• Басты
  • Техникалық реттеу қалай жүзеге асырылады
15 Қаңтар, 2019 15:03

Техникалық реттеу қалай жүзеге асырылады

Ішкі нарықта өнімдердің қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету және экспортқа жағдай жасау мақсатында 2018 жылғы 5 қазанда «Стандарттау туралы» және оған қоса берілген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өлшем бірлігін қамтамасыз ету және стандарттау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары қабылданған болатын. Бизнесті жаңа талаптарға қайта бағдарлау үшін Заңның күшіне ену мерзімі 2019 жылдың 11 сәуіріне белгіленді.

Техникалық реттеу қалай жүзеге асырылады | Strategy2050.kz

Осы заңдарды іске асыруда барлық қажетті нормативтік-құқықтық актілер бекітілді және Әділет министрлігіне тіркелді. Стандарттау заң жобасының реттеу аспектілері туралы келесі материалдан оқи аласыздар.

Инвестициялар және инфрақұрылымдық  даму министрі Жеңіс Қасымбектің айтуынша,  Стандарттау туралы қабылданған заң Еуропа елдерінің тәжірибесіне негізделген.

 Ол стандарттаудың халықаралық үлгісіне (Германия, Ұлыбритания, Австрия және Норвегия тәжірибесі) өтуге жағдай жасайды.

« Индустриялды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының үшінші бесжылдығының міндетін іске асыру аясында стандарттарды әрбір тауарлық топ бойынша анықтау болжануда. Бұл өндірушілерді жоғары сапаға бағдарлауға мүмкіндік береді.Қазақстан Республикасының «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» салалық Заңның түзетулері өлшем құралдарын калибрлеуді дамытудың халықаралық үлгісін енгізуге бағытталған», - деді Ж.Қасымбек.

Министр атап өткендей,  бұл салада мемлекет басымдыққа ие болды және приборларды салыстырып тексеру мерзімін белгіледі.

«Жаңа үлгі бизнестің қатысуымен салалық мемлекеттік органдардың Өлшем тізбесін тек мемлекеттік реттеу қажет салаларда ғана құру мен бекітуді көздейді. Бұл ішкі технологиялық процестерді (мәселен, өнімдер өндірісінде бөлшектердің өлшемін сызғышпен, штангенциркульдермен және тағы сол сияқты құралдармен өлшеуді) мемлекеттік бақылаудан шығаруға мүмкіндік береді», - деді ол.

Сондай-ақ, мемлекеттік бақылауды іске асыру кезінде ведомствоаралық өзара іс-қимыл тиімділігін арттыру үшін «жедел түрде» Қазақстанда және Еуразиялық экономикалық комиссияға мүше елдермен шекаралар периметрі бойынша ақпарат алмасу және жұмыс алгоритмін қарастыратын мемлекеттік бақылау органдарының мониторингтеу тобы құрылды және өзара іс-қимыл тәртібі қабылданды.

Ж. Қасымбек  айтып өткендей,  осы жұмыс нәтижелері бойынша уақытша сақтау қоймаларында сертификатталған өнімнің үлесін арттыруда оң динамика байқалады.

«Ішкі нарықты қорғау жөніндегі жүйелік шараларды қабылдау үшін біздің бастамамызбен «Техникалық реттеу мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға Тұжырымдама жобасы дайындалды.Аккредиттеуді жүргізу процесін толықтай автоматтандыруға көшу жоспарланып отыр. Бұл көрсетілетін қызметтердің ашықтығын, жылдамдығын және сертификаттау процестерінің барлық кезеңдерін қадағалауды қамтамасыз етеді», - деді Ж. Қасымбек.

Министр айтып өткендей,  Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерде осындай тәжірибе бар.

«Ресей және Беларусь электронды оқшау ортаны енгізді және өз өндірушілерін «жасыл дәліз» бойынша кіргізеді, ал үшінші елдерді, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың сынақ хаттамаларын қоса алғанда, дәлел қорының толық пакетін сұрата отырып, «қызыл дәліз» бойынша кіргізеді», - деді ол.

Ведомство  басшысы айтып өткендей,  күшіне енген 41 техникалық регламентті зертханалық жабдықтауға қатысты іс жүзінде барлық бағыт бойынша база бар.

«Жаңа бағыттар бойынша Индустриялды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының үшінші бесжылдығы аясында сынақ базасын кеңейту жоспарланып отыр.Ұсынылатын шаралар Біріккен Ұлттар ұйымының Тұрақты дамыту мақсаттарымен (сапалы білім, таза су және санитария, лайықты жұмыс және экономикалық өсім, орнықты қалалар және елді мекендер және тағы басқалар) үйлестіріліп, қазақстандық өнімдер мен қызметтердің сапасын арттыру жөніндегі кешенді жоспардың әзірленіп жатқан жобасында қамтылады», - деді Ж. Қасымбек.

Сондай-ақ, министр  ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың   2018 жылғы 29 желтоқсандағы экспортты ілгерілету мәселесіне арналған кеңесте берген тапсырмасына  сәйкес, басым елдермен жүйелік өзара іс-қимыл жасау үшін өнімді ілгерілету кезінде техникалық кедергілерді жою туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, Ауыл шаруашылығы министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі бірлескен іс-қимыл жоспары дайындалғанын айтты.

Жоспардың негізгі іс-шаралары мыналар:

-басым елдердің нарығына шығу үшін өңделген өнім туралы олардың заңнамасында белгіленген талаптарды зерделеу және келісу;

-стандарттарды бейімдеу (басым экспорттаушы елдердің стандарттары мен техникалық құжаттары негізінде ұлттық стандарттарды әзірлеу жолымен);

-қазақстандық аккредиттеу жүйесіне аккредиттеуден өтуге үміткер шетелдік сертификаттау органдарын тартуда аккредиттелген және сынақ орталықтары базасын дайындау.

«Қазіргі уақытта осы жоспарды іске асыруға кірісіп кеттік. Министрлікте ішкі нарықты қорғауға бағытталған шаралар кешенін қабылдау, отандық өндірушілерді ынталандыруға және экспортты ілгерілетуге көмектесу бойынша мемлекеттік органдар мен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы тарапынан қолдау бар», - деді Ж. Қасымбек.

Аягөз Құрмаш 

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды