• Басты
  • ТҰҚЖБ Қызылорда облысында әлеуметтік жобаны іске қосты
15 Қаңтар, 2019 09:09

ТҰҚЖБ Қызылорда облысында әлеуметтік жобаны іске қосты

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі Қызылорда облысында «Орда» аймақтық тұрғын үй бағдарламасын іске қосты .Бұл – Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің облыс әкімдігімен бірлесіп әзірлеген әлеуметтік жобасы. Бағдарлама аймақ тұрғындарына үйді жалға алып, оны болашақта сатып алуға мүмкіндік береді.

ТҰҚЖБ  Қызылорда облысында  әлеуметтік жобаны іске қосты | Strategy2050.kz

«Орда» тұрғын үй бағдарламасы үш жыл жүреді. Жоба аясында жыл сайын облыстық бюджеттен қайтарылады деген мақсатта 2 млрд теңгеден бөлініп отырады. Бұл қаражатқа жергілікті билік бағдарлама қатысушыларына деп жаңа тұрғын үй салуды немесе салынған пәтерлерді сатып алуды жоспарланып отыр. Бірінші кезеңде Қызылорда облысында 250 пәтер бөлістіріледі. «Орда» бағдарламасына қатысушылар үшін 1 шаршы метрдің бағасы 120 000 теңгені құрайды.

Сатып алу мүмкіндігі қарастырылған жалға берілетін пәтерлерден жергілікті әкімдікте тұрғын үй кезегінде тұрған Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшылары үміткер бола алады. Бұл – көпбалалы және толық емес отбасылар, мүгедек бала тәрбиелеуші отбасылар, балалар үйінің тәрбиеленушілері, 1 және 2-топтағы мүгедектер, мемлекеттік қызметкерлер, бюджет мекемелерінің қызметкерлері. Сондай-ақ жасы 35-ке толмаған ерлі-зайыптылар да жас отбасы ретінде «Орда» бағдарламасына қатыса алады. Бұл жағдайда үміткерлердің некеде тұрғанына кем дегенде 2 жыл болуы керек және балалары болғаны талап етіледі.

«Бізге жас қазақстандықтарға, баспанасы жоқ, жанұя мүшелері көп үлкен отбасыларға қолдау білдіру зор маңызға ие. Олардың бәрі бірдей бастапқы жарна жинай алған жоқ, алайда ай сайын белгілі бір сома аударып отыруға дайын. Сондықтан біз Қызылорда әкімдігімен бірге «Орда» аймақтық бағдарламасын әзірлеп, іске қосып отырмыз. Оған қатысушылар 8 жыл бойы жалға берілетін пәтерлерде тегін тұрады. Алайда осы уақыт ішінде Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі шотқа үй бағасының 50%-ын жинап үлгеру керек, осыдан кейін пәтерді жеңілдетілген мөлшерлемемен сатып алады»,  - деп түсіндіріп өтті Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің Қызылорда облыстық филиалы директоры Әділжан Саудабаев.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі шотқа үй бағасының жартысын жинаған «Орда» бағдарламасына қатысушылар жетпейтін соманы жылдық мөлшерлемесі 3,8% болатын несие түрінде ала алады. Ең ұзақ заем мерзімі – 11 жыл.

Сатып алу мүмкіндігі қарастырылған пәтер жалдаушылар пулын Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі әзірлейді. Өтінішті 2019 жылдың 11 қаңтары мен 21 қаңтары аралығында «ЖССБ 24» интернет-банкингінде «Жеке кабинет» арқылы беруге болады. Пулға шотында кем дегенде 500 000 теңге жинағы бар және ең көп ұпай жинаған азаматтар өтеді. Ұпай саны депозит мерзімі мен оның қаншалықты жиі толықтырылғанына байланысты анықталады.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі есебі:  Мысалы, ауданы 58 ш.м болатын 2 бөлмелі пәтер 6 960 000 теңге тұрады.

Аталған пәтерде 8 жыл бойы тұрып келген банк салымшысы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі шотына ай сайын 36 888 теңгеден аударып отыру керек.

Жинақ жыл сайынғы мемлекеттік сыйлықақы мен банк сыйақысы қосылып, үй бағасының 50%-на жеткен кезде, қалған 3 480 000 теңге несие түрінде ресімделеді.

Несие бойынша ай сайынғы төлем сомасы 32 200 теңгені құрайды.

«Орда» тұрғын үй бағдарламасы аясында жалға берілетін үй алудан үміткерлерге қойылатын талаптар:

-Жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй кезегінде тұрған көпбабалы отбасылар, толық емес отбасылар, мүгедек бала асырап отырған отбасылар, жетім балалар және асыраушысынан айырылған балалар, 1 және 2-топтағы мүгедектер, оралмандар, мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік мекеме қызметкерлері);

-Ерлі-зайыптылардың екеуінің де жасы 35-ке толмаған, 2 жылдан кем емес некеде тұрған, баласы (балалары) бар отбасылар, сондай-ақ балалардың (баланың) жасы 35-ке толмаған, оның ішінде ажырасқан, жесір/тұл қалған ата-ананың біреуі ғана тәрбиелеп отырған толық емес отбасылар.

-Қазақстан Республикасының азаматтығы немесе оралман мәртебесі талап етіледі;

-Тұру мерзіміне қарамастан, қатысушы тұрғын үй алуға үміттенген елдімекенде тұрақты тіркеуде болуы қажет;

-Өтініш берушінің және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің (жүбайының, кәмелеттік жасқа толмаған балаларының) Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында жекеменшік үйінің немесе сатып алу мүмкіндігі бар жалға алынған тұрғын үйінің болмауы, келесі жағдайларды қоспағанда:

- әрбір отбасы мүшесіне пайдалы алаңы 15 (он бес) шаршы метрден кем болатын жатақханадағы бөлменің болуы;

- осы тұрғын үйдің орналасқан жері бойынша ЖАО-ның тиісті анықтамасымен расталатын құлау (қирау) қаупі бар авариялық жағдайдағы балшықтан құйылған және қаңқалы-қамысты тұрғын үйдің болуы.

 Өтініш берушінің және онымен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінің (жұбайының, кәмелетке толмаған балаларының) Қазақстан Республикасының аумағында соңғы 5 жыл ішінде тұрғын үйді ауыстыру немесе өзіне меншік құқығында тиесілі тұрғын үйді иеліктен шығару арқылы тұрғын үй жағдайларын әдейі нашарлатуы фактілерінің болмауы.

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды