• Басты
  • Бірыңғай жиынтық төлемді кімдер төлейді?
9 Қаңтар, 2019 12:54

Бірыңғай жиынтық төлемді кімдер төлейді?

2019 жылдың 1-қаңтарынан бастап өзін- өзі жұмыспен қамтығандар мемлекетке бірыңғай жиынтық төлем төлеу туралы айтылған болатын. Осыған байланысты Strategy2050.kz сараптамалық сайтына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Кәрібай Мұсырман сұхбат берген болатын.

Бірыңғай жиынтық төлемді кімдер төлейді? | Strategy2050.kz

- Бірыңғай жиынтық төлемді кімдер, қайда және қандай мөлшерде төлейді?

- Бірыңғай жиынтық төлем енгізу көзделген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға Мемлекет басшысы өткен жылғы 28 желтоқсанда қол қойды. Ол күнтізбелік он күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

  Кəсіпкерлік қызметті дара кəсіпкер ретінде тіркемей жүзеге асыратын,  бірыңғай жиынтық төлемді төлеген, жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланбайтын және қызметтерді салық агенттері болып табылмайтын жеке тұлғаларға ғана көрсететін  жеке тұлғалар, яғни өзін өзі жұмыспен қамтығандар бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып танылады.

 Бірыңғай жиынтық төлем екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы (мәселен, екінші деңгейдегі банктердің филиалдары жоқ ауылдық жерлерде «Қазпошта» акционерлік қоғамының бөлімшелері арқылы) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының банктік шотына аудару жолымен төленеді.

 Бірыңғай жиынтық төлемді төлеу, бөлу және аудару, сондай-ақ қайтару Үкімет айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады. Заңда бірыңғай жиынтық төлемнің мөлшері республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда, астанада – 1 айлық есептік көрсеткіш (биылғы жылы ол 2525 теңгені құрайды), ал басқа елді мекендерде 0,5 айлық есептік көрсеткіш деп белгіленген.

- Бірыңғай жиынтық төлем өзін- өзі жұмыспен қамтығандарға да, жұмыссыздарға да міндетті ме?

- Заңда өзін өзі жұмыспен қамтыған азаматтар үшін бірыңғай жиынтық төлемді төлеу міндетті деп деп көрсетілмеген, яғни ерікті сипаты бар. Соған орай бірыңғай жиынтық төлемді төлемеген өзін -өзі жұмыспен қамтыған адамдарды ешқандай жазаға тарту да қарастырылмаған. Ал жұмыссыздар үшін бірыңғай жиынтық төлемді төлеу міндетті емес.

-Бірыңғай жиынтық төлемді енгізудегі мақсат не? Бұл салықтың тағы бір түрі емес пе?

- Бірыңғай жиынтық төлемді енгізу қазір өзін-өзі жұмыспен қамтыған 588 мыңдай адамның зейнетақымен қамтамасыз етілуін жақсартуға, олардың әлеуметтік сақтандыру және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйелері бойынша көрсетілетін қызметтерді толығымен пайдалануларына мүмкіндік береді.

Атап айтқанда, Бірыңғай жиынтық  төлемді төлеушілер медициналық мекемелерді таңдау құқығына және сомасы мен түрлері шектелмеген медициналық қызметтерге, жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне қарай базалық зейнетақыға,еңбек ету қабілетінен, асыраушысынан айырылған жағдайда, жүктілігіне және босануына, бала асырап алуына, 1 жасқа дейінгі баланың күтіміне байланысты әлеуметтік төлемдерге қол жеткізе алады.

Жоғарыда аталған Заң әртүрлі себеппен, соның ішінде жосықсыз кәсіпкерлердің кінәсінен еңбек шартынсыз жұмыс істеуге мәжбүр болып жүрген 800 мыңға жуық жалдамалы жұмыскердің де   бірыңғай жиынтық төлем төлеу арқылы өздерін зейнетақымен және медициналық қызметпен толық көлемде қамтамасыз етулеріне мүмкіндік береді. 

-Бұдан бөлек, негізгі жұмысы бар, бірақ, қосымша келісім-шартпен жұмыс істейтіндерге /фрилансер/ де өз қаражатынан зейнетақы төлеу міндеттелген еді. Енді 2019 жылдың 1-қаңтарынан бастап, фрилансерлер үшін бұл норма алынып тасталды ма, әлде күшінде қалды ма?

 - Негізгі жұмыстары бар азаматтар қолдары бос кезде азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша салық агенттері болып табылмайтын жеке тұлғаларға қызмет көрсетсе (немесе жұмыс істесе), онда алған қосымша табыстарынан зейнетақы жарнасын төлеуден босатылады. Ал егер салық агенттері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша қызмет көрсетсе, онда алған қосымша табыстарынан зейнетақы жарнасын төлеуден босатылмайды.

Оқи аласыздар: 

Үкімет пен Ұлттық банк арасындағы тұңғыш келісім

 Біз жастарға жаңа мүмкіндіктер беруіміз керек - Қ.Тоқаев

Назарбаевтың өз еркімен кетуі таңқалдырды - жапон сарапшылары

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды