- Басты
- Жаңалықтар
- Рухани жаңғыру: Бағдарламаны жүзеге асырудың жаңа тәсілдері
Рухани жаңғыру: Бағдарламаны жүзеге асырудың жаңа тәсілдері
Вице-министрдің айтуынша, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмаларын орындау мақсатында бағдарламаның әрбір бағыты мен арнайы жобалары бойынша нақты мақсаттар мен міндеттер айқындалған, оларға қол жеткізу үшін ұзақмерзімді және тікелей нәтижелер индикаторлары әзірленді.

«Бағдарламаны іске асырудың осы кезеңінде барлық тараптардан белсенді қатысу, бастама, сондай-ақ кең медиа-тарату талап етіледі. Негізгі міндет халықтың барлық топтарын, азаматтық және үкіметтік емес секторды тарту болып табылады. Сонымен қатар, бағдарламаны одан әрі іске асыру мақсатында орталық мемлекеттік органдардың жекелеген іс-шаралар жоспарын қабылдау орынды деп санаймыз», - деді Ж.Омарбекова.
Сондай-ақ, вице-министр жаңа тұжырымдамалық тәсілдерді есепке ала отырып, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімімен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2019 жылға арналған іс-шаралар жоспары бекітілгенін хабарлады.
«Өңірлерде тарихи-мәдени парктер, «ашық аспан астында» музейлер ашылатын болады, Маңғыстау облысында бұрғылаушы геологтар музейін ашу, «Отырар», «Таңбалы», «Ұлытау» республикалық музей-қорықтарында 3 сапар-орталық салу жоспарлануда. Сонымен қатар, 20-дан аса сакралдық объектіде жөндеу-реставрациялау жұмыстары жүргізілетін болады. Зияткерлік спорт түрлерімен 5-нан аса оқушы қамтылатын болады, ЖОО, колледждер мен кітапханалар Бағдарлама шеңберінде аударылған қазақ тіліндегі жаңа оқулықтармен қамтамасыз етілетін болады» - деп вице-министр атап өтті.
Ауыл шаруашылығы министрлігі «Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасының негізгі бағыттарын таныстырды. Мәселен, жобаның мақсаты 2030 жылға қарай елді мекендерде ауыл халқының кемінде 80%-ын тұруын қамтамасыз ететін, ауылдық аумақтардың өмір сапасының заманауи стандарттарына жауап беретін әлеуметтік-экономикалық инфрақұрылымын жаңғырту болып табылады.
Бұдан басқа, жастардың ауылдық елді мекендерді дамытуға және ауылдағы әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға кеңінен қатысуы, дарынды жастарды аграрлық ғылымға тарту үшін жағдай жасау көзделген.
Қатысушылар тәжірибе және пікірлерімен бөлісті, сондай-ақ бірқатар ұсыныстар енгізді. Қатысушылардың барлық ұсыныстары одан әрі жұмыс істеу кезінде ескерілетін болады.
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Индустрияландыру картасы шеңберінде қандай жобалар жүзеге асып жатыр -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті