• Басты
  • 5 әлеуметтік бастама қалай жүзеге асырылуда
22 Қаңтар, 2019 12:47

5 әлеуметтік бастама қалай жүзеге асырылуда

2018 жылдың наурызында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуі жарияланған болатын. 11 айдың ішінде 5 бағыт бойынша қандай іс-шаралар атқарылып, нәтижелерге қол жеткізілгенін өкілетті өкілдер баяндап берген болатын. Елбасы бастамаларының орындалуы қандай деңгейде екенін келесі материалдан оқи аласыздар.
5 әлеуметтік бастама қалай жүзеге асырылуда

1. Баспана алудың жаңа мүмкіндіктері

2018 жылдың наурызында Мемлекет басшысы бірнеше әлеуметтік бастама аясында «7-20-25» бағдарламасын іске қосуды тапсырды. Бұл халық үшін тұрғын үй жағдайын жақсартуға арналған. Ұлттық банк өткен жылдың ортасында бағдарлама талаптарын бекітті.

Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев айтып өткендей,  ипотека нарығын жақсарту үшін заңнамалық өзгертулер енгізілді.

« «7-20-25» бағдарламасы 2018 жылғы шілдеде іске қосылды. Бағарламаны 8 банк іске асыруда. «17 қаңтардағы жағдай бойынша 52 млрд теңгеге 4350 өтінім мақұлданды. Осы уақытта 17 пайыз өтініш берушіге немесе 1237 өтінім бойынша қарыз беруден бас тартылды. Бас тартуға негізгі себеп - кредиттік тарихының нашарлығы және жеткілікті кірістің болмауы», - деді Д.Ақышев.

Сондай-ақ,  бағдарламаны халыққа түсіндіру жұмысы жүргізіліп, 6 млн-нан астам қазақстандық қамтылған.

«Бағдарламаны іске асыру барысы БАҚ-та, әлеуметтік желілерде жүйелі түрде жарияланады. Тәулік бойы Call-орталық жұмыс істейді. Ұлттық банктің аумақтық фиалдары мен «Баспана» ипотекалық ұйымы барлық өңірдегі халықпен және еңбек ұжымдарымен кездесу өткізуде», - деді Д.Ақышев.

Сонымен қатар,  "Тұрғын үй ұсынысын ұлғайту үшін Ұлттық банк жергілікті атқарушы органдардың "Баспана" компаниясының 150 млрд теңгеге дейін сомадағы облигацияларын нарықтық талаптармен сатып алуға рұқсат берді.

«Бүгінде   бұл тетікті Шымкент қаласының әкімдігі ғана 10 млрд теңге мөлшерінде пайдаланды. «Баспана» ұйымынан қаржыландыру тарту құқығын басқа әкімдерге беру мүмкіндігін қарастыру қажет. Бағдарламаны жандандыру үшін 2018 жылғы желтоқсанда мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларына өзгерістер енгізілді. «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынған үйлер Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі арқылы  салымшылар мен кезекте тұрғандарға және барлық азаматтарға «7-20-25»  бағдарламасы бойынша ипотекалық қарыздар арқылы сатылуы мүмкін», - деді банк басшысы.

Д.Ақышев айтып өткендей,  бастапқы жарнаны азайту үшін қызметкерлердің жекелеген санаттарына қолдау көрсетілуде.

« Жеңілдік берілген ипотека бойынша бастапқы жарнаны субсидиялау тетігі енгізілді. Ол  әлеуметтік және бюджеттік сала қызметкерлеріне тұрғын үй сертификаттарын  беру арқылы жүзеге асырылады. Жекелеген өңірлер тұрғын үй сертификаттарын беруге кірісіп кетті. Мысалы, Астана әкімдігі 1 млн теңгеге бастапқы жарнаны субсидиялау үшін  мұғалімдерге, дәрігерлерге және полиция қызметкерлеріне 100 сертификат берді», - деді Ұлттық банк төрағасы.

 Осы ретте ол тұрғын үй сертификаттарын беру нақты сипатта болуға тиістігін және бағдарлама басында ғана болуы мүмкін екендігін баса айтты.

«Бағдарламаға қатысу талаптарының бірі - меншік құқығында баспананың болмауы. Сонымен қатар азаматтардың меншікті баспанасы болып, қосымша баспана талап етілетін көптеген жағдай да бар. Бұл тұрғын үй талаптарын жақсартатын көп балалы отбасылар, балаларына баспана сатып алатын ата-аналар, басқа географиялық өңірге көшетін азаматтар болуы мүмкін. Халықтың қажеттілігін назарға  ала отырып, Ұлттық банк Үкіметке бағдарламаға меншік  құқығында баспанасы бар азаматтарға қатысу құқығын беру мүмкіндігін зерделеуді ұсынады», -  деді Д.Ақышев.  

2. Жалақыны арттыру

ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Руслан Дәленов   салық кодексінде жалақысы 63 125 теңгеден төмендер үшін тәртіп өзгергенін айтты.  

«Олардың салық жүктемесі 10 есе төмендетілді және 2 миллионға жуық жұмысшы жылына 15 мың теңгеге дейін қосымша кіріс алады. Жергілікті бюджеттердің шығындарын өтеу бойынша өзгерістер 2019-2021 жылдары жергілікті бюджеттердің 93,7 млрд теңге көлеміндегі шығындарына әкеледі. Аталған шығындар Республикалық бюджет комиссиясының 2018 жылғы 2 сәуірдегі отырысында қаралды және мақұлданды. Жергілікті бюджеттердің кірістері жеңілдік есебінен төмендемейді», - деді ол.

Вице-министрдің  айтуынша, республикалық бюджетте 2019 жылы 29,1 млрд. теңге көлеміндегі трансферттер көзделген.

« Қаржыландыру жоспарына сәйкес қаңтарда 2,3 млрд. теңге аударылды. 2020-2021 жылдардағы жергілікті бюджеттердің шығындары осы жылы жаңа үшжылдық бюджетте жалпы сипаттағы трансферттерді қалыптастыру кезінде ескерілетін болады. Сонымен қатар екінші бастамада жеке табыс салығының прогрессивті шкаласын енгізу мүмкіндігін зерделеу тапсырылды. Халықаралық тәжірибе зерделенді және жалдамалы еңбекке ақы төлеудегі ағымдағы жағдайға егжей-тегжейлі талдау жүргізілді», - деді Руслан Дәленов.

3.Жоғары білім алудың қолжетімділігін арттыру, жатақханалар ашу

Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев айтып өткендей,  2018 жылы бөлінген 20 мың грант бойынша балалар оқып жатыр. Елдегі гранттардың жалпы жыл сайын бөлінетін саны 69 мыңға жетті.

«Жаңадан қабылданған 53 мың студент – бакалавриатта, 13 мың – магистратурада, 2 мыңнан астам адам PhD программалары бойынша білім алуда.Барлық грант алушылардың 50%-ы техникалық мамандықтар бойынша оқиды. (34 мың). Олардың ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, киберқауіпсіздік, радиотехника және электроника сияқты еңбек нарығы үшін маңызды бағыттар», - деді Е.Сағадиев.

Сондай-ақ,  «Серпін» программасы бойынша ауыл жастарына 5 мың грант қарастырылған.

«Гранттардың шамамен 20%-ы мұғалімдерді даярлауға, оның ішінде тілдік компетенцияны күшейтуге бағытталған.Барлық жоғарғы оқу орындарында техникалық және ауылшаруашылық мамандықтары бойынша гранттар құны ұлттық   ВУЗ-дағы гранттармен бірдей болып, 635 мың теңгені құрады.Яғни, Мемлекет басшысының гранттарды бөлу және құнын арттыру туралы тапсырмасы толығымен орындалды.Жоғары білімнің қолжетім-ділігін қамтамасыз ету үшін қосымша шаралар қабылдануда», - деді министр.

Е.Сағадиев атап өткендей,  осы жылдан бастап, ҰБТ жылына 4 рет өткізілетін болады. Осы, қаңтар айында бірінші рет өткізіп, жаңа ғана аяқтадық. Отыз бес мыңнан аса бала қатысқан болатын, осы түлектерге ақылы оқу үшін жоғарғы оқу орындарына түсуге мүмкіндік берілді.

« «Білім туралы» Заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес бакалавриатқа ұқсас магистратураға қабылдау-дың жаңа моделі енгізілуде. Осы жылы магистратураға білім беру гранттарын беру, баклавриат процесстерімен бірдей болды. Магистратураға үміткердің өзі ВУЗ-ды таңдауына мүмкіндік беретін комплексті тестілеу нәтижесі бойынша жүргізіледі.Екінші тапсырма бойынша - жатақханаларда жаңа орындарды енгізу бойынша жұмыстар жалғасуда», - деді Е.Сағадиев.

Министр атап өткендей,  2019 жылы 5 мың орынды енгізуді жоспарланып отыр.

«Қазіргі уақытта, 3 жарым ай ішінде бізге 11 мыңнан астам орынға 20 өтініш келіп түсті, 6 мың 500 орынға 12 шарт жасалды. Олардың көбісі салына бастады. Қазіргі есеп бойынша 5 мың орын толығымен биылғы жылы беріледі. Сонымен қатар, осы айдың соңына дейін 4 мың алты жүз орынға тағы 8 шарт жасау жоспарлануда. Ол келесі жылы берілетін жобалар.Және осы жоба іске асқаннан бастап білім беру ұйымдары өз қаражаты есебінен, осы мемлекеттік тапсырыс механизмін қолданбай 3 мыңға жуық орындық 10 объект енгізгенін атап өту маңызды. Оны өздері салды. Бұл Алматы, Шымкент, Атырау, Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Түркістан облыстары», - деді Е.Сағадиев.

Жалпы, 2022 жылдың соңына дейін 75 мың жаңа орындарды енгізу үшін барлық жағдай жасалған. 170 жер учаскесі анықталған. Олардың 121-і білім беру ұйымдарына тиесілі, 49-ын акиматтар бөлген.

«27 ұйым ПСД әзірледі, 62-сі әзірлеп жатыр. Біз әзірленген және үлгілік ПСД банкін құрдық, оны жобаның жаңа қатысушылары пайдалана алады.107 жоба бойынша қаржыландыру көздері анықталды. 50 жоба өз жоғарғы оқу орындары қаражаты және банктер қаражаты есебінен, 57 жобаны инвесторлардың қаражаты есебінен іске асыру жоспарланып отыр.Сонымен бірге, осы жобаны толығымен орындау үшін жекелеген региондар қосымша жер учаскелерін бөлу жұмыстарын қарастыру қажет. Мысалы, Астана қаласында 12 жер учаскесі бөлінді, алайда тағы 9 учаске бөлу керек. Алматы, Маңғыстау, Ақтөбе және Қызылорда облыстарының акиматтары қосымша 1 учаскеден бөлу қажет болып тұр», - деді ол.

4. Шағын несие беруді көбейту

Еңбек  және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мадина Әбілқасымова  төртінші әлеуметтік бастама шеңберінде 2018 жылы микрокредит беру бағдарламасын қаржыландыру 20  миллиард теңгеге, оның ішінде ауылдарда – 14 миллиард, қалаларда – 6 миллиард теңгеге ұлғайғанын атап өтті.

«Қосымша бөлінген қаражатты есепке алғанда, микрокредит берудің жалпы сомасы 62 (алпыс екі) миллиард теңгені құрады. Оның ішінде 45 (қырық бес) миллиард теңге ауылдық жерлерге (73%) және 17 (он жеті) миллиард теңге (27%)  қалалық жерлерге жіберілді.2018 жылға арналған  микрокредитпен қамту жоспары 14 мың адамды құрады.Бағдарламаның талаптарына сәйкес микрокредиттер микробизнесті ашу, бар бизнесті кеңейту және якорлы кооперацияны дамыту мақсатында беріледі.Микрокредиттер 5 жыл мерзімге, ауыл шаруашылығы саласында 7 жылға дейінгі мерзімге 6%-дық номиналдық ставкамен беріледі», - деді Мадина Әбілқасымова.

Микрокредит берудің  сараланған лимиттері белгіленген, мысалы:

-Астана, Алматы, Атырау және Ақтау қалалары үшін – 19 млн.теңгеге дейін;

-басқа қалалар үшін – 15 млн.теңгеге дейін;

-ауылды жерлерде – 6 млн.теңгеге дейін;

-якорлы кооперацияны дамытуға – 12 млн.теңге.

Микрокредит беру бағдарламасының операторлары ауылда – Ауыл шаруашылығы министрлігі, қалаларда - Ұлттық экономика министрлігі болып табылады.

Министр атағандай,  2018 жылы Төртінші әлеуметтік бастаманы тиімді іске асыру үшін Бағдарламаға:

-ауылдар мен қалаларда микрокредит беру лимиттерін саралауды;

- якорлы кооперацияны дамыту үшін ауылды елді мекендерде микрокредит беру мөлшерін 5 мыңнан 8 мың айлық есептік көрсеткішке дейін ұлғайтуды;

-Бағдарламаға қатысушылар санын жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлермен толықтыруды;

-жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлер, якорлы кооперация мен ауылшаруашылық кооперативтері қатысушылары үшін кемінде бір тұрақты жұмыс орнын құру бойынша талаптарды азайтуды және тағы басқа нормаларды көздейтін өзгерістер енгізілді.

«2018 жылдың қорытындысы бойынша микрокредит беру бойынша барлығы – 59,5 (елу тоғыз жарым) миллиард теңге немесе  бір жылға арналған жоспардың 96%-ы игерілді, оның ішінде ауылдарда – 45,4 (қырық бес те төрт) миллиард теңге (100 %), қалаларда – 14,1 (он төрт те бір) миллиард (83 %) игерілді.Өңірлер бөлінісінде қаражатты игеру бойынша жақсы көрсеткіштер Алматы қаласында (2,1 млрд. теңге немесе (161%), Түркістан облысында (оның ішінде Шымкент қаласында) (7,4 млрд. теңге немесе 111% (жүз он бір пайыз), Алматы (6 млрд. теңге немесе 105% (жүз бес пайыз) және Атырау облысында (1,6 млрд. теңге немесе 102%  жүз екі пайыз) байқалады», - деді министр.

М.Әбілқасымова  биыл  микрокредит беру бағдарламасын қаржыландыру көлемі 62  млрд. теңгені құрайды, оның ішінде республикалық бюджет есебінен – 54 млрд. теңге, жалпы сипаттағы трансферттер – шамамен 8 млрд. теңге.

«Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің нұсқамасына сәйкес ағымдағы жылы жалпы сипаттағы трансферттер есебінен  микрокредит беруге көзделген қаражат Бағдарламаның басқа іс-шараларына қайта бөлінгенін ескерсек, жергілікті атқарушы органдарға ағымдағы жылдың басында бюджетті нақтылау кезінде 8 млрд. теңге сомасында қаражатты толықтыру қажет», - деді министр.

5. Газдандыру

Энергетика министрі Қанат Бозымбаев 2018 жылғы 19 қарашада «АстанаГаз ҚМГ» АҚ мен   «ҚазҚұрылысСервис» МГҚК» АҚ арасында «Сарыарқа» магистральдық газ құбырын салу туралы шартқа қол қойылғанын айтқан болатын.

«Қазіргі таңда мынадай іс-шаралар орындалды:хабарлама тәртібінде құрылыс-монтаждау жұмыстарына рұқсат үш облыс бойынша (Қызылорда, Қарағанды және Ақмола) алынды, мердігерге газ құбырының трассасын қабылдау-беру жүргізілді, 2018 ж. қараша-желтоқсан айлары кезеңінде «ҚазқұрылысСервис» МГҚК» АҚ бірқатар жабдықтар мен материалдарға техникалық және  тапсырыс спецификациясын дайындады, олар  техникалық-коммерциялық ұсыныстар әзірлеу үшін әлеуетті өнім берушілерге жіберілген, «ҚазқұрылысСервис» МГҚК» АҚ техникалық-коммерциялық ұсыныстарға техникалық талдау жүргізуде», - деді Қ.Бозымбаев.

Ұзақ жасалатын жабдықтар мен материалдарды жеткізуге  арналған коммерциялық ұсыныстарға сұрау салу бойынша ағымдағы прогресс шамамен 60%-ды құрайды.

«Қазіргі уақытта Астана қаласы, Ақмола және Қарағанды облыстарының әкімдіктері газ тарату желілерінің бірінші кезегін  салудың ЖСҚ-сын аяқтауда. Осы әкімдіктердің ақпараты бойынша 2019 ж. бірінші тоқсанында ЖСҚ бойынша мемлекеттік сараптама қорытындысын алу күтілуде. Жоғарыда көрсетілген жобалар бойынша ЖСҚ-ға «Мемсараптама» РМК-нің кешенді ведомстводан тыс  сараптамасының оң қорытындысы алынғаннан кейін Энергетика, Қаржы министрліктері мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіпте «Сарыарқа» магистральдық газ құбыры трассасының бойындағы елді мекендерге газ тарату желілерін салуды қаржыландыру мәселесін пысықтайтын болады», - деді Қ.Бозымбаев.

Өз кезегінде Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев  Елбасының "Бес әлеуметтік бастамасы" - ауқымды бағдарлама екенін атап өтті.

«Сондықтан біз әрбір бастаманы сапалы жүзеге асыруға міндеттіміз. Баяндамадан көріп отырғанымыздай, жалпы барлық бағыттар бойынша жұмыстар орындалып жатыр. Бірінші бастама бойынша жұмысты жалғастыру қажет. Асқар Ұзақбайұлы, Данияр Талғатұлының  тарапынан айтылған ұсыныстарды осы аптаның соңына дейін қарап, жұма күні шешімін шығару керек. Шын мәнінде біраз кедергі бар. Оның бәрін жойып, бағдарламаның жүруін жылдамдатуымыз қажет», - деді Үкімет басшысы.

Премьер-Министрдің айтуынша, «Жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайту» атты екінші бастама орындалды.

 «20 мың білім грантын бөлуді көздейтін үшінші бастаманың бірінші бөлігі жұмысын аяқтады. Екінші бөлігі студенттерді жатақханамен қамтуды көздейді. Ерлан Кенжеғалиұлы,әкімшіліктермен бірлесе отырып, бүгінгі айтылған ұсыныстардың барлығын тағы бір пысықтап алу қажет. Егер биыл 5 мың жатақхана орны тапсырылуы керек болса, онда соның барлығын орындауымыз қажет», - деді Бақытжан Сағынтаев.

Үкімет басшысының айтуынша, халық  табысының артуын қамтамасыз ету үшін өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыз халыққа микронесие беруді көздейтін төртінші бастама бойынша негізінен индикаторлық көрсеткіштерге қол жеткізілді.

Аягөз Құрмаш 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды