• Басты
  • Сыбайлас жемқорлықпен күрес: «Адал ұрпақ» қалай тәрбиеленеді
9 Қаңтар, 2019 11:15

Сыбайлас жемқорлықпен күрес: «Адал ұрпақ» қалай тәрбиеленеді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне Strategy2050.kz сараптамалық сайты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылдың 5 қазанында жарияланған Жолдауында жүктегентапсырмаларға қатысты ресми сауал жолдаған болатын. Мемлекеттік қызметшілердің жалақысының артуы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қалай жүзеге асырылып жатқанын келесі материалдан оқи аласыздар.
Сыбайлас жемқорлықпен күрес: «Адал ұрпақ» қалай тәрбиеленеді

- Елбасы Жолдауындағы  «мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін түбегейлі арттыру»  тапсырмасын орындау бойынша қандай іс-шаралар жүзеге асырылады? Жаңа формацияның мемлекеттік қызметшілері  мемлекет пен қоғам арасындағы алшақтықты жақындатудың формалар, тәсілдеріне қатысты қандай іс-қимыл жоспары бар?

- Қазіргі уақытта Бірегей құзірет шеңбері дайындалған, бұл шеңберге «қызмет алушыларға бағыттылық» және «мемлекеттік қызметті тұтынушыларды хабардар ету» секілді құзіреттер кіреді.

Мемлекеттік қызметкерлердің тиесілі құзіреттіліктері кешенді аттестациялау кезінде бағаланып келешекте мемлекеттік қызметке қабылдау кезінде ескерілетін болады.

Осы принциптерді жүзеге асыру мемлекеттік қызметкерлердің тиімділігін бағалау арқылы тексеріледі. Осылайша, ағымдағы жылдың басынан бастап мемлекеттік органның стратегиялық мақсатымен байланысты қызметкерлердің нақты нәтижесіне бағытталған бағалаудың жаңа жүйесі енгізілген болатын. Өз кезегінде мемлекеттік органның мақсаттары мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінен тұрады.

2010 жылдың 19 наурызындағы Президенттің № 954 Қаулысымен бекітілген мемлекеттік органның қызмет тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесіне байланысты ақпараттың көзі ретінде қоғамадық кеңестің ұсынымына және халықтың мемлекеттік қызметпен қанағаттануы бойынша әлеуметтік жауап алуына негізделген мемлекеттік емес ұйымдардың бағалау нәтижесі жатады.

Осылайша, мемлекеттік қызметкердің қызметі Қазақстан азаматтарының әл-ауқаты көрсеткіштерімен тікелей байланысты.

Қосымша, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңына сәйкес мемлекеттік қызмет патриотизм, халық мүдделерінің мемлекеттік мүдделерінен жоғары тұруы және қоғамның пікірін есепке алу принциптеріне негізделеді.

Аталған талаптарды бұзу заңнамамен көзделген мемлекеттік қызметкерлердің тиесілі жауапкершілігіне алып келеді.

Қазіргі таңда аталған бағыты бойынша сараптама жүргізіліп, тиімді іс-шаралар әзірленуде.

-  Соңғы  3 жыл ішінде мемлекеттік қызметкерлердің мәртебесін көтеру және олардың материалдық жағдайларын жақсарту бағытында қандай шаруалар атқарылды? Мемлекеттік қызметкердің жұмысының тиімділігі артты ма?

 - «100 нақты қадам» ұлт жоспарының 5 және 6-қадамдарын іске асыру шеңберінде мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысын төлеудің жаңа жүйесі сыналуда.

Пилоттың аралы нәтижелері оң кадрлық серпінді, сондай-ақ бәсекелестіктің мәнді өсуін көрсетеді.

Осылайша, Агенттік, Астана қаласы және Маңғыстау облысы әкімдіктері қызметшілерінің таза ауысу деңгейі (ағымдағы жылдың 2-тоқсанында) 2,1 есе, 1,8 және 2,3 есе төмендеді, ал бір орынға конкурс (ағымдағы жылғы 15 қыркүйектегі жағдай бойынша) 3,7 есе, 2,9 және 1,7 есе өсті.

Бұл ретте, Әділет министрлігі кадрлардың кетуінің ең төмен көрсеткішіне қол жеткізді.

Келтірілген деректер мемлекеттік қызметтің тартымдылығы мен беделін артуы жайлы куәландырады.

Пилотты іске асыру трансформациялық процестерді де іске қосты.

Астана қаласы мен Маңғыстау облысының әкімдіктерінде басқарушылық құрылымдарды оңтайландырды, бизнес процестерін автоматтандыру бойынша жұмыс жүргізілуде.

Сонымен қатар, жаңа еңбекақы төлеу жүйесіне толыққанды көшу үшін нормативтік құқықтық қамтамасыз ету пысықталуда.

Осылайша, ағымдағы жылдың 18 қыркүйегінде «Әкімшілік реформаны одан әрі жүргізу жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 29 наурыздағы № 304 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Мемлекет басшысының Жарлығына қол қойылды.

-  2018 жылғы 5 қазандағы Жолдауда сыбайлас жемқорлықпен белсенді күрес жалғасатыны айтылды. Жемқорлықпен күрес күшейген сайын, жемқорлар мен жемқорлық фактілер саны азаяр емес. Бұны немен түсірдіресіз?

- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыруға бағытталған, уәкілетті органнан басқа квазимемлекеттік сектор, қоғамдық бірлестіктер, өзге жеке және заңды тұлғалар жатқызылған, алғаш рет сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің шеңбері кеңейтілген «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң қабылданды.

Сыбайлас жемқорлықтың жүйелі алдын-алу мен болдырмау үшін мемлекеттік қызмет жөніндегі уәкілетті органның құрылымында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат Департаменті құрылды, оның жұмысының негізгі бағыттары:

-сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг;

-сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау;

-сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру болып табылады.

-Сондай-ақ, Агенттіктің ведомстовасында құқық қорғау органы ретінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы жұмыс істеуде.

Қоғамда сыбайлас жемқорлықты жалпы қабылдамауды қалыптастыру мақсатында, Агенттік және аумақтық департаменттер бірлесе әртүрлі мақсатты топтар арасында тұрақты негізде түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Есепті кезеңде 2 миллионнан астам адамның қатысуымен 47 700 мекемеге, оның ішінде 580 шетелдік компанияға дәрістер өткізілді. Мұндай ауқым еліміздің барлық өңірлерінде жұмыс істейтін жемқорлыққа қарсы мобильді топтарды тарту арқылы қамтамасыз етілді. Осындай іс-шаралар барысында мобильді топтарға 207 өтініш келіп түсті.

Мемлекеттік қызмет органдары мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың 20 жылдығына орай 7,2 мың білім беру ұйымында 86,5 студенттер мен білім алушыларға тиісті тақырыптарға бірыңғай сағаттар өткізілді.

Осындай түсіндіру жұмыстарының тиімділігінің дәлелі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске оқушылардың белсенді түрде қатысуы болды. Осылайша, өткен оқу жылында «Адал ұрпақ» клубтары 23 мыңнан астам іс-шаралар ұйымдастырды.

Алдағы оқу жылына «Адал ұрпақ» клубтарының басымдықтарын анықтау және оларға әдістемелік сүйемелдеу жүргізу мақсатында 3,9 мың мектептің тәлімгерлерімен кездесулер өткізілді.

Сондай-ақ, 4 мыңнан астам мектептің 40 мыңға жуық ата-аналары арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Студенттер арасындағы аталған жұмысқа ерекше көңіл бөлінеді.

Ғаламтордың әлеуетін де пайдалану қолға алынған. Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы нөлдік төзімділікті қалыптастыру мақсатында
94 вайн дайындалып, әлеуметтік желілерде жарты миллионға жуық қаралымға ие болды.

Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғаудың ақпараттық базаларын сәйкестендіру жұмыстары жүргізілді. Базалардың жетілдірілуі еліміз бойынша 2,5 млн.-нан астам қызмет алушы үшін әлеуметтік қорғау саласындағы барлық мемлекеттік қызмет түрлерінің жедел және сапалы көрсетілуіне игі ықпал етті, жұмыс берушілердің шетелдік жұмысшы күштерін тарту бойынша қызметтерді  басқарма қызметкерлерімен тікелей байланыссыз алуына мүмкіндік берді.

2018 жылдың  11 сәуірінде Агенттік пен сыртқы істер, инвестициялар және даму министрліктері арасында қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыру және инвесторлардың мемлекеттік билікке деген сенімін арттыру үшін ынтымақтастықты дамыту туралы меморандумға қол қойылды.

8 маусымда Инвестициялар және даму министрлігі жанындағы Инвесторларға қызмет көрсету орталығының алаңшасында Жобалық офис ашылды, Жобаны жүзеге асыруға жауапты тұлғалар бекітілді, барлық өңірлерде фронт-кеңселер құрылды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу бизнесмендер мен инвесторлардың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы келісімге қосылуы аясында жүзеге аспақ. Мұндағы жалғыз шарт – бизнесті адал жүргізуге келісу және сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне «нөлдік төзімділік» болмақ.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу жобасын түсіндіру бойынша бизнес қауымдастығымен 29 кездесу ұйымдастырылды.

 Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау

Агенттікпен орталық және өңірлік деңгейлерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тұрақты негізде талдау жүргізіледі.

Осылайша, ағымдағы жылдың алты айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдардың 139-ға жуық субъектілердің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізілді. Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою мақсатында мемлекеттік органдар, ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілеріне 1061 ұсыным енгізілді. Сонымен бірге олардың орындалу үлесі 77% (817) құрады.

Жоғарыда аталған талдау нәтижелері бойынша негізгі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды:

- қызметтің төмен ашықтығы;

- дискрециялық өкілеттіктер;

- мемлекеттік органдардың функцияларын жүзеге асыру тәртібінің жеткіліксіз регламенттелуі;

- бекітілген стандарттар мен регламенттерге мемлекеттік қызмет көрсету рәсімдерінің нақты сәйкессіздігі.

Мысалы, Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу кезінде Қостанай облысының Жітіқара ауданында «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 78-бабын бұза отырып, күту тізімдерінің тізбесінде мемлекеттік тұрғын үй қорынан немесе жеке тұрғын үй қорында жергілікті атқарушы орган жалдаған үйден тұрғын үй алу үшін уақытша тіркеу туралы ақпарат жоқтығы анықталды.

Күту тізімдері жазбаша түрде журналда қалыптастырылды. Сонымен қатар, журналдың нысаны және оны өткізу тәртібі, соның ішінде, басымдықты бұзғаны үшін жауапкершілік реттелмеген.

Өз кезегінде бұл тізімге көптеген түзетулер енгізуге мүмкіндік берді.Талдау нәтижелері бойынша Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына жоғарыда аталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша тиісті ұсыныстар енгізілді.

Аягөз Құрмаш 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды