрлігімен бекіту.

Сондай-ақ, Самұрық-Қазынаның ережелері Қаржы министрлігінің келісімімен бекітілетін болады.

«Айта кетсек, Заңның осы айтылған квазимемлекеттік сектордың сатып алу мәселелері бойынша нормалар  2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енеді.Бұл Заңды қабылдау мерзімнің тығыздығымен, сондай-ақ заңға тәуелді актілерді қабылдау қажеттілігімен және оларды техникалық іске асырумен байланысты (ақпараттық жүйелерді құру және интеграциялау, т.б.).Республикалық, облыстық және аудандық деңгейдегі орталық сатып алу органдары үшін Қаржы министрлігімен тиісті Тізбелер бекітілді», - деді министр.

Министр атағандай,  осы Тізбелер 2019 жылдың 1 наурызынан бастап қолданысқа енеді.

«Бұл аудандық деңгейде орталық сатып алу қызметтерін құру жөнінде ұйымдастыру шараларын қабылдау қажеттілігімен байланысты.Алайда облыстың кейбір әкімдіктері аудандық деңгейдегі орталық сатып алу органдарының дайын еместігін атап өтті. Мұндағы себеп олардыңквалификациясының төмендігі және тәжірибесінің жоқтығымен түсіндіреді.Осыған байланысты, Қаржы министрлігі әкімдіктермен бірге аудандық деңгейдегі Орталық сатып алу органдары өткізетін сатып алудың Тізбесін қосымша пысықтайтын болады», - деді Ә.Смайылов.

Министр атап өткендей,  заңмен мемлекеттік сатып алуды жетілдіру бойынша өзге де нормалар көзделген.

«Астана және Алматы қалаларында солтүстік, орталық және оңтүстік облыстар үшін бірлескен жиналыстар өткізілді, оған мемлекеттік органдардың, бизнес-қауымдастықтардың және қоғам өкілдері қатысты.Мемлекеттік сатып алу саласындағы елеулі өзгерістерді ескере отырып, жаңашылдықтарды түсіндіру бойынша жұмыстар жалғасатын болады.Қорыта айтқанда, қабылданған Заң сапаға бағытталғанын атап өту қажет», - деді министр.

Министр атағандай,  түзетудің негізгі бөлігі потенциалды өнім берушілерге қойылатын талаптарды күшейтумен байланысты.

«Қабылданған Заң мемлекеттік сатып алу саласында жағдайды жақсартуға және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға ықпалын тигізеді», - деді ол.

 

Аягөз Құрмаш 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды