- Басты
- Жаңалықтар
- «Қазақэнергиясараптама» АҚ атауы «Электр энергетикасын және энергия үнемдеуді дамыту институты» АҚ атауына өзгертілді
«Қазақэнергиясараптама» АҚ атауы «Электр энергетикасын және энергия үнемдеуді дамыту институты» АҚ атауына өзгертілді
«Мекемені қайта құру «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» ҚР Заңында көзделген экономиканың барлық басқа салаларын тұрақты және экологиялық таза дамытуға, халықтың әл-ауқатын жақсартуға және еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шақырылған экономиканың басым секторлары болып табылатын электр энергетикасы, көмір өнеркәсібі, жаңартылатын энергия көздері және энергия үнемдеу салаларында бекітілген мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында жүргізілді», - делінген хабарламада.
Жаңа атауда электр энергетикасы, көмір өнеркәсібі, жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру салаларындағы Акционерлік қоғам қызметінің негізгі бағыттары белгіленген. Институт жоғарыда аталған салаларда тұрақты негізде жүйелі зерттеулерді жүзеге асыру, үздік халықаралық тәжірибеге және энергетикадағы озық әлемдік технологиялар трансферіне бейімдеуге көмектесу, сондай-ақ мемлекеттік органдарға, сондай-ақ заңды және жеке тұлғаларға ақпараттық-талдау және консультациялық қызметтерді көрсету үшін құрылды.
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетіне тиесілі «Қазақэнергиясараптама» АҚ мемлекеттік акциялар пакетін иелену және пайдалану құқығы заңмен белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне ауысады.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды