- Басты
- Қазақстан мен БАӘ: Ынтымақтастық қандай салаларды қамтиды
Қазақстан мен БАӘ: Ынтымақтастық қандай салаларды қамтиды

«Қазақстан мен БАӘ арасында өте тығыз қарым-қатынас орнатылған. Ең алдымен ол Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен БАӘ Президенті шейх Халифа бен Заид Әл Нахаян арасындағы достастық қарым-қатынастың нәтижесі. Біз қайырымдылық шараларын жиі ұйымдастырып тұрамыз. Шаралар әртүрлі жағдайларға қатысты болады, былтыр мысалы Заид жылы болды. Биыл толеранттық жылы деп жатырмыз. Осы кезеңдерге байланысты біз қайырымдылық іс-шараларды өткізіп отырамыз», - деді Қазақстан Республикасындағы Біріккен Араб Әмірліктерінің Төтенше және өкілетті елшісі Мұхаммед Ахмат Әл-Жабир.
Елші атап өткендей, қайырымдылық шаралары тек Астана қаласында ғана емес, елдің барлық өңірлерінде жүзеге асырылады.
«Былтыр БАӘ Қазақстанда қайырымдылық шараларын өткізуге 400 мың долларға жуық қаражат жұмсады. Қайырымдылық шараларды ұйымдастырудың басты қозғаушы күші Қазақстанның оны қажеттілік ететінінде емес, бұл ең алдымен қазақ еліне деген құрме пен достықтың белгісі», - деді елші.
Сондай-ақ, елші мырза Шымкент қаласында мектеп бар екенін атап өтіп, қазір балалар үйінің құрылысы жүріп жатқанын айтты.
Атап өтсек, Астанадағы №84 мектеп-лицейді де шейх Халиф ибн Заид Әл Нахайян өз тарапынан сыйлық ретінде салып берген болатын.
«Бұл мектеппен қарым-қатынасымыз әрі қарай дамып жатыр. Мысалы, 2018 жылдың аяғында мектеп ішінен орталық аштық. Оның ішін толықтай жабдықтап, қажетті құрал-жабдықпен қамтамасыз еткен болатынбыз», - деді Біріккен Араб Әмірліктерінің Төтенше және өкілетті елшісі.
Елші атап өткендей, БАӘ ғылым, білім, медицина саласын дамытуға ерекше көңіл бөледі.
«Болашақта 84-ші мектеп сынды білім ошақтарының салынуына үлес қосуға мүдделіміз. Сондай-ақ, БАӘ Қазақстанмен ынтымақтастықты жан-жақты дамытуға ниетті», - деді елші мырза.
Сонымен қатар, Біріккен Араб Әмірліктерінің Төтенше және өкілетті елшісі елшіліктің алдағы жоспарымен бөлісті.
«Осы күнге дейін БАӘ-нің Қазақстандағы елшілері тиімді жұмыс істеді. Мен елші болған екі жылдың ішінде Елшілік Қазақстанмен ынтымақтастықты дамыту саласында бірқатар жұмыстарды атқарды. Бірқатар келісімдерге де қол қойылды. Сот істері, инвестиция тарту, визасыз режим мәселесі сынды ауқымды, маңызды істер тындырылды. Бұл жұмыстар екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, қарым-қатынасты жаңа деңгейге шығарады деген үміттеміз. Біз екі ел арасындағы келісімдермен шектелмейміз. Одан да тыс жұмыс істейміз. Қауіпсіздік саласында да ынтымақтастықты дамыту жоспарда бар. Елшілік тарапынан биылғы жаңа ұсыныс БАӘ қызметкерлерін ҚР-ға алып келіп, ІІМ-мен байланыс негізінде тәжірибе алмасуды ойластырып отыр», - деді Біріккен Араб Әмірліктерінің Төтенше және өкілетті елшісі Мұхаммед Ахмат Әл-Жабир.
Сонымен қатар, елші мырза екі ел арасындағы туризм саласын дамыту да ең басты мақсаттардың бірі екенін атап өтті.
«БАӘ халқы Қазақстан жайында көп ақпараттанбаған еді. Қазір біз осы жұмыстарды қолға алып жатырмыз. Соңғы екі жылда Қазақстанның барлық туристік орындарын баяндайтын анықтама жасадық. Қазір БАӘ азаматтары Қазақстанды танып жатыр. Екі елдің салт-дәстүрі мен мінез-құлықтары ұқсас екенін де байқадық. Бұл жұмыс әрі қарай жалғасын табатын болады», - деді ол.
Сондай-ақ, елші болашақта мұнай-химия саласында да бірқатар жобалар іске асатынын баяндады.
«Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттікпен де қарым-қатынас орнаттық. Оларға БАӘ-дан мамандар келіп, тәжірибе алмасты. Болашақта біз ҚР делегациясын БАӘ-ға апарып, біздегі жемқорлыққа қарсы ұйымдардың жұмысымен таныстыруды көздеп отырмыз. БАӘ-да полиция қызметі өте дамыған, мүмкіндіктері мол. Бірақ, оларға тәжірибе жетіспейді. Ал біз ҚР полиция қызметкерлерінің жұмысын бақыладық, олардың тәжірибелері өте мол. Сондықтан да тәжірибе алмасу мақсатында осы тектес шараларды жүргізуді жөн көріп отырмыз. Медицина саласына қатысты да зерттеулер жасадық. Медбикелерді тәжірибе алмасуға, жұмысқа тарту бойынша ұсыныстар түсіп жатады. Алайда, медбикелердің тілді білмеуі проблема болып отыр. Сол себепті де барынша барлық салаларды қамтуға тырысып жатырмыз», - деді ол.
Айта кетейік, Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылғы 1 қазанда орнады. ҚР-ның БАӘ-дегі Елшілігі 2006 жылдың қыркүйек айында ашылды. Дубай қаласындағы ҚР Бас консулдығы 1997 жылдан бері жұмыс істейді.
Аягөз Құрмаш
Фото: Гүлжан Раманқұлова
-
Қазақстан БҰҰ Даму бағдарламасына сәйкес гендерлік даму деңгейі өте жоғары елдердің қатарында
Қазақстан БҰҰ Даму бағдарламасына сәйкес гендерлік даму деңгейі өте жоғары елдердің қатарына қсылды. Бұл туралы Президент жанындағы әйелдер ісі жөніндегі ұлттық комиссия төрайымының орынбасары Ләззат Сүлеймен ұлттық комиссия отырысында айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
06 Желтоқсан 2019, 18:18
-
Қ.Тоқаев Вольфганг Ишингермен кездесті
Мемлекет басшысы Қауіпсіздік жөніндегі Мюнхен конференциясының төрағасы Вольфганг Ишингермен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
06 Желтоқсан 2019, 16:27
-
«Бәйтерек» холдингі неміс әріптестерімен ынтымақтастықты жандандыруда
«Бәйтерек» холдингі Басқармасының төрағасы Айдар Әріпханов қазақстандық делегацияның құрамында 5-6 желтоқсанда болған ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Германияға ресми сапары аясында Берлинге барды.
06 Желтоқсан 2019, 15:23
-
Қазақстан Кореяға қандай тәжірибе бере алады
Қазақстан Солтүстік Кореяға ядролық қарусыздану бойынша үлгі бола алады. Бұл туралы «Корея түбегінің қосылуы және бейбітшілігі: Қазақстан тәжірибесі» атты семинар барысында Кореяның Қазақстандағы елшісі Ким Дэсик мәлімдеді, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
06 Желтоқсан 2019, 11:35
-
Инвесторлардың мәселелерін Бас прокуратура мен KAZAKH INVEST бірлесіп шешеді
Бас прокуратура мен «KAZAKHINVEST» ҰК» АҚ арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.
05 Желтоқсан 2019, 12:38
-
Вашингтонда Қазақстан мен АҚШ арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестік талқыланды
Қазақстандық делегацияның Вашингтонға сапары барысында Қазақстан мен АҚШ арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестік жөніндегі комиссияның саяси, экономикалық және гуманитарлық мәселелер жөніндегі комитеттерінің отырыстары өтті.
05 Желтоқсан 2019, 11:35
-
Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстандағы көші-қон процестері талқыланды
Елордамызда «Қазақстандағы көші-қон: проблемалар, тенденциялар, перспективалар» атты республикалық дөңгелек үстел өтті, оның барысында адам саудасының алдын алу және адам саудасының құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету, сонымен қатар ішкі, сыртқы, этникалық және заңсыз көші-қон мәселелері талқыланды.
05 Желтоқсан 2019, 10:42
-
Германия – Қазақстанның негізгі еуропалық серіктесі – Қ.Тоқаев
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Германияға жоспарлаған ресми сапарының қарсаңында «Немецкая волна» телерадиокомпаниясына сұхбат берді, деп хабарлады ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің facebook парақшасында.
04 Желтоқсан 2019, 16:08
-
Қазақстанның Елшісі ҚХР Төрағасына сенім грамоталарын тапсырды
Бейжіңде Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшісі Ғабит Қойшыбаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинге сенім грамоталарын тапсырды.
04 Желтоқсан 2019, 12:18
-
Қазақстан мен Польша арасында жаңа әуе рейстері ашылады
Қазақстандық делегация Польшаның авиациялық билігімен келіссөздер жүргізді.
04 Желтоқсан 2019, 10:30
-
Қазақстан әскерінде жаңа оқу жылы басталды
«Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдерінде жаңа оқу жылының басталуына орай жеке құрамның салтанатты сапқа тұруы өтті. Жаңа кезең «Қуатты армия - Ел тірегі!» ұранымен басталды.
04 Желтоқсан 2019, 09:13
-
Қазақстан Беларусь авиация биліктерімен келіссөздер жүргізді
Қазақстандық делегация Беларусь Республикасының авиация биліктерімен келіссөздер жүргізді.
03 Желтоқсан 2019, 16:14
-
Қазақстанда алғаш рет "Зерна" адамгершілік педагогикасының халықаралық фестивалі өтті
Алматы қаласында 5 алыс және жақын шетелдерден 1000-ға жуық қонақтарды біріктірген "Зёрна " адамгершілік педагогикасының Халықаралық фестивалі өтті.
03 Желтоқсан 2019, 10:57
-
Ә.Смайылов: Қытаймен кедендік статистикадағы сәйкессіздіктер қысқартылды
Қытаймен кедендік статистикадағы сәйкессіздіктер қысқартылды. Бұл туралы үкімет отырысында салықтық және кедендік әкімшілендіру мәселелері туралы баяндама жасаған ҚР премьер-министрдің бірінші орынбасары – Қаржы министрі Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
03 Желтоқсан 2019, 10:39
-
Өскемендіктер пәтерге ие болды
Өскеменде ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында кезекте тұрғандарға жаңа пәтерлердің кілттерін салтанатты тапсыру рәсімі өтті.
03 Желтоқсан 2019, 10:23
ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді
Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту
Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді
Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады
Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады
Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс
15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі
Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі
Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі
ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды