- Басты
- Сирия мәселесі: Қазақстан өз азаматтарын елге қайтару бойынша жұмыстарды жалғасытарды
Сирия мәселесі: Қазақстан өз азаматтарын елге қайтару бойынша жұмыстарды жалғасытарды

ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ерлан Ашықбаев Елбасы айтқандай, Қазақстан өз азаматтарына әрдайым қолдау көрсетіп келе жатқанын атады.
«Бұл гуманитарлық операция ең алдымен ҚР Президентінің халықаралық аренада жоғары беделінің және еліміздің бейбітшілік бастамаларын кеңінен дамыту, осы саладағы жұмыстардың негізінде жасалған болатын», - деді Е.Ашықбаев.
Вице-министр атағандай, Қазақстанның Сириядағы жанжалды тоқтату, ол елде бейбітшілікті орнату процесіне атсалысып келе жатқанын, оған дәлел ретінде Астана қаласында Сирия мәселесі бойынша екі жыл ішінде келіссөздер өткізілген болатын.
«Аталған келіссөздердің нәтижесінде Сирияның көптеген аймағында бейбітшілік орнады. Халықаралық терроризммен күресу біздің БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі шеңберінде абыроймен аяқталды. Бұл шаралар ҚР БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 2017 жылы 21 желтоқсанында қабылданған 2396 қарары аясында атқарылып келеді», - деді Е. Ашықбаев.
Вице-министр гуманитарлық мақсатта өткізілген операцияны ұйымдастыруға және сәтті өткізілуіне Қазақстанның мемлекеттік органдарының өкілдері белсенді атсалысқанын айтты.
«СІМ тарапынан әріптестерімізге ризашылығымыз үлкен. Сонымен қатар шет мемлекеттерге, халықаралық ұйымдарға алғысымызды білдіреміз. Олармен дипломатиялық деңгейде бірлескен көптеген шаруа атқарылып келеді. Қазақстандықтарды, әсіресе кеше Елбасымыз айтып өткендей жас балаларды елге қайтару жұмыстары жалғасатын болады. Біз халықаралық ұйымдардың, азаматтық қоғам өкілдерімен тығыз байланыста жұмыс істейтін боламыз», - деді ол.
Өз кезегінде Ұлттық Қауіпсіздік комитеті департаментінің басшысы Бақытбек Рақымбердиев Қазақстан азаматтарын Сириядан эвакуациялау жөніндегі гуманитарлық шараның қалай жүргізілгенін баяндады.
«Әрине, осы операция бірнеше ай бойы жүргізілді. Өте көп қиыншылық болды. Жан-жақты мәселелер толыққанды тексерілді, талқыланды. Көп адамдар лаңкестік тұрғысынан «қайтарылған азаматтар жағынан қандай да бір қауіп бар ма?» деп сұрақ қояды. Тағы да айтайын: ол жағынан бәрі де тексерілді. Қазіргі таңда қайтарылған азаматтардың ішіндегі 6 ер кісі және 1 әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Осылар жайында және басқа қайтқан азаматтар турасында террористік әрекеттерге қарсы толығымен тексеріледі. Егер ондай жағдай дәлелденсе, әрине, қылмыстық жауапкершіліке тартылады», - деді Бақытбек Рахымбердиев.
Ол бірнеше жыл бойы қақтығыстар болып жатқан Сирия, Ирак, Ауғанстан аймақтарынан бірнеше Қазақстан азаматы қайтарылғанын атап өтті.
«Олардың ішінде тек 40 пайызы ғана қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Қалғандарына алдын алу, оңалту шаралары жүргізілген. Сол үшін көпшілік ол турасында көп біле бермеуі мүмкін. Бірақ, біздің ойымызша, қайтарылған азаматтардан әзірше ешқандай лаңкестік қауіп жоқ. Бұл ретте ең басты мәселе – кішкентай балаларды қайтару болды. Өйткені, қайтарылғандардың басым көпшілігі – 1-5 жас аралығындағы балалар», - деді Б. Рақымбердиев.
ҰКҚ департамент басшысының айтуынша, Сирияда әлі де болсын 370-380-ге тарта Қазақстан азаматы бар.
«Олардың басым көпшілігі әйелдер. Олармен бірге 400-500 кішкентай бала бар», - деді ол.
Оның айтуынша, гуманитарлық операция бойынша Қазақстанға 6 ер адам, 11 әйел, 30 бала қайтарылды. Олардың кейбірін азаматтығынын айыру мәселесі барын атап өтті.
«Иә, Президенттің бастамасымен бұл норма заңнамалық тұрғыда бекітілген болатын. Қазіргі таңда қақтығыс аймақтарынан келген азаматтарға қатысты бұл шара қарастырылып жатыр. Бәлкім, кейін сот шешімі бойынша жүзеге асуы да мүмкін. Бірақ, бұл ретте жағдайдың мүлде бөлек екенін айта кету керек. Бұл адамдар өздігімен елге оралуға ниет білдірген. Кінәлі деп танылғандар Қазақстанда жазаға тартылады. Кінәсіздер туралы әлбетте, шара қолдану қарастырылмайды», - деді Б. Рахымбердиев.
Еске салсақ, 9 қаңтарда Ақорданың ресми сайтында Мемлекет басшысының Қазақстан азаматтарын Сириядан эвакуациялау жөніндегі гуманитарлық шараның аяқталуына байланысты мәлімдемесі жарияланған болатын.
«Биылғы 6 қаңтарда менің тапсырмам бойынша құқық қорғау органдары мен Сыртқы істер министрлігі жүргізген гуманитарлық шара нәтижесінде Сириядан 47 азаматымыз, соның ішінде 30 бала елімізге қайтарылды. Олар дағдарыс жайлаған елге алданып барып, террористердің тұтқынында болды. Қазақстанға келген соң әйелдер мен балаларға мемлекет тарапынан барлық көмек көрсетілді. Осындай ауыр жағдайға ұшыраған бұл кінәсіз жандардың қуанышында шек жоқ. Олар бір ай бойы бейімдеу орталығында болып, қажетті медициналық көмек алады. Атқарылған жұмыс мұндай келеңсіз жағдайлардың алдын алуға септігін тигізеді», - деп мәлімдеген еді Елбасы.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қазақстан өз азаматтарына қай жерде жүргеніне қарамастан әрдайым қолдау көрсететінін жеткізді.
«Біздің негізгі міндетіміз – еліміздің қауіпсіздігін, халқымыздың береке-бірлігі мен тұтастығын қамтамасыз ету. Қақтығыс аймағында еріксіз жүрген балаларды қайтару жөніндегі жұмыстарды жалғастыра беретін боламыз», - деді Елбасы.
Аягөз Құрмаш
-
Тәуелсіздік жылдары Қазақстан әлемді таң қалдыратын жетістіктерге жетті – елші
ҚР Тәуелсіздігі күніне орай ҚХР-дың Қазақстандағы елшісі Чжан Сяо айтулы мерекемен құттықтады.
13 Желтоқсан 2019, 17:16
-
Қазақстанның үздік кәсіпорындары мен кәсіпкерлері марапатталды
Индустрияландыру күніне орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Премьер-Министр Асқар Маминнің, Үкімет мүшелері мен «Атамекен» ҰКП басшылығының қатысуымен конгресс орталығында Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының лауреаттарын, «Қазақстанның үздік тауары», «Парыз», «Altyn Oimaq», «Бизнес Кемелділік», «Іскер», «Ұлы Дала Елі» байқауларының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті.
13 Желтоқсан 2019, 16:47
-
Қазақстан экономикасының өсімі 11 айда 4,4% құрады
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2019 жылдың қаңтар-қараша айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму және республикалық бюджеттің атқарылу қорытындысы қаралды.
13 Желтоқсан 2019, 09:10
-
Р.Рымбаева: Әрбір сыйлы азамат өзін-өзі дамыту үшін жұмыс істеуі керек
Әрбір сыйлы азамат өзін-өзі дамыту үшін жұмыс істеуі керек,деді әнші Роза Рымбаева Президент Қ.Тоқаевтан "Қазақстанның Еңбек ері" орденін алған соң.
12 Желтоқсан 2019, 16:18
-
Мәжіліс бірінші оқылымда көші-қон процестерін реттеу бойынша Заң жобасын мақұлдады
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары пленарлық отырыста «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көші-қон процестерін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын қарап, оны бірінші оқылымда мақұлдады.
11 Желтоқсан 2019, 14:49
-
Қазақстанда жеңіл өнеркәсіпті дамыту қандай деңгейде
Елордада ҚР Отандық жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының бірінші съезі өтті. Шаранаң тақырыбы Қазақстанның жеңіл өнеркәсібі:мемлекеттің,бизнестің және үкіметтік емес ұйымдар серіктестігі арқылы ғана өндіріс әлеуетін іске асыруға болатынына арналып отыр,деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
11 Желтоқсан 2019, 11:22
-
Биыл Қазақстан мен Қытай бірлескен 16 жобаны жүзеге асырды
Биыл Қазақстан мен Қытай бірлескен 16 жобаны жүзеге асырды,деді ҚХР-дың Қазақстандағы елшісі Чжан Сяо БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында,деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
11 Желтоқсан 2019, 10:16
-
Қазақстанда адам құқықтарын қорғау қалай жүзеге асырылады
Елордада Құқық қорғаушылардың жаңа буын Коалициясының қызметі таныстырылды. Адам құқықтары күніне орай ұйымдастырылып отырған шарада әйелдерге қатысты тұрмыстық,физикалық зорлық мәселелері де талқыланды,деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
10 Желтоқсан 2019, 12:05
-
Жастар жылы: "Жас кәсіпкер" жобасы өмірімді түбегейлі өзгертті
Ел астанасында мемлекет басшысының қатысуымен Жастар жылының жабылу және Волонтер жылының ашылу салтанаты өтіп жатыр. Аталған іс-шараға Қазақстанның барлық аймақтарынан 500-ге тарта жас қатысуда. Шара барысында Жастар жылы аясында жетістікке жеткен, өз кәсібін ашқан, өз еркімен ауылға жұмыс істеуге аттанған жастармен сұхбаттасқан едік.
10 Желтоқсан 2019, 10:59
-
Қазақстан БҰҰ Даму бағдарламасына сәйкес гендерлік даму деңгейі өте жоғары елдердің қатарында
Қазақстан БҰҰ Даму бағдарламасына сәйкес гендерлік даму деңгейі өте жоғары елдердің қатарына қсылды. Бұл туралы Президент жанындағы әйелдер ісі жөніндегі ұлттық комиссия төрайымының орынбасары Ләззат Сүлеймен ұлттық комиссия отырысында айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
06 Желтоқсан 2019, 18:18
-
Қ.Тоқаев неміс компанияларының алдында сөз сөйледі
Қазақстан Президенті неміс компаниялары басшыларының алдында сөз сөйледі, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
06 Желтоқсан 2019, 12:02
-
Қазақстан Кореяға қандай тәжірибе бере алады
Қазақстан Солтүстік Кореяға ядролық қарусыздану бойынша үлгі бола алады. Бұл туралы «Корея түбегінің қосылуы және бейбітшілігі: Қазақстан тәжірибесі» атты семинар барысында Кореяның Қазақстандағы елшісі Ким Дэсик мәлімдеді, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
06 Желтоқсан 2019, 11:35
-
Вашингтонда Қазақстан мен АҚШ арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестік талқыланды
Қазақстандық делегацияның Вашингтонға сапары барысында Қазақстан мен АҚШ арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестік жөніндегі комиссияның саяси, экономикалық және гуманитарлық мәселелер жөніндегі комитеттерінің отырыстары өтті.
05 Желтоқсан 2019, 11:35
-
Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстандағы көші-қон процестері талқыланды
Елордамызда «Қазақстандағы көші-қон: проблемалар, тенденциялар, перспективалар» атты республикалық дөңгелек үстел өтті, оның барысында адам саудасының алдын алу және адам саудасының құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету, сонымен қатар ішкі, сыртқы, этникалық және заңсыз көші-қон мәселелері талқыланды.
05 Желтоқсан 2019, 10:42
-
Германия – Қазақстанның негізгі еуропалық серіктесі – Қ.Тоқаев
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Германияға жоспарлаған ресми сапарының қарсаңында «Немецкая волна» телерадиокомпаниясына сұхбат берді, деп хабарлады ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің facebook парақшасында.
04 Желтоқсан 2019, 16:08
ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді
Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту
Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді
Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады
Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады
Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс
15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі
Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі
Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі
ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды