• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР Үкіметі Президенттің Жолдауын жүзеге асыру бойынша Жалпыұлттық жоспар құрастырды

ҚР Үкіметі Президенттің Жолдауын жүзеге асыру бойынша Жалпыұлттық жоспар құрастырды

21 Қаңтар, 2014 11:15
Елбасның «Қазақстан жолы: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауын жүзеге асырудың Жалпыұлтттық жоспардың жобасын бүгін Үкімет отырысында Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев таныстырды.

« Жалпыұлттық жоспар жобасы 40 бөлімнен тұрады. Ол Жолдауда айтылған 7 басты бағыт бойынша жүзеге асырылмақ», - деді Е. Досаев.

Жоспар бойынша индустриялық-инновациялық даму, ауыл шаруашылығын дамыту, ғылымды қажет ететін экономика құру, инфрақұрылымдық триаданы жасау, ШОБ қолдау көрсету, адамзаттық капиталды дамыту мен мемлекеттік басқаруды жетілдіру бағыттары басымдылықта тұр.

«Жалпыұлттық жоспардың жүзеге асуын қаржыландыру арнайы жылдар бойынша мемлекеттік бюджетпен қарастырылған», - деді министр. 

Барлық жаңалықтар