- Басты
- Жаңалықтар
- Көктем мерекесі: Жанға жылулық сыйлайтын көрме
Көктем мерекесі: Жанға жылулық сыйлайтын көрме
Көктем мерекесі – табиғаттың бусанған шағы, табиғаттың осы тамаша маусымының мерекесі, өмір мен үміт сәулесінің шұғыласын шашқан шағы. Мыңдаған жылдар бойы қытайлықтар әлмисақтан бермен қарай қауырт шаруадан қолы қалт еткен шағында, қыс пен көктемнің тоғысқан кезінде ескіні шығарып салып, жаңаны қарсы алатын болған, жыл бойы татқан несібесі үшін Жер-Анаға шексіз алғыс айтып, жасыл желек жамылған табиғаттан тағы да берекелі нәсіп тілейді.

«Бақандай бес жыл көлемінде, яғни Ұлттық музей өзі өмір табалдырығын аттағалы бері Қытай халық Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігімен еліміздің музей ісін дамыту саласы бойынша тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасап келеді. Міне, Жаңа, 2019 жылдың алғашқы апталарының бірінде тағы да жүздесіп тұрмыз. Бәріміздің басымызды қосуға себеп болған «Көктем мерекесі» фотокөрмесі табиғи үйлесімділік, адами жарасымдылық мерекесі, осы қасиеттер адамзаттың бақытты да бейбіт өмір сүруінің негізгі алғышарттарының бірі. Біз өзара ынтымақтастығымыз арқылы әлі де талай асуларды бағындыра аларымызға сенімдіміз. Бүгінгі мүмкіндікті пайдаланып, Елші мырза, мынау тамаша шара үшін шынайы ризашылығымды білдіргім келеді», -деді Қазақстан Республикасы ұлттық Музейі директорының орынбасары Абай Сатубалдин.

Көктем мерекесі қытай өркениеті мен табиғаттың арасындағы ажырамас нәзік байланыстарды ашып көрсетеді, сонымен бірге жылдың ең тамаша кезіне тап келетін жыл мезгілінің барлық ерекшеліктерін айшықтап көрсетеді.
«Қадірлі достар, Сіздер куә болып тұрған фотокөрме Қытай күнтізбесіне сәйкес келетін Жаңа жылға, яғни Чунь Цзе көктем мерекесіне арналған. Чунь Цзе шежіресі төрт мың жылға иек артады, бұл барша қытайлықтардың сүйіп қарсылайтын мейрамы. Көрмеге ұсынылған фотосуреттер Чунь Цзе көктем мерекесін әлемнің түкпір-түкпірінде қалай атап өтетінінен хабар береді», - деді Қытай Халық Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чжан Сяо.

Бұл көрмеден әлемнің бес құрлығын мекендейтін адамдардың Көктем мерекесін қарсы алу кезіндегі шаттықты сәтін бейнелейтін 120 туынды орын алған.

Табиғаттың бұла шағын тойлау мерекесі өзінің бойына жанұя мен жарасым, қуаныш, отбасы бірлігі мен ұрпақ салтанаты секілді идеяларды сіңіре алған, мұның бәрі қытай халқы үшін құндылық болып табылады.Көрме 2019 жылдың 15 ақпанына дейін жалғасады.

-
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
АШМ: Егін егу науқаны мен көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыру -
Елордада жас суретші Анар Әбжанованың жеке көрмесі ашылды -
Көктемгі су тасқыны: алдын алу шаралары, су басқан аймақтарға көмек -
Көктемгі егіс: 11,8 млрд теңге тұқым себуге, 24 млрд теңге техникаға бөлінді -
Елордада белгілі кескіндемеші Кәміл Моллашевтің жеке көрмесі ашылды -
Көктемгі су тасқыны: қауіпті аймақтар, қауіпсіздік шаралары, құтқару тобы мен техникалар -
М.Жанғазивеа: Қазақстан мен Түркия арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға үлес қосқым келеді -
Елордада «Туған өлкем» көрмесi ашылды -
Елордада белгілі суретші Қазақбай Әжібекұлының жеке көрмесі ашылды -
ИНФОГРАФИКА: Көктемгі-егіс жұмыстары -
Ө.Шөкеев: Көктемгі егіс жұмыстары толығымен аяқталды -
«Президенттік» 100 млрд теңгемен көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыру жүріп жатыр -
Ордабасы ауданында көктемгі дала жұмыстары қыза түсті -
А.Сапаров: Көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыруға қосымша 100 млрд теңге бөлінді